Атырауда Қайырғали Смағұлов аллеясы маңында (сауда орталығы жанында) биылғы жылдың алғашқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкедегі тауарларды көтерме азық-түлік қоймалары мен облыстың 18 шаруа қожалығы ұсынды.
Делдалсыз сату мүмкіндігін алған ауылдықтар өз тауарларын базар бағасынан біраз төмен бағамен сатты. Адамдар кезегі ет сатқан «Газель» көлігінде көп болды. Сиыр етін 1000 теңгеден сатып алуды қалағандар саны жеткілікті болғаны соншалық, машина сағат 11-де-ақ, босап қалды. Алдын-ала жүргізілген есеп бойынша сол күні 600 келіден астам сиыр еті сатылған. Одан сәл кейін қой тиеген жүк машинасы келді. Сатушының айтуынша, тірі тауар құны- бір бас үшін 13 мың теңге болды.
Жаңадан мұздатылған балықты тұтынушылар көп болған жоқ. Сазан келісі 150 теңгеден, сыла 80 теңгеден болды. Сатуға барлығы тонна жарым балық әкелінген.
Картоп сатқан машинадағы адамдар кезегі де еттен кем болмады. Ең арзаны 100 теңгеден болды. Сатып алушылар тұқымдық үшін қаптап алды, кейін тағы да келіп алғандары болды. Пияз бен орамжапырақты түсірмей жатып-ақ кезек жиналып қалды. Алма мен мандарин, лимон, май мен сүт қаланың көтерме базарларынан әкелініп сатылды. Қала әкімінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА түсіндіргендей, бұл жолы барлығы да ешқандай делдалсыз көтерме бағамен сатылған. Осылайша, бағалар базарға қарағанда кем дегенде 100 теңгеге арзан болды. Сүт 130 теңгеден, ал, қатырма қағаздағы май 80 теңге. Мұндай жәрмеңкелер күнде болып тұрса ғой.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген В.Истомин