Атырау, 23 желтоқсан 11:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Дау туғызған табель

– Біздің ЖШС-де жұмыс уақытын есептеу табелін екі адам: учаске бастығы (прораб) мен шебер (директордың туысы) жүргізген еді. Нәтижесінде жалақы шебер жасаған табель бойынша есептелді. Онда сағаттар қиып тасталған болатын. Табельді кім жасауы тиіс? 12 желтоқсан 2012, 23:06 2 611 рет қаралды
Кешіктіру себеп емес Сұрақ-жауап

Кешіктіру себеп емес

–  2009 жылы мен жүктілігіме байланысты демалысқа шықтым. Бала күту демалысында болғанымда тағы да жүкті болдым. Осыған байланысты мен ақысыз еңбекке жарамсыздық бетшесін рәсімдедім, жұмыс беруші оған қолын қойды. Одан кейін мен баланың жасы 3-ке келгенше бала күту бойынша ақысыз демалыс беру жөнінде арыз жазғанымда күнді шатастырып, оны жарамсыздық бетшесінің мерзімі  аяқталғаннан кейінгі 10 күннен соң  жазыппын. Жұмыс беруші осыны пайдаланып мені жұмыстан шығара ала ма? 5 желтоқсан 2012, 18:00 2 376 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Атамның атын алсам деймін

– Ата-анам менің тегімді бабамның атына жаздырған. Қазір мен оны атамның атына ауыстырғым келеді. Атырау АХАТ бөлімінде маған атамның әкесінің аты көрсетілмегендіктен ауыстырып беруден бас тартты. Бұл ауыстырмауға себеп бола ала ма? 5 желтоқсан 2012, 18:47 2 319 рет қаралды
Жобадағы өзгерісті заңдастыруға болады Сұрақ-жауап

Жобадағы өзгерісті заңдастыруға болады

– Пәтерімізді сатқымыз келген. Бірақ жоспарда жуынатын бөлме мен дәретхана бөлек көрсетілген, ал іс жүзінде бірге. Біз бұл пәтерді он жыл бұрын өзіміз сатып алғанбыз. Санитарлық тораптарды бұрынғы қожайындары біріктіріп жіберген. Жоспардағыдан бөлек айырмашылық болғандықтан, пәтерімізді сата алмай отырмыз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта панельді үйлерді қайта жобалауға тыйым салынған деп естідік. Біріккен торапты заңдастыру үшін не істеуіміз керек? Бұл жобалауды біздің жүзеге асырмағанымызды қалай дәлелдейміз? Енді бізге қандай жауапкершілік жүктеледі? 28 қараша 2012, 16:21 1 923 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ата-аналардың құқығы бірдей

– Ажырасқаннан кейін бұрынғы жұбайым екі баланы алып, селода тұратын өз анасының қолына кетті. Ол жерде ешқандай жағдай жоқ. Оның үстіне ол маған балаларыммен кездесуге және демалыс күндері алып кетуіме рұқсат бермей отыр. Оның өзі еш жерде жұмыс жасамайды, тіркелген тұрақты мекен-жайы да жоқ. Мұндай жағдайда әкесі балаларға деген өз құқығын талап ете ала ма? 14 қараша 2012, 18:07 3 323 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Еңбек етпесең, елге өкпелеме

– Менің жұмыссыз жүргеніме бір жылдан асты. Өткен жылы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барғанымда маған осында есепке тұруым керектігін және кейін мені қандай да болмасын бір мамандыққа оқытатындықтарын айтқан еді. 2011 жылдың 11 наурызында мен жұмыссыз ретінде халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) барып (тіркелген нөмірім 02116712) тіркелдім. Бірақ, маған бүгінгі күнге дейін жұмыс не қайта оқыту жөнінде бірде-бір ұсыныс келіп түскен жоқ. Бәлкім, менің деректерім жоғалып кеткен болар? Оны қалай тексеруге болады? 24 қазан 2012, 22:46 3 985 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сот шешімі болса жарайды

– Мен күйеуіммен 2003 жылы ажырастым, сол кезде қолыма ажырасу жөніндегі сот шешімінің көшірмесін алдым. Енді қазір жаңа некеге тұрғым келеді, бірақ, хал-актілерін тіркеу бөлімінде біздің өтінішімізді алудан бас тартып отыр, өйткені, менде ажырасу жөніндегі куәліктің түпнұсқасы жоқ. Оны қайдан алуға болады?  24 қазан 2012, 23:25 2 349 рет қаралды
Тышқаннан құтқарыңдар! Сұрақ-жауап

Тышқаннан құтқарыңдар!

– Біз Балықшыдағы А.Байжігітова көшесіндегі №74 үйде тұрамыз. Бұрын біздің үйіміздің қарсысында өткен жылы күреліп кеткен №72 үй болған еді. Енді күрелген үйдің орнында түзілген құрылыс қоқыстарында пайда болған тышқандар тыныштық берер емес. Оның үстіне жартылай шіріген еден тақтайларынан, линолеумнен, тұрбалардан және т.б. аңқыған сасық иістен тыныстау мүмкін емес. Күрелген үйдің аумағы қашан тазартылады? 10 қазан 2012, 18:37 3 566 рет қаралды
Орталықтың әзірге мөрі жоқ Сұрақ-жауап

Орталықтың әзірге мөрі жоқ

– Мен жер телімін сатып алған едім. Уақытша мемлекеттік актіні тұрақты актіге қайта рәсімдеу үшін Сәтбаев бойындағы халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Бірақ ол жердегілер мөрді ауыстырып жатырмыз деп, құжаттарды қабылдамады. 10 күн өтті, құжаттарды әлі қабылдаған жоқ. Бұған қандай себеп? 10 қазан 2012, 18:42 2 812 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сауықтыру жәрдемақысы жылына бір рет беріледі

– Мен 2011 жылдың қаңтарында химиялық зертханаға жұмысқа орналасқан едім. Алғашқы еңбек демалысымды 2012 жылдың қаңтарында алдым. Демалыс ақысымен бірге маған сауықтыру жәрдемақысын төледі. Сол уақыттан бері 6 ай өтті, мен қайтадан демалысқа шықпақшымын. Бірақ есеп бөліміндегілер биыл алдың деп маған сауықтыру жәрдемақысын аударудан бас тартып отыр. Олардың айтуы дұрыс па? 10 қазан 2012, 18:46 3 286 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Түбіртектегі «түсінбестіктер»

– Судың (салқын сумен қамту жүйесі) бағасына қатысты мәселені анықтап берсеңіздер екен. Былай қарағанда үнемдеу керек дегендей, бұл да дұрыс сияқты. Бірақ бізді үнемі алдауға тырысады. Соның ішінде «Атырау Су Арнасына» қатысты айтқым келіп отыр... 26 қыркүйек 2012, 22:08 1 903 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Берекетсіз көршілер

– Біз Азаттық, 80 мекен-жайында тұрамыз. Үйіміздегі екі пәтер жарты жылдан бері тәулікпен немесе жеңіл жүрісті қыздарға жалға беріледі. Біз мұндай көршілерден шаршадық. Полицияға шағымданған едік, бірақ ешқандай өзгеріс жоқ. Пәтер қожайыны кешікпей алаңды босататынын айтып уәде берген болатын, бірақ бұдан әрі шыдай алмаймыз. Ұйқысыз түндер, балаларымыз көріп, естіп жүрген тәртіпсіздіктер... тыйылар емес. Көппәтерлі тұрғын үйлерде мұндайға жол беруге бола ма? 26 қыркүйек 2012, 22:09 2 149 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үш ай сусыз отыр

Біз, Запорожский өткелі тұрғындары, сусыз отырғанымызға  3 айдай уақыт болды. Осы уақытқа дейін көшенің басынан тасып әкелеміз. Тозығы жеткен темір тұрбаны пластикалық тұрбаға ауыстырамыз деп ауыз судың берілуін тоқтатқан еді. Күн салқындап, жылу қосатын уақыт та жақындап келеді. Су неге берілмей жатыр? Қашан беріледі? 26 қыркүйек 2012, 22:11 1 977 рет қаралды
«Торды» бассаң болды Сұрақ-жауап

«Торды» бассаң болды

– 50-ден немесе 30-дан басталатын телефон нөмірін теру барысында тұтқадағы гудок бірден пайда болады. Ал, 28, 27, 21-ден басталатын нөмірлерді тергенде гудок бірден шықпайды, кейде тіпті, оны бір минуттап күтуге тура келеді. Бұл немен байланысты?  19 қыркүйек 2012, 23:02 2 251 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Конкурспен қабылданады

– 1 қыркүйектегі жиында директор оқушыларға енді біздің №31 мектеп Назарбаев мектебі болады деп мәлімдеді. Бұл нені білдіреді? Осыған байланысты мектеп әкімшілігін, педагогикалық ұжым мен оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр? Біздің білуімізше, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Нұрсая ықшамауданында салынып жатыр ғой. 12 қыркүйек 2012, 23:41 3 742 рет қаралды
Көлік қызметкерлеріне тыйым бар Сұрақ-жауап

Көлік қызметкерлеріне тыйым бар

– Өткен жұма күні таңертең «Светлана» аялдамасында 6-маршрут кассирінің автобустағы оқушыларға арналған орын саны шектеулі деп, екі оқушыны автобусқа мінгізбегеніне куә болдым. Егер бұл тасымалдау ережесін бұзу болса, қайда шағымданған жөн? 12 қыркүйек 2012, 23:42 2 389 рет қаралды
Туа сала төлқұжат алады Сұрақ-жауап

Туа сала төлқұжат алады

Биыл төлқұжатымды ауыстыруым қажет. Екі сәбиімді де құжатыма тіркеп қойған. Үлкен балам 10 жаста, кішісі 4-те. Оларды менің құжатыма тіркеудің мәні бар ма немесе оларға жеке құжаттар рәсімдейтін уақыт келді ме? Неше жастан бастап балаларда жеке төлқұжат болу керек? 5 қыркүйек 2012, 21:42 2 675 рет қаралды
Міндеттемейміз-ау, ұсынамыз Сұрақ-жауап

Міндеттемейміз-ау, ұсынамыз

Мен 2008 жылы Белоруссиядан «Опель-Агила» маркалы машинасын сатып алған едім. Енді маған ол үшін 12 пайыз қосымша құн салығын төлеу керек. Оны салық қызметінде есептеу үшін мені көліктің құнын бағалатуға Сауда-өнеркәсіптік палатасына жіберді. Ол жердегілер көлікті асыра бағалады: мен оны 885 мың теңгеге сатып алып едім, ал оны 1 млн 600 мың теңгеге бағалады. Сонда қосымша құн салығы 200 мың теңге болады. Неліктен тәуелсіз үш бағалаушыға бағалатып, солардың бағаларының негізінде орташа құнды шығаруға болмайды? 5 қыркүйек 2012, 21:47 2 555 рет қаралды
Зейнетақы мөлшері Сұрақ-жауап

Зейнетақы мөлшері

Зейнеткерлікке шығатын 58 жас та жақындап қалды. Көп жылдан бері 2-топ мүгедегімін, 18 жылдан бері жұмыс жасамаймын.  Мүгедектікке дейін жасаған 20 жыл жұмыс өтілім бар. Жасыма байланысты маған қандай мөлшерде зейнетақы тиесілі? 5 қыркүйек 2012, 22:29 1 935 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Келісім-шартпен байланыс

– Біздің компания Балықшыдағы өзен портынан Теңіз кенішіне дейін жаңа жүк жолын салып жатыр. Жылыой ауданындағы ұялы байланыстарға қатысты Beeline мен Kcell операторларына қояр сұрақтарымыз бар. Ескі Қаратон поселкесінен Қарсақ кенішіне дейін ұялы байланыс мүлдем жоқ. 29 тамыз 2012, 19:48 2 609 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тұрғындар әкімге хат жолдапты

- Запорожский өткелі бойындағы біздің үйлерімізде үнемі су мен электр энергиясына қатысты проблема туындап отырады. Біз бірнеше рет қалалық әкімдіктің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне және «Атырау-Жарық»АҚ басшылығына шағымдандық. Бірақ, әзірге жағдай өзгере қойған жоқ. 22 тамыз 2012, 22:29 3 579 рет қаралды
Сұрақ-жауап

ПИК-ке хабарласыңыз

– Дружба көшесіндегі №2 үйде салқын суға қатысты үнемі проблемалар орын алады. Шілденің шіліңгірінде ыстық суды пайдалану мүмкін емес. Жертөле желілері апатты жағдайда, үйдің сыртындағы канализацияның иісінен терезе аша алмайсың. Бұл қашанғы жалғаспақ? 1 тамыз 2012, 22:04 1 959 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Еңбек демалысын ала аласыз

– Мен қала базарларының бірінде кассир боп жұмыс жасаймын. 6 тамызда босануға дейінгі демалысқа кетпекпін. Әр жыл сайын еңбек демалысымды тамызда алатын едім. Енді бұл демалыс жүктілік демалысыммен сәйкес келіп тұр. Маған босанғанға дейінгі және кейінгі демалыстар төлене ме? 1 тамыз 2012, 22:14 3 693 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Коллектор жұмыс істеп тұр

– Қаженбаев көшесіндегі 1, 2, 3-үйлердің ауласында канализацияға қатысты қыстан бері проблемалар орын алып келеді, аула үнемі лас суларға толады. Санэпидқызмет қайда қарап отыр? «АСА»-дағылар тек көмектесуге уәде береді. Облыс әкімінің блогынан жауап келтірейік: «2012 жылдың 8 мамырында «Атырау Су Арнасы» КМК-ның канализациялық жүйелерді пайдалану қызметі Қаженбаев 1, 2, 3-үйлердің ауласындағы өздігінен ағатын коллекторларды тазарту жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезде канализациялық коллекторлар аталмыш аудандарда қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр». Бірақ бұл олай емес! 1 тамыз 2012, 22:17 2 054 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Анықтаманы сот арқылы алуға болады

– Менің қызым декреттік демалысқа шыққанға дейін 7 ай бойы «Көктем» базарындағы жиһаз бөлімінде сатушы болып жұмыс жасады. Есеп-қисап жұмысын жасап, оны интернет бойынша жіберіп отырды. Декреттік құжаттарын дайындау барысында мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы одан жұмыс орнынан анықтама сұратқан, ал дүкен қожайыны оны беруден бас тартты, өйткені, ондай жағдайда салық органдарына қатысты проблемалар (ол еңбек шартын жасамаған және әлеуметтік жарналарды аудармаған) туындап қалмақшы. Мұндай жағдайда  біз не істей аламыз? Оның жұмыс істегенін қалай дәлелдейміз? 11 шілде 2012, 19:05 1 916 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кедергіні кім салады?

– Біз Құнанбаев көшесі, 30-үй мекен-жайында тұрамыз. Үйіміздің қарсы алдында (Оң жақ Перетаска) жолдың ар жағында аялдама мен жүргізушілер тіптен елемейтін жаяу жүргінші өткелі бар. Күн сайын дерлік жүргіншілер өткелінен жүргіншілерді қағып кетеді. Біз балаларымыз үшін қорқып, жолдан өзіміз өткізіп жібереміз. Өткен жылы көз алдымда бір қызды, ал кейін, сәбилі әйелді қағып кетті. Биыл екі ай бұрын көз алдымда бір машина жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан бір баланы қақты. Бірнеше апта бұрын таңғы сағат 5-те өте жоғары жылдамдықпен келе жатқан машина электр тарату бағанына соғысты. Жаяу жүргіншілер өткелінің екі жағынан және №6 мектептің алдынан міндетті түрде жол кедергісін салу керек. Мұнымен кім айналысуы тиіс? 4 шілде 2012, 17:30 1 945 рет қаралды