Атырау, 8 қараша 19:42
 бұлттыВ Атырау 0
$ 492.22
€ 529.38
₽ 5.03

Алаңға кіру тегін

1 969 просмотра

Үстіміздегі жылдың 18 қыркүйегінде қалалық қаржы бөлімі теміржол вокзалы мен автовокзал алдындағы алаңдарды және халықаралық әуежай терминалын «Атырау Кар Паркинг» ЖШС-нің сенімді басқаруына беру жөніндегі келісім-шартын бұзды. Енді ол жерлерде шлагбаумдар болмайды және автокөліктердің кіргені үшін ақы алынбайтын болады (оның бағалары мынадай: жеңіл көліктерге – 100 теңге,«Газельдерден» - 200 теңге).

2010 жылдың 16 наурызында-ақ  облыстық прокуратура осы келісім-шартты бұзу және аталмыш алаңдардың Жер кодексінің 26-бабына сәйкес, ортақ пайдаланудағы учаскелер болып табылатындықтан қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің балансына беру жөнінде қалалық әкімдікке ұсыныс берген еді. Осы жылдың 10 қыркүйегінде өткен мәжілісте қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВ қалалық қаржы бөліміне облыстық прокуратураның ұсынысын орындауды және халық үшін алаңды ашуды бұйырды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

20 қыркүйек 2012, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.