
Атырау қаласының Сарықамыс ықшамауданының тұрғындары бір жылдан астам уақыт бойы облыс және қала әкімдерінің жеке қабылдауына кіре алмай жүргендерін айтады. Олардың сөзінше, инфрақұрылымдағы, әсіресе кәріз жүйесіндегі қиындықтарға қарамастан барлық щағым-тілектері жауапсыз қалып отыр.
«Біз бірнеше рет өтініш қалдырдық, кездесуге сұрандық, қабылдауға жазылдық. Үнемі уәде береді, бірақ нәтиже жоқ. Бізді әдейі айналып өтетін сияқты», — дейді тұрғындар.
Жақында өткен кездесуде Атырау қаласының әкімі Шакир Кейкин Сарыкамыс ықшамауданындағы кәріз мәселесін жауапты қызметтермен талқылағанын айтты. Ол алдағы дүйсенбіде салалық мамандардың қатысуымен тағы бір кездесу өтетінін, онда мәселені шешудің жол картасы қарастырылатынын жеткізді.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау -10