Атырау, 4 қазан 17:25
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Өтініштер арасы жер мен көктей

2 073 просмотра

Облыстық әкімдікте «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жобаларды субсидиялау (кепілдік ету) өтініштері қаралды. Бағдарламаның бірінші бағыты – банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлеме бөлігін мемлекеттік субсидиялау бойынша комиссия 5 жобаны қарастырды, оның 2-уі қабылданбады.

Мәселен, «Тексол Транс» ЖШС ВТБ бас банкінен (Қазақстан) «БанкЦентрКредит» АҚ-на қайта қаржыландырылады. Субсидиялауға жалпы сұралған сома – 13 млн доллардан астам. Алайда ұсынылған ақпаратқа қарамастан кәсіпорынның теміржол арқылы жүк тасымалдаумен айналыспайтыны анықталды. Дегенмен, облыстық статистика басқармасында, оның басшысы Әсия ҚЫСТАУБАЕВАНЫҢ айтуынша, негізінен «Тексол Транс» ЖШС-де қызметтің осы түрі тіркелген. Алайда түсініксіз себептермен кәсіпорын қызметтің қосалқы түрлері бойынша ғана есеп береді.

Атырау облыстық салық департаменті бастығының орынбасары Жамбыл СҰРАҒАНОВ 2 млрдтеңге баламасында сұралған сомаға кәсіпкер ұсынғандай 6 жаңа жұмыс орнын емес, одан да көп – 30-ға дейін жұмыс орнын құруға болатынын атап өтті. Нәтижесінде жоба құпталмады.

ТШО-ның қосалқы мердігері «Kuan Trans Logistics» ЖШС жобасы да бекітілмеді. Компания 2008 жылдан бері жұмыс істейді, 12 жаңа автобусы бар. Оның өкілінің айтуынша, резервтегі айналым қаржысы ретінде мемлекеттен субсидия алып пайдаланбақшы:

Кейде тапсырыс беруші (ТШО) ақшаны уақытында аудармайды, бізде негізгі несие мен салықтарды төлеуде қиындықтар туындайды. Адамдар жылдар бойына банктен несие ала алмайды, ал сіздер мемлекеттен ақша алып, оны артық қорға қалдырғыларыңыз келеді. Құптамау керек деген пікірдемін, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ.

Сіздерде мұнай компанияларымен тұрақты келісім-шарт, өз автобустарыңыз және біркелкі төмен мөлшерлемедегі несие бар. Сіздер шағын кәсіпорын емессіздер. Басқа несие желісін ашыңыздар, - деп қостады.

Атырау кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының төрайымы Әлия БЕКҚОЖИЕВА.

«ЖелДорТранс–Ақтөбе» ЖШС-ін (теміржол арқылы жолаушылар тасымалдау) бүкіл салықтар біздің облысымызда қалу үшін Атыраудан өкілдік ашып, қосымша жұмыс орындарын құру шартымен субсидиялауды құптады.

Жеке кәсіпкер Ерлан ЖАНИЯЗОВТЫҢ (мейманхана салу),«Медикер» ЖШС-нің («Қазақстанның халық банкінде» пайыздық мөлшерлемені 14-тен 12 пайызға дейін қайта қарау),жеке кәсіпкер Райра ҚҰМАРОВАНЫҢ (жеке бизнес субъектілеріне жетіспейтін инфрақұрылым жүргізу шеңберінде сыртқы электрмен қамту жүйесін салу) өтініштері құпталды.

Мәжіліс барысында Ғ.Дүйсембаев екінші деңгейлі банктерді субсидияланатын немесе мемлекет кепілдік беретін несиелер бойынша пайыздарды төмендетуге шақырды. «Алаша Атырау» ЖШС-нің (кәсіпкердің айтуынша, ол несиені алуға 6 жыл жүрген) жылыжай салу жобасын талқылау кезінде Дүйсембаев «Сбербанк» өкіліне:

 - Сіздер танкистер секілді танкте отырсыздар. Несиені жоғарғы 14 пайызбен бекітіп, кепілдік мүлігінің құнын төрт есе төмендеттіңіздер және «Даму» қорының кепілдігіне қол жеткіздіңіздер. Екі күн мұрсат алып, бас кеңсемен байланысыңыз да, несие мөлшерлемесін 12 пайызға дейін қайта қараңыздар,  -  деді зілмен.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

19 қыркүйек 2012, 19:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.