Атырау, 26 желтоқсан 01:12
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Қазақстанда ЭЦҚ қайта шығару ережелері өзгерді

126 рет қаралды
Сурет: freepik.com
Сурет: freepik.com

2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қайта шығару тәртібі жаңартылды. Бұл туралы Finratings.kz хабарлайды.

Ұлттық куәландырушы орталық (ҰКО) азаматтардың деректеріне заңсыз қол жеткізу мен алаяқтықтың алдын алу үшін міндетті қосымша тұлғаны растау механизмін енгізді.

Енді ЭЦҚ-ны pki.gov.kz порталындағы жеке кабинет арқылы «бір батырмамен» жаңарту мүмкін емес. Қайта шығару кезінде пайдаланушы қосымша тексеруден өтуі тиіс:

  • SMS-код — бір реттік пароль мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне жіберіледі;
  • eGov Mobile коды — eGov Mobile қосымшасы арқылы растау, бұл смартфонсыз ЭЦҚ-ны қайта шығаруды іс жүзінде мүмкін емес етеді.

ҰКО түсіндіргендей, бұрын қаскөйлер пайдаланушылардың жеке кабинеттеріне кіріп, ЭЦҚ-ны бөтен тасымалдағыштарға қайта шығара алатын. Жаңа жүйе қосымша «қорғаныс құлпы» ретінде жұмыс істеп, кілтті тек заңды иесінің алуын қамтамасыз етеді.

Айта кетерлігі, бұл өзгерістер әзірге Қазақстанның резиденттеріне ғана қолданылады. Себебі шетел азаматтарының телефон нөмірлері мобильді азаматтар базасында тіркелмегендіктен, SMS арқылы растау техникалық тұрғыдан мүмкін емес.

Кеше, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.