Сұрақ-жауап Терминалдық кезең – Терминалдың жоқтығына немесе оның жұмысындағы ақауларға қатысты шағымдарды қайда айтуға балады? 6 ақпан 2014, 00:00 2 181 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ереже бұзушыға жеңілдік – Сот шешімі шыққан бірінші күні айыппұл төлеуге дайын жол-қозғалысы ережесін бұзушыға айыппұл сомасының 50 пайызын төлейтін жеңілдік бар деп естідім. Осы рас па? 6 ақпан 2014, 00:00 1 833 рет қаралды
Сұрақ-жауап Арнайы мақсаттағы жер телімі – Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) мен жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) мақсатындағы жер телімдерінің айырмашылығы қандай? ЖҚШ мақсатындағы учаскеге салынған жылжымайтын мүлікті банкке кепілзат ретінде салуға бола ма? 30 қаңтар 2014, 00:00 2 806 рет қаралды
Сұрақ-жауап Келісім-шартта көрсетіледі – Біздің мекемеміз сатып алған тауарлар мен қызметтерді (кеңсе тауарлары, тамақ, кеңсеге арналған жиһаз, жанармай және т.б.) POS-терминалмен төлеу үшін банктен ЖШС-нің атына корпоративті кәртішке ашты. Кәртішке үшін салық басқармасы алдында қандай жауапкершілікте боламыз? Айлық лимит бола ма? Осы кәртішкені қолдану үшін қандай салықтар төлеуге тиіспіз? 30 қаңтар 2014, 00:00 1 594 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мемлекеттік нөмір қолжетімді емес – Көлік әуесқойлары алдағы уақыттағы жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жазаларды күшейту және айыппұлдарды арттыру жөніндегі мәселені белсенді түрде талқыға салуда. Кейбіреулері жарық шағылыстыратын үлдірдің, жарық шағылыстыратын бөлшектері бар лактың және бақылау камерасындағы суретті бұрмалайтын арнайы тордың көмегімен бақылау камераларынан мемлекеттік нөмірлерді жасыруды шындап ойлануға кіріскен. Мемлекеттік нөмірді осылайша «жасыру» әдісіне қатысты жол-патрульдік қызметінің пікірін білгім келеді. Көлік иелеріне осындай әдісті қолданғаны үшін қандай да болмасын жаза бар ма? 23 қаңтар 2014, 00:00 2 000 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жеке тәртіппен – Мигрантпен келісімшартты қалай рәсімдеуге болады? Бұл қайда жасалады – көші-қон басқармасында ма, әлде нотариуста ма? Мигрант ЖК-ге немесе ЖШС-ге жұмысқа орналаса ала ма? 23 қаңтар 2014, 00:00 1 834 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мақұлдауға жатпайды – Жеңіл көліктер аспасының серіппесін кішірейтуге бола ма? Қазір көлік жөндеу орталықтарына серіппені қысқартуға жиі тапсырыс береді. Бұл жағдайда көліктің өзінің геометриясы өзгереді, шамдары жанына жарық түсіреді. Жол-патрульдік қызмет қайда қарап отыр? 16 қаңтар 2014, 00:00 3 070 рет қаралды
Сұрақ-жауап Аса ерекше аймақта – Менің ресми тіркелген екі аңшылық қаруым бар. Олар арнайы сейфте сақтаулы. Соңғы рет құжаттарды қайта ресімдеген кезде (бұл 5 жылда бір рет жасалады) ІІБ-дегілер қаруды сейфте сақтағаннан бөлек, бүкіл пәтерді дабыл жүйесімен жарақтауға тиіс екенімді айтты. Бұл талапқа қандай негіз бар? 9 қаңтар 2014, 00:00 2 119 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тышқанға тұзақ құру – Біз Яблочный өткелінде тұрамыз, ол жерде бар болғаны екі қабатты үш ескі үй бар. Үйімізде тышқан қаптап кетті, төбені кеміріп болып, басымызға құлайтынды шығарды, жер-жерде жүгіріп жүр. Біз СЭС-ке хабарластық, бірақ олар бізде ПИК жоқ болғандықтан арызымызды қабыл алған жоқ. Не істеуге болады? 9 қаңтар 2014, 00:00 4 627 рет қаралды
Сұрақ-жауап Себетіңіз бос болса – Мен жалғызбасты анамын. Сәбиімнің әкесінен ешқашан көмек алған емеспін. Оған тұрмысқа шыққан жоқпын, оның қазір қайда екенін де білмеймін. Мемлекеттен қандай да болмасын көмек, жәрдемақы, жеңілдік ала аламын ба? 12 желтоқсан 2013, 00:00 1 868 рет қаралды
Сұрақ-жауап Келешектегі камералар – 2012 жылы бізге, Жеті Қазына ықшамауданындағы №1-9 үйлерге бейнебақылау камераларын орнатуға уәде берген еді. Қалалық әкімдікке сұрау салғанымызда бізге 2013 жылдың аяғына дейін Атырау облыстық ІІД-нің №3, 5 және 9 үйлерге бақылау камераларын орнатуды жоспарлап отырғанын айтты. Жыл аяқталып қалды, бірақ жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Біздің ауламызда бесқабатты 9 үй бар. Көлік өте көп, түрлі жағдайлар орын алады. Камераларды орнатуды жеделдетуге болмай ма? 12 желтоқсан 2013, 00:00 2 260 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тасымал көлігі тапшы – Біз СМП-136, Депо және Қара депо ықшамаудандарында тұрамыз. Бізден қаланың оң жақ жағалауына дейін баратын тікелей маршрут жоқ. Бұрын №15 маршрут болған еді, бірақ оны алып тастады. Ол бізге өте қолайлы болатын, өйткені маршруттар №9 және 13 мектептердің жанынан өтетін. Енді біз оң жақ жағалауға дейін басқа маршруттарға ауысып мініп, жетуге мәжбүрміз. Бұған 2 сағаттай уақыт және күн сайын бірнеше жүз теңгеден кетеді. Балалар мектепке жаяу барады. Қыс басталғанда жағдай қиындап кетеді. Таяу уақытта ықшамаудандарды қаланың оң жақ жағалауымен байланыстыратын маршрутты қалпына келтіру жоспарда бар ма? 5 желтоқсан 2013, 00:00 2 341 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ақша болса, асфальт та болады – Біз Самал ықшамауданындағы №17 көшеде тұрамыз. Жолсызбен жүрсе, «Нұрсая бұрылысы» аялдамасына дейін тұтас бір шақырым, ал асфальтпен - одан да алыс болады. №4 маршрут «Болашақ» тұрғын үй кешеніне дейін, ал №30а маршруты әуежайға дейін барады. Олар Самалға соқпайды. Самал ықшамауданына дейін баратын маршрут қашан ашылады? Біздің ауданымызға асфальт төсеу қашан жалғасады? 5 желтоқсан 2013, 00:00 1 851 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бәрі бақылауға алынған – АЖЭО пәтерішілік ыстық сумен қамту есептегішін тексеруді талап етіп, тексеру кезінде ыстық сумен қамту төлемақысы тұтыну нормасы бойынша алынатынын айтты. Осы дұрыс па? 28 қараша 2013, 00:00 2 101 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ең болмаса газ берсе екен! - Біз Жұлдыз-3 ықшамауданының тұрғындарымыз, биыл үй салып көшіп келгенбіз. Су мен асфальтты айтпай-ақ қояйын, бізге газ қашан беріледі екен? Біздер жерімізді пайдаланбағандықтан кері қайтарып алады деп қорқып, үй салып, биыл міндетті түрде газ беріледі дегесін, пеш салмай, қазандық орнатып едік. Ал қазір күн суытып кетті, үйіміз салқын, кішкентай балаларымыз ауырып жатыр. 28 қараша 2013, 00:00 2 224 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жолақы– ата-анадан - Оқу үздіктері мектептегі каникул кезінде Көкшетаудағы Бурабай лагерінде тегін демалады дегенді естігенмін. Ал бізден мектепте жолдама алу үшін 30 мың теңге талап етіп жатыр. Бұл дұрыс па? 21 қараша 2013, 00:00 2 346 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жүйе осындай – Мен басқа жүкті әйелдер секілді есепке тұрғым келген еді. Гинекологқа жолдама жазып беретін терапевт дәрігердің кезегінде 2 сағаттан астам уақыт тұрдым. Ал ол маған бар болғаны кадастрлық нөмірді ғана берді. Келесі күні гинекологқа келдім. Сағат 10.00-де кезекке тұрған кезде менің алдымда 13 әйел тұрды. Мен дәрігерге тек 3 сағаттан кейін кірдім. Әр барған сайын жұмыстан сұранып кетуге тура келеді... 14 қараша 2013, 00:00 2 440 рет қаралды
Сұрақ-жауап Алдымен үй, акт содан соң – Қалалық әкімдікте жер пайдалануға мемлекеттік акт бойынша мәселелер неліктен ұзақ шешіледі? Мен қалалық жер бөліміне жер актісін 2013 жылдың 23 қаңтарына дейін ұзарту туралы өтініш жазған едім. Дайындау уақыты талонда 2013 жылдың 4 наурызы деп көрсетілген. Акт әлі күнге дейін дайын емес. Біз үй салуды жоспарлап отырмыз, үйдің іргетасын құйып қойдық. Бірақ жер телімінде уақытша баспана тұрғызылғандықтан, тұрақты актіні ресімдей алмаймыз. Тек уақытша акт қана бар, ол 2 жылға беріледі. Бірақ біз өзіміздің қаржылық мүмкіндігімізге қарай салып жатырмыз. Ал БТИ-дағылар уақытша баспананы тұрғын үй деп есептеп, тұрақты мемлекеттік актіні ресімдеуге болатынын, алайда қайта ресімдеу кезінде проблема туындап, олар енді құжаттарды өзгерте алмайтындықтарын айтты. 31 қазан 2013, 00:00 5 593 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мердігерлер уәдесінде тұрмады – Алмагүл ықшамауданындағы үйлердің цокольді қабаттарын балаларға арналған шағын орталықтар етіп қайта жарақтау жоспарланған еді. Бірақ қазір терезелері қирап, жылу тұрбаларының қатып қалу қаупі төніп тұр. Бұдан басқа, алақол тұрғындар ол жерге қоқыстар тастайды, ал бомждар от жағады. Біздің ықшамаудандағы цокольді қабаттардың тағдыры қашан шешіледі? Цокольдерді балалардың шағын орталықтарына қайта жарақтаумен айналысқан мердігерлерге не болды? 24 қазан 2013, 00:00 1 994 рет қаралды
Сұрақ-жауап Есікке қысылып қалмаңыз! - Балам СТГ-де бастауыш сыныпта оқиды. Сабақ аяқталғаннан кейін гимназия іші азан-қазан болады: бірінші ауысымдағы бүлдіршіндерді жоғары сынып оқушылары таптап тастайды деуге болады. Өйткені кіретін есіктер ешқашан толық ашылмайды. Балаларға сөмкелерімен тар есік қуысынан сығылысып өтуге тура келеді. Балаларға анағұрлым ұқыпты қарау үшін мектеп басшылығына қалай ықпал етуге болады? 24 қазан 2013, 00:00 1 968 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ең болмаса, жарық берсе екен - Біздер Водников-2 ықшам ауданына ауыз су, электр жарығы, көгілдір отынның қашан қосылатыны және асфальт жолдың қашан төселетіндігі туралы білгіміз келеді. Жол бойына электр трансформаторы былтыр орнатылған еді, бірақ жарық әлі күнге берілген жоқ. Ал ауыз суды үйдегі бар ыдыстарға 3500-4000 теңгеге толтырып аламыз. Қыс болса, жақындап қалды, біз енді не істейміз, қайда барамыз? 24 қазан 2013, 00:00 3 114 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тыныштықты бұзған кім? – Біз Атырау локомотив депосының маңында тұрамыз. Тәулік бойына шуыл тұрады, ал түнімен тепловоздар гуілдейді. Қандай да болмасын шектеулер бар ма? 24 қазан 2013, 00:00 2 536 рет қаралды
Сұрақ-жауап Таксистке заң жазылмаған – Стихиялы тұрақжайға қатысты қаламыз үшін өте өзекті мәселені көтергім келеді. Таксистер жол қозғалысы ережелеріне қарамастан, көліктерін қиылыстарға, автобус аялдамаларына, аулаларға жақын жерге қояды. Бұл апатты жағдайларға жиі себеп боп жатады. Таксистерге басқа жүргізушілер, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жиі ескерту жасайды, бірақ олар елең қылмайды. 17 қазан 2013, 00:00 2 679 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қорытынды болғанымен шешім жоқ – Баймұханов, 39 мекен-жайындағы жатақхананы күреу туралы шешім қашан қабылданады? Газдендіру жүргізілмеген, әжетханалар жұмыс істемейді. Үй апатты жағдайда. 17 қазан 2013, 00:00 2 156 рет қаралды
Сұрақ-жауап Дәрумендерге тыйым бар – Жаз келген кезде қаланың барлық ауданында сауда дүкендері және көкөністер мен жемістер сататын ашық жаймалар пайда болады. Сатушылар – еліміздің оңтүстік өңірлерінен және таяу шетелден келгендер. Бағаны саудагерлердің өздері белгілейді. Мәселен, Авангардтағы соңғы аялдамада 1 келі жүзім 350 теңге тұрады, ал облыстық ауруханадан сәл әрі орналасқан жерде оны («Медицина» және «На Гурьевской» АҚ дәріханаларының маңында) 400 теңгеден, облыстық аурухананың қасында 450-500 теңгеден сатады. Сауда жасауға оларға кім рұқсат береді және осындай сауда нүктелерінің қызметіне қалалық кәсіпкерлік және сауда бөлімі тарапынан сатушыларда санитарлық кітапшалардың бар-жоғына, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларына бақылау жасала ма? 17 қазан 2013, 00:00 2 860 рет қаралды
Сұрақ-жауап Салықтар тыныштық пен ашықтықты ұнатады - Жақын арада шетелде мұнай компаниясына жұмысқа тұрған едім. Келісімшарт бойынша қызметкер өз елінің бүкіл салығын өзі төлейді, компания тек жергілікті салықтарды ғана төлейді. Егер мен шетелде жұмыс жасасам, Қазақстандағы (табыс, зейнетақы) салықтарды төлеуге тиіспін бе? Егер тиіс болсам, қандай салықтар және табыстың қанша пайызы? Менің қорға зейнетақы жарналарын аудармауыма бола ма? Өйткені мен бұл жүйеге сенбеймін. 17 қазан 2013, 00:00 3 062 рет қаралды
Сұрақ-жауап Еңбек демалысының ережелері – Біз облыстағы кеніштердің бірінде жұмыс жасаймыз. Бұрын алғашқы еңбек демалысы бізге 12 ай өткеннен кейін берілетін. Одан кейінгі демалыстарымызды демалыс кестесіне сәйкес толықтай көлемде, яғни, 28 күнтізбелік күнді (24 күн + зиянды жұмыс жағдайы үшін қосымша 4 күн) алатын едік... 3 қазан 2013, 00:00 6 942 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мазасыз өткен күндер – Менің туысым 20 жылдан астам уақытын соттың үкімі бойынша психиатриялық емханада өткізді. Оны Атырауда да, Алматыда да емдеді. Бірақ оның психикалық ауытқушылығы емделетін сырқат. Бір жыл бұрын оны емханадан шығарған еді, енді ол қазір өз анасымен бірге тұрады. Ол өзін өте қалыптан тыс ұстайды. Біздегі жүйке-неврологиялық диспансер оны емдеуге қабылдайды, бірақ бір айдан кейін қайта шығарып жібереді. 3 қазан 2013, 00:00 2 118 рет қаралды
Сұрақ-жауап Салықтың ауыр жүгі – Өткен жылы алаңы 0,9 га болатын өзімнің жер телімім үшін 180 теңге сомасында салық төледім. Биыл салық басқармасынан осы телім үшін 7 мың теңгеден астам сомада жер салығын төлеуім қажеттігі туралы хабарлама келді. Салықты төледім, бірақ бір жыл ішінде оның сомасы неліктен өте көбейіп кеткенін білгім келеді. Егер салық басқармасының қызметкерлері хабарлама дайындаған кезде қателік жіберген болса, ал салық сомасы іс жүзінде аз болса, мен айырмашылық сомасын қайтара аламын ба? 12 қыркүйек 2013, 00:00 2 476 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жаңа есептегіш әзір болмайды – Жақында «АтырауЭнергоСату» ЖШС бақылаушылары бізге есептегішіміздің жарамсыз екенін, дискінің жәй жүретіндігі байқалатынын айтты. Толтырылған актіге олар есептегіш аспаптың, атап айтқанда СОИБМЗ-2003 аспабының бекітілген мемлекеттік өлшем құралдарының тізіліміне енгізілмегенін жазып, бізді 10 күн ішінде ауыстыруға міндеттеді. Есептегіш аспаптың көп жыл жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, енді аяқ астынан оның мемлекеттік тізілімге енбей қалғаны анықталғаны қалай? Ендеше ол қалай орнатылған және бақылаушылар оны қалай есепке алған? 12 қыркүйек 2013, 00:00 2 548 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сақ болыңыз, велосипедшілер! – Бізде қалада велосипедшілер көбейіп кеткен. Мен бұл көлік түріне мүлдем қарсы емеспін, бірақ велосипедшілер қолайсыздық қана емес, балалар мен ересектер үшін үлкен қауіп тудырады. «Ағила» сауда үйінің, Смағұлов атындағы аллеяның, орталық көпірден бастап Жилгородокқа дейінгі жағалау маңдары ересектердің және балалардың денсаулықтары мен өмірлері үшін қауіпті аймаққа айналған. Бұл әсірелеу емес. Велосипедшінің бір әйел адамды сәбиімен қағып кеткенін, ол әйелді ессіз күйде жедел жәрдемнің алып кеткенін білемін... Жаяу жүргіншілер аймағында велосипедшілердің жаппай жүруі жол қозғалысы ережесін бұзу боп табылады. Бірақ бұған ешкім мән бермейді. Неге белгілер қойып, жағдайға бақылау жасап, ереже бұзушыларға айыппұл салмайды, тіпті ереже бұзушылардың көліктерін тәркілемейді? 5 қыркүйек 2013, 00:00 3 205 рет қаралды
Сұрақ-жауап Үш жылға дейін жүре бер - Шілденің аяғында автосалоннан 2013 жылы шыққан автокөлік сатып алдым. Техпаспорт, мемлекеттік нөмір алдым, сақтандыру бетшесін ресімдедім, 2013-тің соңына дейін көлік салығын да төлеп қойдым. Биыл техникалық байқаудан өтуім керек пе? Егер керек болса, қанша мерзімге? 29 тамыз 2013, 00:00 2 358 рет қаралды
Сұрақ-жауап Монополистің рұқсаты міндетті - Заңды және жеке тұлғалар үшін пайдалануға беру актісіне (бегунок) қанша және қандай ұйымдар қосылған? Толық тізбесін көрсетіңіздерші. Кез келген актіге «Атырау-Жарық» қосылатыны белгілі. Ең басты сұрағым: комиссиялық құжатқа неге жеке компания қосылған? 22 тамыз 2013, 00:00 1 839 рет қаралды
Сұрақ-жауап Полигон үшін төлейді – 1980 жылы Атырауға көшіп келгенше мен Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылында туып-өстім. Келесі жылы зейнеткерлікке шығамын. Ядролық сынақтар өткізілген аумақта тұрған жан ретінде маған қандай да болмасын арнайы жәрдемақы мен жеңілдіктер тиесілі ме? 8 тамыз 2013, 00:00 2 920 рет қаралды
Сұрақ-жауап Студенттер қайда болса, құжаттар да сонда - Мен Маркетинг және менеджмент колледжіне 2004 жылы оқуға түсіп, 2006 жылы академиялық демалысқа кетіп қалған едім. Негізі оқу орнын 2007 жылы аяқтауым тиіс болатын. Денсаулығыма байланысты ұзақ уақыт демалыста болдым, кейін 2010 жылы колледж жабылып қалды. Егер соңғы оқу жылымның ақшасын төлесем, қолыма диплом ала алам ба? Құжат тапсырғандағы орта білім туралы аттестатымды алу үшін қайда хабарласуға болады? 8 тамыз 2013, 00:00 2 379 рет қаралды