Атырау, 28 желтоқсан 01:56
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қысқа дейін үлгереді

1 612 просмотра

Терможаңғырту бойынша сапасыз жұмысты жүзеге асырған мердігердің қызметінен бас тартқан Авангард-2 ықшам ауданындағы №7 үйдің (суретте) тұрғындарына жылу енді біраз уақытқа кешіктіріліп берілуі мүмкін.  

Осы үйге қызмет көрсететін «Әнуар-Авангард» ПИК төрайымы Людмила ШАРОВАТОВАНЫҢ айтуынша, мердігер жертөлені  қоқыстан тазартпастан үйдің қасбетін тіпті, оның түсіп тұрған жерлерін алдын-ала қырып тастамай, сылақтарын қайта жақпастан бояп тастаған. Солай жағылған бояу бәрібір жарты жылдан соң жоғары қабатымен қоса түсіп қалады, ал терможаңғырту бойынша жүргізілетін жұмыстар үшін тұрғындар мемлекеттен 10 жыл мерзімге қомақты несие алды. Сондықтан да жұмысты сапасыз жүргізген мердігермен арадағы қарым-қатынас 21 тамызда тоқтатылды.

Бұл уақытқа дейін жұмысшылар үйдің жертөлесіндегі жылу жүйесін және ескі шатырды ауыстырып үлгерді. №7 үйдің тұрғындарының қала әкіміне жазған хатында  олар өздеріне көршілес №11 үйге терможаңғырту жүргізген мердігерді тағайындауды өтінді. Содан бері бір айдай уақыт өтті, бірақ мәселе әлі шешілген жоқ. 

Терможаңғырту жөніндегі жұмыс операторы - «Үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» КМК директоры Әлима УӘЛИЕВАНЫҢ айуынша, мердігерді ауыстыру үшін үлкен бір жұмыс процедурасы керек. Жекелей алғанда, үй тұрғындарының көпшілігінің қолы керек. №7 үйге тұрғындарға ұнаған мердігер «Еуразия-Құрылыс» ЖШС-ін бекіту жөніндегі мәселе шешілді.

Ә.Уәлиева №7 үйдегі барлық жұмыстар жаңбыр мен салқындық басталғанға дейін аяқталады деп уәде етті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

20 қыркүйек 2012, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.