Атырау, 31 наурыз 21:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 448.05
€ 486.58
₽ 5.82

Өзен суы 14 адамның өмірін қиды

2 284 просмотра

1 қыркүйекте облыстың су қоймаларына шомылу маусымы аяқталды. Облыстық судан құтқару қызметі судағы қайғылы оқиғаларды және судан құтқару статистикасын келтірді.

2012 жылдың жазында 14 адам суға кетті: 8-і Атырауда, 2-і Махамбет, 2-і Құрманғазы және 2-і Жылыой аудандарында. Осынау азалы тізімге 3 маусымда Махамбет ауданы Бейбарыс селосының маңында өзенге құлаған «Нива» автокөлігінен шыға алмай қалған 5 жас жігіттің өлімі енген жоқ. Судан құтқару қызметіндегілер хабарлағандай, бұл жайт жол-көлік оқиғасы ретінде тіркелген.    

Судан құтқару қызметінің жұмысшылары 13 адамды судан құтқарған. Әсіресе олар орталық көпірді мұқият бақылауға мәжбүр. Осы жазда жастар одан 3 рет секірген: бір қыз бала өз-өзіне қол жұмсамақ болса, екінші қыз бәстескен және анықталмаған себеппен тағы бір жігіт секіріпті. Бәрі де тірі қалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 қыркүйек 2012, 19:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.