Атырау, 27 желтоқсан 16:44
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қай әдіс тиімді?

1 514 просмотра

Атыраулықтар сотқа sms арқылы шақырылмақ.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, бұл пилотты жоба қыркүйектің аяғына дейін жүзеге асырылатын болады.

Бізде электронды құжат айналымы қолданыста, - дейді ол. – Жүйеде әр істің кәртішкесі бар. Кәртішкеде барлық тараптардың байланыс деректері жазылған. Оларға сотқа бару керек болса, біз күнін, уақытын, кім ретінде, қандай іс бойынша қатысатынын, судьяның фамилиясы мен байланыс телефонын жазамыз да жібереміз. Біздің электронды жүйенің өзінде «sms арқылы жіберу» қызметі бар. Мұндай күйдегі шақыру қағазының мөр мен қол қойылған құжат секілді заңды күші болады.      

Қыркүйектің аяғында судьялар бұрынғы телеграмма жөнелту немесе sms-хабарлама жіберу әдісінің қаншалықты тиімді екенін анықтайтын болады.

Анастасия ПАСТУХОВА

19 қыркүйек 2012, 19:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.