Атырау, 28 желтоқсан 01:22
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Мұрагер екендігі дәлелденбеді

2 062 просмотра

Атырау облыстық соты марқұмның әке екендігін тану туралы іске нүкте қойды.

Қалалық сотта өзгеше іс қаралды: әкелігін анықтау фактісі әкесі болуы мүмкін деген адамның қайтыс болғанынан кейін жүргізілді. Ал баланың жасы бұл кезде 25-ке толған еді. Сот құжаттық дәлелсіз, куәгерлік жауаптардың негізінде оны марқұмның заңды ұлы деп таныды(«Мен де мұрагермін» АЖ №14, 2012 жыл 5 сәуір). Марқұмның жесірінің пікірінше, бұл тек мұраны – Привокзальныйдағы бір бөлмелі пәтерді, зейнетақы есеп-шотындағы ақшалар мен бұрын күйеуі жұмыс жасаған кәсіпорынның акциясын алу үшін ғана жасалып отыр екен. Сөйтіп, ол өзінің мұраға ие болу құқығын қорғау үшін күресуге бел буды.

Биылғы жылдың 2 наурызында Атырау қаласы прокурорының міндетін атқарушы Әсет БЕКНАЗАРОВ қалалық соттың шешіміне қатысты өз қорытындысын шығарды. Прокурордың пікірінше, жас жігіттің сөзі расталмаған, атап айтқанда, үй кітабы жоқ, ортақ шаруашылық жүргізгендігі туралы мәліметтер болмаған.

- Тұлғаға өзінің әке екенін растайтын нақты фактілер - баланы өзінің баласы деп атаған оның хаттары, сауалнамалар (балабақшаға, мектепке), ашықхаттар, аудио және бейнежазбалар, фотосуреттер болуы мүмкін. Бұл дәлелдер іс материалдарында жоқ. Сот негізінен арыз берушінің түсініктемесін басшылыққа алып, ол ұсынған куәгерлерге сауал қоюмен шектелген, - дейді марқұмның жесірінің адвокаты  Ирина СУТЯГИНА.

6 наурызда Атырау облыстық сотының апелляциялық сот алқасы қалалық соттың 2012 жылғы 17 қаңтардағы шешімін бұзып, істі қайта қарауға жолдады.

Сот ісі 8 айға созылды. Іс толық қаралғаннан кейін және бүкіл куәгерлерден жауап алынғаннан соң сот В.З-ның әке екендігін анықтау туралы И.Г-нің талап-арызын қанағаттандырмауға шешім шығарды. Талап-арыз беруші марқұм В.З. оны өзінің ұлы екендігі туралы, әке ретінде оның физикалық және рухани дамуына қамқорлық жасағаны, тәрбиесіне, білім алуына қатысқаны мәлім болатын бірге түскен фотосуретін, хаттарын, жазбаларын ұсына алмаған. Сот куәгерлердің – туыстарының, таныстарының, достарының жауаптары И.Г.-ға қатысты В.-З.-ны әке деп тануға нақты дәлел бола алмайды деп есептеді. Бұл жағдайда сот талап-арыз берушінің арызын негізсіз деп таныды. Жас жігіт апелляциялық, содан кейін кассациялық шағым берген еді. Тиісті сот инстанциялары облыстық соттың шешімін өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдырды. Сөйтіп сот шешімі таяуда өз күшіне енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 қыркүйек 2012, 23:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.