Атырау, 27 желтоқсан 17:03
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қала арасына - интернетпен

1 567 просмотра

Байланыс қызметкерлері 1 қазаннан бастап қалааралық байланыс үшін аз төлемақы алынады деп уәде беруде.

Абоненттердің аймақішілік және қалааралық телефон байланыстарына жұмсайтын шығындарын азайту ел шеңберінде екіаймақтық тарификациялауға көшуге мүмкіндік береді. Егер бұрын абоненттерге сұхбаттасушының аумақтық шалғайлығына қарай 5 түрлі тариф бойынша қалааралық сөйлесулерді төлеуге тура келсе, енді қашықтық маңызды болмайды. Қоңыраулардың барлығы – 1-аймақ - бір облыстың ішінде, 2-аймақ - одан тысқары деген принциппен төленетін болады. Осылайша, бір облыстың аудандары мен қалаларындағы абоненттердің арасындағы сөйлесулер минутына 5,5 теңге, түрлі облыстың абоненттері арасында – 7,7 теңге (жеке тұлғалар үшін) тұратын болады. «Қазақтелеком» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметінің жетекшісі Юлия ИСКАКОВАНЫҢ айтуынша, тұтынушылардың барлық тобы бойынша сөйлесу төлемақысының төмендеуі 10 пайыз құрайды.

Тариф секундпен есептеледі. Егер бүгінде Атырау мен Астана арасындағы сөйлесу минутының құны 9,4 теңге тұрса, жаңа тариф енгізілгеннен кейін ол 7,7 теңгеге дейін төмендейді.

Айтпақшы, республикалық статистика агенттігі ұсынған есептерге сәйкес, қазақстандықтар басқа қаладағы абоненттермен байланысу үшін ұялы телефон мен интернетті көп қолданады. Мәселен, қалааралық телефон байланысы қызметінен түсетін кірістер 2012 жылдың қаңтарында 3,58 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың тиісті мерзіміндегі көлемнен 4,1 пайызға аз. Жергілікті телефон байланысы қызметінен 3,42 млрд теңге табыс алынған. Бұл өткен жылға қарағанда 0,6 пайызға аз. Ал интернет пен ұялы байланысты пайдалану кең таралуда. Интернет ұсыну қызметінен түскен табыс 32 пайызға өсіп, 7,75 млрд теңге құраған, ал ұялы байланыс табысы – 15,8 пайызға өскен (25,7 млрд теңге).

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 қыркүйек 2012, 19:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.