Атырау, 28 желтоқсан 00:59
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Мусиннің көмекшісі «құрылысқа» кетті

2 325 просмотра

Үкімет қаулысымен Мәди ИСМАИЛОВ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары боп тағайындалды. Агенттікке төрағаның жаңа орынбасарының ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің көмекшісі лауазымынан келгендігі ресми хабарламаларда айтылмағандығы болмаса, бұл жай ғана ақпарат секілді көрінеді.

Әрине, шенеуніктерді кадрлық тағайындаулар жиі орын алып тұрады, бұл қалыпты жағдай. Алайда, аппарат тәжірибесі көрсетіп отырғандай, тәжірибелі көмекшілер өздеріне қажетті ақпаратқа бірінші боп қол жеткізіп, қожайыны (бұл жағдайда – Аслан МУСИН) жұртшылық пен саяси элитаның көз алдында әлі де әлдеқандай құдіреті және ықпалға ие болып үлкен орында отырған кезде өздеріне басқа жұмыс табуға тырысады.

Президент әкімшілігінің қазіргі жетекшісі біздің мұнайлы аймақтың әкімі боп тұрған кезде аталмыш агенттіктің төрағасы Серік НОКИННІҢ оның орынбасары боп қызмет атқарғаны атыраулықтардың есінде.

Аппарат тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көмекшілер - өз бастықтарының соңдарынан ажырамай ілесетін шенеуніктердің ерекше тобы. Сол Мәди Исмаилов, мәселен, Ақтөбе облысының әкімі Мусиннің аппарат жетекшісі, содан кейін Атырауда оның көмекшісі, ал президент әкімшілігінде - президент әкімшілігі секретариаты меңгерушісінің орынбасары болды. Айтпақшы, әлі күнге дейін ол жерге адал серіктесі, бұрын екі облыста да Мусиннің бірінші орынбасары болған Виктор СУПРУН басшылық етеді. Күні кеше ғана парламент қабырғасында Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі сыбайлас жемқорлық мәселелеріне қатысты қызбалана сөйлеген Мәжілістегі «Нұр отан» фракциясы төрағасының бірінші орынбасары Ерген ДОШАЕВТЫ да айтпасқа болмайды. Ол дәл осы мәселеге қатысты президент баяндамасына ілініп, сол кезде туған жері Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағынан айырылғанын ұмытқан секілді. Осы орайда «жығылған сүрінгенге күледі» деген мақал еріксіз еске түсіп отыр. Ол да атыраулықтардың есінде жақсы сақталып қалған.

Өз ақпаратымыз

20 қыркүйек 2012, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.