Атырау, 11 қараша 01:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Сағымға айналған үйлер

2 490 просмотра

Олар осыдан 5 жыл бұрын өздері армандаған баспананың шаршы метрлері үшін 100 пайыз төлем төлеген еді. Бірақ әлі үй жалдап тұрып келеді. Соңғы онжылдықтағы ұзақ уақыттан бері салынып келе жатқанең көрнекті құрылыс - Тайманов-Жарбосынов қиылысындағы 120 пәтерлік тоғыз қабатты үй сағымсекілді қаланың қақ ортасында көгілдір тартып,өз қожайындарына қол жеткізер емес.

ШЫДАМНЫҢ ШЕГІ

Осы күзде шыдамның шегі жеткен секілді. Бірнеше үлескерлер өзара келіспестен, бір-бірлеп және топтасып телефонмен, аяқтай және пошта арқылы редакцияға хабарласқан еді.

«2008 жылдан бастап бізге өз үйімізді әлі тапсырмай отыр. Тек биылдың өзінде тапсыру уақыты әлденеше рет өзгерді. Қазір қыркүйек айы, ал үйге әлі кәріз жүйесі, су құбыры, жарық, газ қосылған жоқ. Жуу-шаю жұмыстарын өз есебімізден жасадық. Үстіміздегі жылдың наурызынан бастап үй құрылысына жауап беретін компания – «Строй Групп LTD» ЖШС жабық тұр. Біз Астана қаласындағы бас кеңсеге қоңырау шалдық. Ол жерде «Строй Групп LTD» ЖШС бастығы Мағауия НҰРЫМБАЕВ ешқашан өз жұмыс орнында болмайды. Ол демалыста не жиналыста немесе сырқаттанып қалады... Тіпті ең болмағанда жаңа үйдің жағдайын білу үшін де оны ұстай алмай отырмыз. ЖШС инженері Қырым Есқожанұлы мырза бізді уәдемен тойғызып келеді. Қазіргі кезде біздің үйімізбен «Строй-Монолит» ЖШС компаниясы айналысады екен, оның өкілі Иван ПЛЮШКИН де уәде беріп, бірақ ештеңе жасамай отыр. Құрылыс қозғалыссыз тұр, ешқандай жұмыс көрінбейді.

Үлескерлердің көпшілігі пәтер жалдап тұрады, бұл ай сайын 90-100 мың теңгеге шығады. Біз жалдау үшін төлеп отырған қаржымызды құрылыс салушының бас кеңсесі төлесін деген талап қойғымыз келіп отыр. Өйткені төрт жыл бұрын өз пәтерлеріміздің қожайыны болуға тиіс бізді баспана жалдауға мәжбүр етіп отырған солар ғой.

Тайманов-Жарбосынов көшесі, 62 А мекен-жай тұрғындары».

 

«ТӨЛЕУ ҒАНА ҚАЛДЫ»

Мені күтпеген жерден Мағауия Нұрымбаев мырзамен оның хатшысы төртінші рет қоңырау шалғанымда байланыстырды. «Строй Групп LTD» компаниясының директоры болашаққа сеніммен қарайды екен, алайда фирманың қаржы проблемасы бар екенін де теріске шығармады:

–Соңғы жылдың ішінде жоба едәуір ілгері жылжыды. Үйді аяқтаймыз, тек магистральды кәріздік торапқа қосылу ғана қалды. Қазір арынды коллектор мәселесі шешілуде. Әрине, ұсақ кемшіліктер бар, бірақ олар болмашы ғана. Бір ай жарым уақыттың ішінде біз бұл нысанды толықтай аяқтап, мемлекеттік комиссияға шығамыз деп ойлаймын.

– Сонда барлық  коммуналдық қызметтер қосылған ба?

– Бәрі: телефон, су құбыры. Электр энергиясына қатысты мәселе жалпы шешілді, жылуға қатысты да солай.

– Сіздердің болжамдарыңыз бойынша адамдар әрлеу жұмыстарына қашан кірісе алады (үй алғашқы нұсқада тапсырылады – З.Б.)?

– Құдай қаласа, келесі аптада кәріз жүйесіне қатысты мәселені шешеміз де, бірден суды қосамыз, әйтпесе суға кетіреміз. Адамдар бір апта немесе он күннен кейін жөндеуге кірісе алады деп ойлаймын.

– Мен қызмет көрсетушілерге сауал жолдаған едім. Су дайындайтын «Атырау Су Арнасы» кәсіпорны бұл үйдің су құбырының коммуналдық жүйесіне қосылғанын растады, бірақ: «Құрылыс салушы кәріз жүйесінің коммуналдық жүйесіне қосылуға әлі өтініш берген жоқ» деді. «Атырау Жарық» энергетика компаниясына да қатысты солай. Олардың мәліметі бойынша, Жарбосынов, 62 А мекен-жайын қосуға құжаттар әлі түскен жоқ.

– Өкінішке орай, бізде олардың алдында қаржылық міндеттемелеріміз бар екенін және олар әзірге төленбегенін жасырмаймын. Бірақ жалпы мәселелер шешілді, келісімдер жасалды. Енді төлеу ғана қалды.

Осы процедураны нақтылауға қатысты құрылыс салушы ырымшыл боп шықты. Ол мерзімін атаудан бас тартты. Әлде шынымен де ақшаның болатын-болмайтынын және оның қашан болатын білмей ме екен? Ал құрылыс алаңындағы ахуалға қарағанда, бар мәселе осында жатыр. Подъезд алаңдарына әлі төселмеген кафельді және жеделсатылардың сыланбаған жақтауларын есептемегенде, жалпы үйді дайын деуге болады. Материалдар мен жұмыстардың сапасы қандай екені екінші кезектегі мәселе. Бір шаршы метр үшін 900 доллардан төлеген адамдар сапаның нашарлығына да мойынсұнған, оларға тек өз баспаналарына қол жеткізіп, көшіп барса болғаны.

 

СОҢҒЫ КҮЗ

Менің үстірт пікірімше, бұл жұмыстардың құны аз ақша тұрады. «Мәселе шешіліп тұр», бірақ төленген жоқ деген қаржылық тұрғыдағы ауқымды проблема – электр энергиясын қосу. Иван Плюшкин мырза тәжірибесі мол жан ретінде (ол бұл бизнеспен көптен айналысып келеді және ұмытпасам, Атыраудан біршама көп қабатты үйлер салды) тұтқаны ақыры көтерген жоқ. Ал мен құрылыс орнына барған кезде телефонын мүлдем ажыратып тастады. Бірақ маған оның орынбасары Амандық ЖҰМАХАНОВПЕН хабарласудың сәті түсті. Айтпақшы, енді бұл «Жолбарыс ПМП» ЖШС, декорациялары өзгергенмен, кейіпкерлері сол қалпында.

- Бізге трансформаторлық қосалқы стансаны тұрақты алаңға көшіріп, арынды коллектор мен шағын кәріздік сорғы стансасын салу ғана қалып отыр. Бұл үшін бәрі де дайын (өз сөзін растау үшін Амандық болашақ кәріз жүйесінің сорғы стансасына арналған алаңқайды және осы жерде сақталған бетон дөңгелектерді көрсетті).

- Ендеше неге салмайсыздар?

- Білмеймін, бұл сұрақтың маған қатысы жоқ, Астанаға хабарласыңыз.

- Жұмыстар төленді ме?

- Ештеңе айта алмаймын, сізге Иван Владимировичпен сөйлесу керек.

- Биылдың өзінде үйді тапсыру қаңтардан наурыз айына шегерілді. Сіздер шамалап көрсететін уақыт бар ма?

- Айтып өткенімдей жұмыстар көп қалған жоқ. Қазан айының ортасында аяқталады деп жоспарлап отырмыз.

Бола ма, жоқ па, қалай еткенде де үйді жылу жүйесіне қосу керек, әйтпесе бүкіл жылыту жүйесі істен шығады. Атырау мен Астанадағы екі сұхбаттасушым айтып өткен қазан айының ортасы шынымен де олар белгілеген шектеулі меже секілді. Алайда бұл хикаяның «соңғы мерзімдері» бұрын да болған еді.

 

ТЕГІН ЖАТҚАН НӘРСЕ ЖОҚ

Дегенмен де, бұл да соңғы мерзім болмауы мүмкін деп болжауға негіз бар. «Атырау Жарық» АҚ президенті Айвар РАХМАНОВ комментарий берген болатын.

- Құрылыс салушы компания энергішілермен ауызша келісім жасалғанын меңзеп отыр. Бірақ стандартты процедуралар бар ғой. Оларды сипаттап берсеңіз және шамамен қосу уақытын атасаңыз.

- Бұл үйге қатысты бізге ешкім хабарласқан жоқ. Іс жүзінде бәрі де қарапайым: құрылыс салушы салынған үйді электр энергиясымен тұрақты қамтуға техникалық шарт беру өтінішімен шығады. Әдетте бұған екі аптадан көп уақыт кетпейді. Содан кейінгі шаруа атқарушының еншісінде. Бар болғаны 4 қадам жасалады: техникалық шартты алу; жобаны жасақтап, мақұлдату; жоба бойынша жұмысты атқару; электр қондырғысына қосу үшін рұқсат алу. Үй үлкен, тұтыну қуаты 100 кВт-қа шығады, демек, рұқсатты Мемлекеттік энергетикалық қадағалау қызметі береді.

- Сіздің тәжірибеңіз бойынша, егер құрылыс салушы бүгінгі күннен бастап белсене әрекет етуді бастаса, ол айтылған бір жарым айға үлгере ме?

- Оларға жыл аяғына дейін осы жұмыстарды аяқтауға жазсын.

Рахманов тіпті осы жұмыстардың сомасын шамамен атаудан да бас тартты, бірақ оның қомақты екенін растады.

Үйді жақын маңдағы (Исатай-Махамбет алаңы маңындағы) РП-17-ге қоспайтындығын ескерсек (энергішілердің айтуынша, оның жүгі артық), әңгіме ондаған миллион теңге туралы болып отыр.

Қайта кәріз жүйесін қосу мәселесі қарапайым көрінеді: «Атырау Су Арнасы» КМК өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Виктор ГИЛЬГЕНБЕРГТІҢ айтуынша, егер құрылыс салушы өтініш беріп, арынды коллекторды қалалық коллекторға қосуға дайын екенін растаса, қосылудың өзі 3 күннен артық уақыт алмайды екен. Бұл жұмыстардың құны, Гильгенбергтің айтуынша, болмашы ғана.

Үйге табиғи газ тарту өтініші, «Жолбарыс ПМП» ЖШС директорының орынбасары Жұмахановтың айтуынша, газ берушілерге шілде айында берілген:

- «ОблТрансГазды» қайта құру басталды да, мәселе шешілмей қалды. Бірақ біздің келісіміміз бар, ойымға қатысты жоспарладық, қала бойынша газ беру ажыратылатын кез - 26 қыркүйекті күтеміз. Газ құбыры желісіне қосылу үшін осы күндерді пайдаланғымыз келеді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

20 қыркүйек 2012, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.