Атырау, 13 желтоқсан 23:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Қарабатандағы жұмыс аяқталды

3 163 просмотра

Ол жаңа жобаларда жалғаспақ

Солтүстік-Каспий жобасы аясындағы «Болашақ» зауытының құрылысы аяқталуға аз қалғандықтан, бүгінгі күні  ондағы жұмыстарынан босаған қызметкерлерді жұмыспен қамту өзекті мәселеге айналуда. Өткен аптада облыстық әкімдікте ірі масштабты жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырған компаниялардың өкілдері жиналды.

Бұл жағдайды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Еркін ШПАНОВбаяндады. Ол өткен жылы «Болашақтан» шамамен 14 мың адамның босатылғанын және оның 7,1 мыңы атыраулықтар екендігін мәлімдеді. Облыстық жұмыспен қамту басқармасы сендіріп отырғандай атыраулықтардың көп бөлігі мемлекеттен айтарлықтай қолдау алған: 501 адам басқа нысандарға ауыстырылды, 530-ын басқарма жұмысқа орналастырды, 310-ы оқуға жіберілді, 40 адам қоғамдық және әлеуметтік жұмыстарға тартылды. 848 жұмыссыз әлеуметтік көмек алып отыр. 2,4 мың адам жұмысқа өз беттерінше орналасқан.

Биылғы жылы «Болашақтан» 1,2 мың қазақстандық (оның ішінде 500-і Атырау облысының тұрғындары) жұмыстан босатылды. Ал, жыл аяғына дейін тағы да 10,1 мың қызметкер жұмыстарымен қош айтыспақ. Олардың бір бөлігі аяқталған жобалардан жаңа жобаларға ауыстырылады. Бұл адамдардың біразы бұрынғы жұмыс берушілер тізімінде және жұмыспен қамту органдарында қысқартылғандар тізімінде тұрғандар. Әрине, бұл «лараны» (еңбекке қатысқаны үшін төлем) аударуға қатысты мәселердің бірінен туындаған берекетсіздіктен болуы мүмкін.

Е.Шпановтың айтуынша,  жұмысқа орналастырылмаған кадрлардың бір бөлігі «Бизнестің жол картасы» аясында қайтадан оқытылмақ. Шамамен 2 мың жұмыссызды 605 млн. теңге бөлінген жұмыспен қамту жөніндегі жаңа мемлекеттік бағдарламаның көмегімен жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.

БАСТАПҚЫДА  400 ҚЫТАЙЛЫҚ КЕЛМЕК

Болашақта кадрларды қабылдаушы мекемелердің алғашқысы болып, АМӨЗ-да хош иісті көмірсутегі кешенін (ХКК) салып жатқан қытайдың «Синопек Ижиниринг» компаниясы есеп берді.  ХКК жобасының директоры Чжен ФУЦЯН ақпанда ескі жабдықтарды бұзу жұмыстарының және құрылыс аумағын тазрату жұмыстарының аяқталғандығын және жерге орналастыру бойынша сызба дайындығы басталғандығын хабарлады. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап ұзақ дайындауды талап ететін құрал-жабдықтарға тапсырыс беру басталды. Кадрлар бойынша: өткен жылдың аяғында жобада 348 адам жұмыспен қамтылды, олардың-252-сі қазақстандықтар болды. «Синопектің» бас мердігері «КазСтройСервис» АҚ. Фуцянның айтуынша, 2011 жылдың аяғына қарай құрылысқа 2,1 болатын жалпы қызметкерлер санының  ішінен 1,4 мың адамға дейін тартылатын болады. Биылғы жылы Атырауға ҚХР-ның 400-дей азаматы келмек. Олар негізінен екінші және үшінші санаттағы мамандар болады.

ГАЗ-ХИМИЯ КЕШЕНІН ЕКІГЕ БӨЛДІ

Артынша газ-химия кешенін салатын (ГХК) «Казахстан Петрохимикал Инк» қазақстандық компаниясының өкілі сөз алды. 6,3 миллиард долларға бағаланған жобаны 2 фазаға бөлген. 1-ші фаза- ТШО-дан алынған тұрба құбыры   бойынша пропаннан полипропилен өндіру жөніндегі кешен құрылысы- 1,7 миллиард доллар тұратын болады. Инвесторы қытайлық «Эксим Bank»,  ал, мердігері сол «Синопек Инжиниринг» компаниясы. Бұл несиелік желі талаптарына сәйкесті тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет көрсетудегі қытайлық жиынтық жоба бойынша кем дегенде 50 пайызды құрауға тиісті. «Бұл жағдайда ештеңе істей алмаймыз, ақшаны беріп отырған олар»,-деп баяндамашы өз атынан қосып қойды. Ол сондай-ақ, 1-ші фаза (2011-2015ж.ж.) кезеңінде жұмыс қызған шақта 4 мың құрылысшы, жобалаушылар мен химик-инженерлер жұмысқа кірісетіндігін хабарлады. 2-ші фазада шамамен алғанда 10 қызметкер қатысатын болады, алайда, жобалау және құрылыстың ұзақтығы кейін анықталатын болды.

«ТАУ-КЕН БӨЛІСІ»НЕ БОЛМАҚ?

ТШО-дағы болашақ кеңейту жобасы бойынша (БКЖ). Мұнай алпауытыныңөкілі жобаға кадрларды іріктеу 2012 жылы басталатындығын және құрылыс жұмысы қарқынды жүрген кезде (2016 жылы) 15-17 мың адамның жұмыспен қамтылатындығын мәлімдеді. Менің құзырымда ТШО-ның жазбаша таныстырылымы бар. Онда компания кеңейтілген жоба мерзімінің кейінге қалдырылуының себебі «тау-кен бөлінісіне қатысты шешілмеген мәселеде» (белгілеген автор) дейді.

Және тағы да ТШО шетелдік қызметкерлерді лицензиялау саласындағы жаңа заңдылықтардың жаңа жұмысшы орындарын ашуға мүмкіндік беруді барынша азайтады деп есептейді. Сол кезде (цитата): «Басқа ірі жобаларды жүзеге асыру барысында кешіктірілулер орын алған жағдайда БКЖ еңбекке орналастыру нарығында жұмысшы орындарының жетіспеушілігін жабуға көмектеседі».

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

16 наурыз 2011, 22:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.