Атырау, 28 желтоқсан 01:13
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қысқа қайырғанда

1 588 просмотра

Атырауда салық және инвестиция жөніндегі халықаралық орталығы ұйымдастырған семинар болып өтті. Облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Б.Ғалиевтің айтуынша, онда дүниежүзілік қаржы дағдарысының салдарынан орын алған салық проблемалары талқыға салынды. Жоғарғы сот судьясы Р.Мамырбаев, облыстық соттың төрағасы М.Смағұлов, халықаралық сарапшы Д.Кейп және басқалар қатысып, салық және инвестиция жөніндегі халықаралық орталығының президенті М.Аханов сөз сөйледі.

***

Қалалық ветеринарлық инспекция қызметкерлері 15 әкімшілік іс бойынша заңсыз айыппұлдар салған. «Әкімшілік айыппұл салуға тек мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторлар ғана құқылы. Ал бұл 15 істі құзырлы емес лауазымды тұлғалар қараған», - дейді Атырау қаласы прокурорының аға көмекшісі К.Қайырғалиев.

***

Прокуратураның, сот орындаушыларының және ІІД-нің бірлесуімен өткізілген «Балаңды есіңе түсір – алимент төле» деп аталатын акция барысында кәмелетке толмаған 225 баланың пайдасына алименттен жалтарған әкелерден 2,5 млн теңге өндіріп алынған. Бірақ тізімде өз балаларына 37 млн теңгеден астам бережақ болған 78 адам қалып отыр.

20 қыркүйек 2012, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.