Атырау, 21 желтоқсан 20:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қоғам

40 еуроға бағаланған Сталинград және басқа да сорақылықтар Қоғам

40 еуроға бағаланған Сталинград және басқа да сорақылықтар

- Әкем майданда хабар-ошарсыз кеткен еді, алайда жақында маған оның тірі қалып, Чехословакияға қоныстанғаны, сол жақтан дәулет жинағаны және менің оған мұрагер бола алатыным туралы хат келді. 6 сәуір 2011, 19:26 4 613 рет қаралды
Сатылымға 1000 теңгеден ет шығарылды Қоғам

Сатылымға 1000 теңгеден ет шығарылды

Қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Қадырғали ТҰРҒАНОВТЫҢ айтуынша, баға тұрақтандыру жөніндегі бағдарлама аясында 26-шы наурыздан бастап Атырау қаласында еттің келісін 1000 теңгеден сата бастау ұйымдастырылған. 30 наурыз 2011, 18:33 3 653 рет қаралды
Жігері жасымаған Жәния Қоғам

Жігері жасымаған Жәния

Ол кезде он балалы жанұядағы бесінші балаға Жаратқанның ерекше жігер, өмірге құштарлық және сарқылмайтын күш берерін ешкім де білмейтін еді. Осынау қасиеттердің барлығы тағдырдың жазмышымен азап шеккен жанның бойына біткен. Дегенмен де, оның жанұясы бұл әйелді отбасының қазығы деп есептейді. Ал көршілер болса оған: – «Иә, Жәния РЫСҚАЛИЕВА – нағыз қайсар адам» деп құрметпен қарайды... 30 наурыз 2011, 19:04 3 380 рет қаралды
Қамалға айналған перзентхана Қоғам

Қамалға айналған перзентхана

- Біздің үстімізден не деп шағымданады? Біз жақында ғана ашылдық, содан болар барлығының назары бізде. Бізде бәрі жақсы!-деп ашынды Алмагүл мөлтек ауданындағы қалалық перзентхана үйінің дәрігерлері менімен жүздескен сәтте.  Ал, менің бұл сапарыма жаңа мекеменің жұмысына қатысты толассыз айтылған шағымдар себеп болды. 30 наурыз 2011, 19:25 9 594 рет қаралды
«Казэнерком» кімді алдады? Қоғам

«Казэнерком» кімді алдады?

Үлескерлер проблемасы қазір қаладағы «Гауһартас» тұрғын үй кешенінің тұрғындарының басында да бар. «Сарықамыс» елдімекенінің дәл артында орналасқан бұл тұрғын үй кешенінің құрылысы үлескерлердің қатысуымен салынған болатын. Кешенді тұрғызған алматылық компания - «Казэнерком» ЖШС. 23 наурыз 2011, 17:54 3 834 рет қаралды
Балаларға көңіл бөле біліңіздер! Қоғам

Балаларға көңіл бөле біліңіздер!

Баспасөз бетіндегі балалар мен жасөспірімдердің өз өмірлеріне қол жұмсағандығы туралы мәліметтер барған сайын артып барады. Бұл зобалаңның орын алуына не себеп және одан өз балаларымызды қалай сақтап қалуымызға болады, міне, біз бүгін осы туралы облыстық жүйке-неврологиялық диспансерінің психологі Ақмарал Мақсотқызы ШАРИПОВАМЕН әңгімелестік.  23 наурыз 2011, 19:33 7 860 рет қаралды
«Менің үйім – менің қамалым» Қоғам

«Менің үйім – менің қамалым»

Әрбіреуіміз үшін өз үйіміз шексіз әлемнен, сыртқы ортадан қорғайтын қамал, жеке кеңістік. Ол жылы, жарық, қолайлы және қауіпсіз болуы тиіс. Менің пікірімше, бақытты ошақтың қарапайым ғана түсінігі осылай. Алайда, сайтан алғыр, БАҚ беттеріндегі қылмыстық хабарламалар мен радиода сарнап жататын оқиғалар өз үйіңде де тыныш өмір сүруге болады деген түсінікті кереғар етіп жатады. Ол біздің мүлкімізге көз тіккен түрлі қылмыскерлерден, кей жағдайларда денсаулығымызға, тіпті, өмірімізге төнетін қауіптен үнемі қорғай бермейді. Өзіңізді және өз үйіңізді бөгденің қажетсіз назарынан және үй ұрыларынан қалай қорғауға болады? – деген сауалды құқыққорғау органдарынан, күзет агенттіктерінен  және, әрине, халық пікірін сұраған едім. 23 наурыз 2011, 19:51 28 218 рет қаралды
Иісшіл иттер психологиясы Қоғам

Иісшіл иттер психологиясы

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жеңіс шеруіне соғыстың барлық майдандарынан қатысқан әскерлермен бірге Қызыл алаңда жетектеуге ілескен иттердің де жүргенін біреу білсе біреу білмес. Сол бір тарихи шеруге  Кеңес Одағының бас кинологы подполковник Мазовер де қатысқан еді. Бірақ оған салтанатты қадам жасап, бас қолбасшыға құрмет көрсетуге рұқсат берілмеді. Өйткені, ол қолына 14-ші штурмдық  инженер-саперлік бригада  жауынгері  жаралы Жолбарыс есімді  итті көтеріп келе жатты. Төрт аяқты бұл жауынгер  Румыния, Чехия, Венгрия  және Австрияның  миналар қойылған  даласындағы ұрыстарға қатысқан. Сол жерлерде  Жолбарыс 468 мина мен 150 снаряд тапқаны үшін  «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне ие болған еді. Біздің облысымызда осындай иісшіл иттер бар ма? 23 наурыз 2011, 21:41 6 942 рет қаралды
Көтерем малдың көктемеге жетуі неғайбыл Қоғам

Көтерем малдың көктемеге жетуі неғайбыл

Индер ауданынының шаруалары сын сағаттарды бастан кешіруде. Көктем басталмай жатып  көтерем малдар арам өліп жатыр. Естуімізше, кей қыстақтарда өлген мал басы 100-ге дейін барған. Шаруалар қолдан келер қайран жоқ деседі. 17 наурыз 2011, 16:24 12 102 рет қаралды
Қоғам

Қарабатандағы жұмыс аяқталды

Солтүстік-Каспий жобасы аясындағы «Болашақ» зауытының құрылысы аяқталуға аз қалғандықтан, бүгінгі күні  ондағы жұмыстарынан босаған қызметкерлерді жұмыспен қамту өзекті мәселеге айналуда. Өткен аптада облыстық әкімдікте ірі масштабты жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырған компаниялардың өкілдері жиналды. 16 наурыз 2011, 22:28 3 456 рет қаралды
Қамкөңіл жандарға қамқорлық Қоғам

Қамкөңіл жандарға қамқорлық

Осыдан бір жыл бұрын «Үш сатымен күрес» жобасының аясында Атырауда «Инва-такси» қызметі жұмыс істеген болатын. Жобаның кейбір қиыншылықтары мен жетістіктері туралы  «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ жетекшісі Күлбаршын НҰРЖІГІТОВАМЕН әңгімелескен едік. Осы жанның ыждағаттылығынсыз ештеңе де шықпаған болар еді. 16 наурыз 2011, 22:46 3 848 рет қаралды
Жәрмеңке жамағатты жарылқады Қоғам

Жәрмеңке жамағатты жарылқады

Атырауда Қайырғали Смағұлов аллеясы маңында (сауда орталығы жанында) биылғы жылдың  алғашқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкедегі тауарларды көтерме азық-түлік қоймалары мен облыстың 18 шаруа қожалығы ұсынды. 9 наурыз 2011, 20:53 4 253 рет қаралды
Үлескерлердің үміті уәдемен үкіленді Қоғам

Үлескерлердің үміті уәдемен үкіленді

Редакцияға Жарбосынов – Тайманов көшелерінің қиылысындағы салынып болмаған үйдің 20 үлескері хабарласты.  Олар құрылыс салушы -  «Стройгрупп LTD» ЖШС-не әжептәуір талап қойып отыр. Олардың пәтерлерін сатып алған үйдің құрылысы қашан аяқталады деп күте-күте шаршағандарына үшінші жыл болыпты. 9 наурыз 2011, 21:03 4 309 рет қаралды
«Теңізшевройл» наразылық білдіруде Қоғам

«Теңізшевройл» наразылық білдіруде

Соңғы кездері ҚР үкіметі мен ТШО арасынан қара мысық жүгіріп өткендей жағдай қалыптасқан. Мұнай өндіру тереңдігі жөніндегі дау-дамайлар басылмай жатып, жаңасы бой көтерді. Бұл жолы келіспеушілікке «Теңізшевройл» наразы боп отырған экспорттық-кедендік баж салығының төлемдері себеп болды. 2 наурыз 2011, 21:23 5 076 рет қаралды
Жәнібекке шұғыл түрде донор қажет Қоғам

Жәнібекке шұғыл түрде донор қажет

Құрманғазы ауданы Мақаш ауылының тұрғыны Сәрсенбай Кенжеғалиев өзінің аяқ астынан ауыр науқастанып қалған кенже ұлы Жәнібек Отаровтың бүйрегін шұғыл түрде ауыстыру қажеттігін айтады. Ол үшін донорлық бүйрек қажет. Мұндай отаны жасатуға дәл қазір қаражат жағы қолбайлау болып отырған жайы бар. Ал Жәнібекке бүйрек ауыстыру үшін 45 мың доллар ауадай қажет болып тұр. 24 ақпан 2011, 00:00 9 288 рет қаралды
Алабай – қазақтың ұлттық бренді Қоғам

Алабай – қазақтың ұлттық бренді

Соңғы жылдары алабай тұқымдас қазақ төбеттеріне көп мән беріліп жүр. Тіпті кей жерлерде ит төбелестіру де өзінше бір бизнестің түріне айналған. Жақында қаланың сыртында иттер шайқасының екінші турнирі өтті. 24 ақпан 2011, 00:00 19 583 рет қаралды
Отандық телеарналардың теңдікке қолы жете ме? Қоғам

Отандық телеарналардың теңдікке қолы жете ме?

Таяу жылдарда қазақстандық телекөрермендерге отандық телеарналармен оңаша қалатын күн тумақшы. Криминалды НТВ, «белден төменгі» әзілі бар ТНТ және төсек сахналарына еш қымсынбастан қатысатын, бірін-бірі төмпештеп жататын актерлары бар фильмдер енді кабельдік телеарналар желісінен алынып тасталынады. Мұның несі жаман? Әрине ештеңесі де. Алайда, осындай тәсілмен байланыс және ақпарат министрлігі «Хабар» мен «Қазақстан» және басқа телеарналардың рейтингісін көтеруді жоспарлап отыр. 17 ақпан 2011, 00:00 4 010 рет қаралды
Өркениеттен тыс тіршілік Қоғам

Өркениеттен тыс тіршілік

Ақпан айы нағыз қыс екенін танытты. Қалада жаңбыр жауса, ал далалық ақ көрпеге оранып жатты. Осындай мазасыз күндері қыстақтардағы шаруалардың жағдайы не болып жатыр деген қызығушылықпен Индер ауданы Елтай селосының қырлығына шыққанбыз. 17 ақпан 2011, 00:00 8 146 рет қаралды
Экс-жезөкшелердің жаңа қызметі Қоғам

Экс-жезөкшелердің жаңа қызметі

- Ой, мен жеңіл жүрісті кәсіп қылып боп жүрген кезімде не болмады дейсің... – деп әңгімесін бастады Зарина қалың кекілін сілкіп жіберіп. – Қалай болғанының бәрін айтып беремін, тек сіз мені суретке түсіріп алмаңыз. Өзіңіз де түсінесіз ғой, мені суреттемеңіз де... Заринаның жанында өзін Лена тәтеймін деп таныстырған тағы бір әйел отырды. Ол сағатпен пәтерді жалға береді екен. «Журналист танысың болған қандай жақсы, - деп көзін қысып қойды тәтей. – Сонымен нені білгіңіз келеді? – деді аяғын айқастырған ол.- Сұрақтарыңды айта ғой...». Ал жалпы, бастапқыда менің мақаламның тақырыбы «СПИД орталығының достық кабинеті» деген болатын. Сонымен... 10 ақпан 2011, 00:00 26 565 рет қаралды
«Ұлы көштен» қайыр көрмеген қошқарлықтар Қоғам

«Ұлы көштен» қайыр көрмеген қошқарлықтар

Экологиялық және әлеуметтік проблемаларына байланысты қоныс аударған Мақат ауданының Комсомол, Бек Бике, Қошқар ауылдары көшінің соңы айқай-шуға ұласты. Көшірілген ауылдардың бірі Қошқар кентінің 11 отбасы мына қақаған қыста баспанасыз тентіреп жүр. Облыстық әкімдіктегілер олардың шынымен үйсіз жүргеніне күмәнмен қарайды. 10 ақпан 2011, 00:00 5 302 рет қаралды
Бас ауруына арналған дәрі-дәрмектер Қоғам

Бас ауруына арналған дәрі-дәрмектер

Сейсенбі күні редакциямызға тарихта тұңғыш рет атыраулық медицина қызметінің басшылары жиналды. Бұл газеттің өткен нөмірінде жарық көрген «Тағы да дәрі-дәрмек дүрбелеңі» деп аталатын мақаланың «арқасы» еді. Бізбен байланысқа шыққан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ басқа стационарларда (мақалада облыстық аурухана аталған болатын) дәрі-дәрмектерге қатысты проблема жоқтығын дәлелдеу үшін атыраулық стационарлардың бас дәрігерлері мен «Самұрық-Қазына-Фармация» ЖШС өкілдерін шұғыл лездемеге жинауға уәде берді. 3 ақпан 2011, 00:00 9 147 рет қаралды
Тағы да дәрі-дәрмек дүрбелеңі Қоғам

Тағы да дәрі-дәрмек дүрбелеңі

Жылдан жылға қайталанып жатқан дәрілік қамтуға байланысты бейберекетсіздік биылғы жылы да қайталанды. Дегенмен өткен жылдың жазында жауапты тұлғалар 2011 жылдың басынан бастап ахуалдың түбегейлі өзгеретіндігін, өтініштердің тамыз айында жиналып, қажетті тендерлер жаңа жыл басталғанша өткізілетіндігін, ал дәрі-дәрмектердің медициналық мекемелерге уақытында түсетіндігін   мәлімдеген болатын. Алайда.. Уәде бергіш шенеуніктерге сенбеңіздер. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 347 рет қаралды
Халықаралық олипиададан жүлдемен оралды Қоғам

Халықаралық олипиададан жүлдемен оралды

Қаңтардың 12-сі мен 22-сі аралығында Кипр мемлекетінің Паралимний қаласында дәстүрлі халықаралық рейтингілік олимпиадасы өткен болатын. Оған қатысқан атыраулық қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушылары тағы да жүлдемен оралды. 27 қаңтар 2011, 00:00 5 572 рет қаралды
Қоғам

Көлікқұмар жастар депутатпен келіспейді

Былтыр күзде Мәжіліс депутаты Ирак Елекеев Үкімет басшысының атына «жүргізуші куәлігін 21 жастан беру қажет» деген ұсыныс айтқан болатын. Кейін бұл бастаманы ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбеков те қолдады. Алайда, еліміздегі кейбір қоғам қайраткерлері мен жол сақшыларының өзі мұнымен келіспей отыр. Атыраудағы автомектеп жетекшілері мен көлік үйренемін деп жүрген кей жастар да бұған түбегейлі қарсы. 20 қаңтар 2011, 00:00 6 435 рет қаралды
ГЕОЛОГТАР ҮЛЕС ДӘМЕТЕДІ Қоғам

ГЕОЛОГТАР ҮЛЕС ДӘМЕТЕДІ

Бір топ атыраулық ардагер геолог-барлаушылар өткен жылы премьер-министр К.Мәсімов пен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы президенті Қайыргелді Қабылдинның атына хат жолдап, акционер қатарына енгізуді талап етті. Геологтар бұл талаптарын бұған дейін де бірталай лауазымды тұлғаларға жолдаған екен. 12 қаңтар 2011, 00:00 6 989 рет қаралды
Қоғам

Балқұдықтықтар үшін Кедендік Одақ мазақ пен азап болғаны ма?

Бәлкім Кедендік одақтың  (КО) біз әзірге сезіне қоймаған көптеген жақсы жақтары болар. Алайда, Құрманғазы ауданы, Балқұдық селосы тұрғындарының енді неге екені белгісіз Қазақстан-Ресей шекарасынан өту мүмкіндігі жоқ.  12 қаңтар 2011, 00:00 5 193 рет қаралды