Сұрақ-жауап Салықтар кімге тиесілі? – Мен шетелдік компанияның қызметкерімін, шетелде жұмыс жасаймын. Менің жалақымнан компания табыс салығын ұстайды және мен жұмыс жасайтын елге төлейді. Мен Қазақстанда табыс салығын төлеуге міндеттімін бе? 10 сәуір 2014, 00:00 2 266 рет қаралды
Сұрақ-жауап Салық төлейтін уақыт – 2013 жылдың сәуірінде мен 8 жарым миллион теңгеге пәтер сатып алдым. Сол кезде доллармен есептегенде бұл сома 53 000 АҚШ долларын құрады. Алған уақыттан бастап (2014 жылдың ақпанында) жыл ішінде мен пәтерді 9 265 000 теңгеге саттым. Бұл долларлық баламамен (девальвация салдарынан) 50 000 АҚШ долларын құрады. Қазақстанда келісімдер теңгемен жүзеге асырылатындықтан, менде ұлттық валюта жағына қарай көбею тұрғысында айырмашылықтар болды. Бірақ іс жүзінде мен оны сатып алғаннан гөрі арзанға саттым. Оның үстіне Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығында бүкіл бағалар АҚШ долларымен белгіленеді. Осы жағдайда теңге айырмашылығынан табыс салығын төлеуге тиіспін бе? 3 сәуір 2014, 00:00 2 199 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ресивермен көре аласыз – Өткен жылы сандық теледидар бүкіл облыс ор-талықтарында іске қосылатын болады деп хабарланғаннан кейін мен теледидарымның бұрауын келтіріп, бүкіл отбасымызбен сапалы таратылымды тамашалаған едік. Балалар «Балапан» телеарнасын ұнатып көретін болды. Бірақ бұл үш аптаға ғана созылды. Содан соң бәрі ғайып болды. Бастапқыда бұрауын дұрыс келтірмегеннен қиындық туған шығар деп ойлағанмын. Бірақ мәселенің стансаның өзінде екені анықталды. Не болды екен? 20 наурыз 2014, 00:00 1 796 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мекенжайсыз тұрғындар – Байжігітов көшесіндегі апатты жағдайда тұрған №76 үйдің күрелетінін-күрелмейтінін білу үшін әлденеше рет жіберілген сұранысымызға бірде-бір рет жарытымды жауап ала алмадық. Жақында ғана Бейбітшілік даңғылы бойындағы салынып жатқан көппәтерлі үйде осы үйдің тұрғындарына арнап жаңа пәтерлер бөлінетіндігі белгілі болды. Осы рас па? 6 наурыз 2014, 00:00 1 884 рет қаралды
Сұрақ-жауап Күреу туралы құқық – Біздің үйіміз ескі баспана ретінде күрелуге кетеді. Үй тұрғындарына жаңа үйден ескі баспанадағы бөлме санына сәйкес пәтерлер ұсынуға уәде етті. Мұнда күрелуге кететін баспананың меншік иелерінің саны, сондай-ақ, әр отбасы мүшелеріне тиесілі шаршы көлем нормасы ескерілмейді. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан ұсынылатын баспанаға бір отбасынан артық қоныстандыруға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, осы заңның 75-бабында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй әр адамға кемiнде 15 шаршы метр және көп дегенде 18 шаршы метр пайдалы алаң мөлшерінде берiледi делінген. Мәселен, екі отбасы тұратын, күрелетін екі бөлмелі үйде әрбір отбасы жеке пәтерлер алуға үміттене ала ма? Әлде екі отбасы күрелетін баспананың орнына мемлекет ұсынатын баспананың шаршы көлемінің нормасын ескере отырып, екі бөлмелі пәтердің орнына үш бөлмелі пәтер алуға құқылы ма? 6 наурыз 2014, 00:00 2 061 рет қаралды
Сұрақ-жауап Салтанатты қозғалыс - Егер көлік Қазақстанға 2013 жылдың соңында әкелініп, тек 2014 жылдың қаңтарында ғана кедендік тексеруден өтcе, әзірге ішкі істер органдарына тіркелмеген үлкен көлемді қозғалтқышы бар автокөліктерге салық қалай есептеледі? Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гүлжан ҚАРАҒҰСОВА 2013 жылғы 27 қараша күнгі «Автомобили» басылымына берген сұхбатында былай дейді: «Жаңа мөлшерлемелер тек 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы тіркеу рәсімдерінен өте бастаған көліктерге ғана қатысты болады. Яғни, 3 000 текше см-ден жоғары көлемі бар көлік құралдарына салынатын жаңа салық салу мөлшерлемесі Қазақстанға 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген жеңіл автокөліктерге салынады. Бұл енгізілген жаңалық Жол полициясы органдарына 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін тіркелген көліктерге, олар тіпті 2014 жылы және әрі қарай кері сатылса да, қолданылмайды». Бұл жерде бір түсініксіз жайт – мәселенің анықтаушы факторы ретінде автокөліктің ҚР аумағына кіргізу күні алына ма, әлде кедендік тазарту және жол полициясы органдарына алғашқы тіркелу күні белгілене ме? 6 наурыз 2014, 00:00 1 962 рет қаралды
Сұрақ-жауап Наурыздан бастап қолайлы болады – Неліктен жылу және ыстық су үшін есепшоттарды интернет арқылы төлеу мүмкін болмай қалды? Электр энергиясы үшін төлей аламыз, ал жылу үшін төлей алмайтын болдық. Бұл өте қолайсыз. Өйткені банктерге немесе «Атырау Энергосату» кассаларына барып, кезекке тұруға тура келеді. 6 наурыз 2014, 00:00 1 652 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қозғалтқыш қосалқы бөлшек болып табылады - Қазір автокөліктің қозғалтқышын ауыстырғанда оны тіркеудің қажеті жоқ деп естідім. Бұл рас па? 6 наурыз 2014, 00:00 2 263 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ештеңе жоғалмайды - Егер бұдан он жыл бұрын ресімделген пәтерді сыйға тарту шарты жоғалып кетсе, не істеу керек? Оны қалпына келтіруге бола ма? Егер біздің мәмілемізді белгілі уақыт бұрын ресімдеген нотариусқа қояр сауалдарымыз пайда болса, алайда ол қазір бұл қызметпен айналыспайтын болса, кімге барып жүгінуге болады? 27 ақпан 2014, 00:00 2 002 рет қаралды
Сұрақ-жауап Заң әлі күшіне енген жоқ - Еңбек мигранттарын тіркеу жөніндегі жаңа ережелерді пайдалануды жөн көріп, мемлекеттік баж салығын төлеп, еңбек шартын жасауға көші-қон басқармасына келсек, ол жерде бізге жеке тұлғалардың мигранттарды жұмысқа тартуын анықтайтын заң күшін жойылғанын хабарлады. Бұл қалай сонда? 20 ақпан 2014, 00:00 1 797 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бәрі де ақылы – Мен Молдағалиев, 26 мекенжайында тұрамын. Бізге Алма ТВ-дан келіп, бәрін сандық пакетке көшіретіндігін айтты. Сандық пакетке қосылу үшін олардан 10 мың теңгеге жаңа немесе 5 мың теңгеге бұрын пайдаланылған қабылдағышты сатып алу керек. Біріншіден, ажыратып, сандық пакетке ескертпестен көшіретіндігі ызаландырады. Ақысы төленуі керек бұл қандай қабылдағыштар? 19 ақпан 2014, 00:00 1 853 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жарық керек - Мен жеке кәсіпкермін, Томарлы селосы маңында мал шаруашылығымен айналысамын. Мемлекеттен берілген 500 га жер телімінің бір бөлігіне тұрғын үй, қора салып едім. Енді үйіме электр энергиясын тартқым келеді. Шаруашылығымның жанынан өтетін электр торабынан үйіме желіні өз күшіммен жүргізуге дайынмын, тек энергияны тұтынғаным үшін ай сайынғы ақыны қалай төлейтінімді білгім келеді - жеке кәсіпкер ретінде ме, әлде жеке тұрғын ретінде ме? 13 ақпан 2014, 00:00 1 672 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жүйе жаңа болғанымен, жалақы бұрынғы – Е-learning жүйесі бойынша жұмыс істейтін мұғалімдерге үстеме ақы төлене ме? 13 ақпан 2014, 00:00 1 964 рет қаралды
Сұрақ-жауап Дерматологқа қаралыңыз – Мектептен келетін оқушы қызымның шашынан әлсін-әлі бит-сірке тауып аламын. Мектеп басшылығы хабардар, бірақ ешқандай реакция жоқ, тазалаңдар дейді. Айтыңыздаршы, мұндай жағдайда қайда хабарласу керек? 13 ақпан 2014, 00:00 2 829 рет қаралды
Сұрақ-жауап 13 күннің дауы - Мен вахталық әдіспен 28 де 28 күндік кестемен жұмыс істеймін. Қазір бізді осы кесте бойынша жұмыс істеуге келісеміз деп арыз жазуға мәжбүрлейді. Бірақ жақында ғана заңнамаға вахта 15 күннен аспауы керек деген түзетулер енгізілді ғой. Жұмыс беруші біздің компаниямызда басқа жақтан келіп жұмыс істеушілер көп екенін, олардың көлік шығындарын төлеу тиімсіз екендігін айтып ақталады. Өз құқығымызды қорғау үшін қайда жүгінеміз? Шағымданамыз десек, бізді ауызша «ең нашар жұмысшылар» тізіміне енгіземіз деп қорқытады, әрі қарай жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін. 6 ақпан 2014, 00:00 3 030 рет қаралды
Сұрақ-жауап Терминалдық кезең – Терминалдың жоқтығына немесе оның жұмысындағы ақауларға қатысты шағымдарды қайда айтуға балады? 6 ақпан 2014, 00:00 2 183 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ереже бұзушыға жеңілдік – Сот шешімі шыққан бірінші күні айыппұл төлеуге дайын жол-қозғалысы ережесін бұзушыға айыппұл сомасының 50 пайызын төлейтін жеңілдік бар деп естідім. Осы рас па? 6 ақпан 2014, 00:00 1 837 рет қаралды
Сұрақ-жауап Арнайы мақсаттағы жер телімі – Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) мен жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) мақсатындағы жер телімдерінің айырмашылығы қандай? ЖҚШ мақсатындағы учаскеге салынған жылжымайтын мүлікті банкке кепілзат ретінде салуға бола ма? 30 қаңтар 2014, 00:00 2 808 рет қаралды
Сұрақ-жауап Келісім-шартта көрсетіледі – Біздің мекемеміз сатып алған тауарлар мен қызметтерді (кеңсе тауарлары, тамақ, кеңсеге арналған жиһаз, жанармай және т.б.) POS-терминалмен төлеу үшін банктен ЖШС-нің атына корпоративті кәртішке ашты. Кәртішке үшін салық басқармасы алдында қандай жауапкершілікте боламыз? Айлық лимит бола ма? Осы кәртішкені қолдану үшін қандай салықтар төлеуге тиіспіз? 30 қаңтар 2014, 00:00 1 596 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мемлекеттік нөмір қолжетімді емес – Көлік әуесқойлары алдағы уақыттағы жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жазаларды күшейту және айыппұлдарды арттыру жөніндегі мәселені белсенді түрде талқыға салуда. Кейбіреулері жарық шағылыстыратын үлдірдің, жарық шағылыстыратын бөлшектері бар лактың және бақылау камерасындағы суретті бұрмалайтын арнайы тордың көмегімен бақылау камераларынан мемлекеттік нөмірлерді жасыруды шындап ойлануға кіріскен. Мемлекеттік нөмірді осылайша «жасыру» әдісіне қатысты жол-патрульдік қызметінің пікірін білгім келеді. Көлік иелеріне осындай әдісті қолданғаны үшін қандай да болмасын жаза бар ма? 23 қаңтар 2014, 00:00 2 003 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мақұлдауға жатпайды – Жеңіл көліктер аспасының серіппесін кішірейтуге бола ма? Қазір көлік жөндеу орталықтарына серіппені қысқартуға жиі тапсырыс береді. Бұл жағдайда көліктің өзінің геометриясы өзгереді, шамдары жанына жарық түсіреді. Жол-патрульдік қызмет қайда қарап отыр? 16 қаңтар 2014, 00:00 3 072 рет қаралды
Сұрақ-жауап Аса ерекше аймақта – Менің ресми тіркелген екі аңшылық қаруым бар. Олар арнайы сейфте сақтаулы. Соңғы рет құжаттарды қайта ресімдеген кезде (бұл 5 жылда бір рет жасалады) ІІБ-дегілер қаруды сейфте сақтағаннан бөлек, бүкіл пәтерді дабыл жүйесімен жарақтауға тиіс екенімді айтты. Бұл талапқа қандай негіз бар? 9 қаңтар 2014, 00:00 2 123 рет қаралды
Сұрақ-жауап Себетіңіз бос болса – Мен жалғызбасты анамын. Сәбиімнің әкесінен ешқашан көмек алған емеспін. Оған тұрмысқа шыққан жоқпын, оның қазір қайда екенін де білмеймін. Мемлекеттен қандай да болмасын көмек, жәрдемақы, жеңілдік ала аламын ба? 12 желтоқсан 2013, 00:00 1 870 рет қаралды
Сұрақ-жауап Келешектегі камералар – 2012 жылы бізге, Жеті Қазына ықшамауданындағы №1-9 үйлерге бейнебақылау камераларын орнатуға уәде берген еді. Қалалық әкімдікке сұрау салғанымызда бізге 2013 жылдың аяғына дейін Атырау облыстық ІІД-нің №3, 5 және 9 үйлерге бақылау камераларын орнатуды жоспарлап отырғанын айтты. Жыл аяқталып қалды, бірақ жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Біздің ауламызда бесқабатты 9 үй бар. Көлік өте көп, түрлі жағдайлар орын алады. Камераларды орнатуды жеделдетуге болмай ма? 12 желтоқсан 2013, 00:00 2 262 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тасымал көлігі тапшы – Біз СМП-136, Депо және Қара депо ықшамаудандарында тұрамыз. Бізден қаланың оң жақ жағалауына дейін баратын тікелей маршрут жоқ. Бұрын №15 маршрут болған еді, бірақ оны алып тастады. Ол бізге өте қолайлы болатын, өйткені маршруттар №9 және 13 мектептердің жанынан өтетін. Енді біз оң жақ жағалауға дейін басқа маршруттарға ауысып мініп, жетуге мәжбүрміз. Бұған 2 сағаттай уақыт және күн сайын бірнеше жүз теңгеден кетеді. Балалар мектепке жаяу барады. Қыс басталғанда жағдай қиындап кетеді. Таяу уақытта ықшамаудандарды қаланың оң жақ жағалауымен байланыстыратын маршрутты қалпына келтіру жоспарда бар ма? 5 желтоқсан 2013, 00:00 2 343 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ақша болса, асфальт та болады – Біз Самал ықшамауданындағы №17 көшеде тұрамыз. Жолсызбен жүрсе, «Нұрсая бұрылысы» аялдамасына дейін тұтас бір шақырым, ал асфальтпен - одан да алыс болады. №4 маршрут «Болашақ» тұрғын үй кешеніне дейін, ал №30а маршруты әуежайға дейін барады. Олар Самалға соқпайды. Самал ықшамауданына дейін баратын маршрут қашан ашылады? Біздің ауданымызға асфальт төсеу қашан жалғасады? 5 желтоқсан 2013, 00:00 1 854 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бәрі бақылауға алынған – АЖЭО пәтерішілік ыстық сумен қамту есептегішін тексеруді талап етіп, тексеру кезінде ыстық сумен қамту төлемақысы тұтыну нормасы бойынша алынатынын айтты. Осы дұрыс па? 28 қараша 2013, 00:00 2 104 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ең болмаса газ берсе екен! - Біз Жұлдыз-3 ықшамауданының тұрғындарымыз, биыл үй салып көшіп келгенбіз. Су мен асфальтты айтпай-ақ қояйын, бізге газ қашан беріледі екен? Біздер жерімізді пайдаланбағандықтан кері қайтарып алады деп қорқып, үй салып, биыл міндетті түрде газ беріледі дегесін, пеш салмай, қазандық орнатып едік. Ал қазір күн суытып кетті, үйіміз салқын, кішкентай балаларымыз ауырып жатыр. 28 қараша 2013, 00:00 2 227 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жолақы– ата-анадан - Оқу үздіктері мектептегі каникул кезінде Көкшетаудағы Бурабай лагерінде тегін демалады дегенді естігенмін. Ал бізден мектепте жолдама алу үшін 30 мың теңге талап етіп жатыр. Бұл дұрыс па? 21 қараша 2013, 00:00 2 348 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жүйе осындай – Мен басқа жүкті әйелдер секілді есепке тұрғым келген еді. Гинекологқа жолдама жазып беретін терапевт дәрігердің кезегінде 2 сағаттан астам уақыт тұрдым. Ал ол маған бар болғаны кадастрлық нөмірді ғана берді. Келесі күні гинекологқа келдім. Сағат 10.00-де кезекке тұрған кезде менің алдымда 13 әйел тұрды. Мен дәрігерге тек 3 сағаттан кейін кірдім. Әр барған сайын жұмыстан сұранып кетуге тура келеді... 14 қараша 2013, 00:00 2 443 рет қаралды
Сұрақ-жауап Алдымен үй, акт содан соң – Қалалық әкімдікте жер пайдалануға мемлекеттік акт бойынша мәселелер неліктен ұзақ шешіледі? Мен қалалық жер бөліміне жер актісін 2013 жылдың 23 қаңтарына дейін ұзарту туралы өтініш жазған едім. Дайындау уақыты талонда 2013 жылдың 4 наурызы деп көрсетілген. Акт әлі күнге дейін дайын емес. Біз үй салуды жоспарлап отырмыз, үйдің іргетасын құйып қойдық. Бірақ жер телімінде уақытша баспана тұрғызылғандықтан, тұрақты актіні ресімдей алмаймыз. Тек уақытша акт қана бар, ол 2 жылға беріледі. Бірақ біз өзіміздің қаржылық мүмкіндігімізге қарай салып жатырмыз. Ал БТИ-дағылар уақытша баспананы тұрғын үй деп есептеп, тұрақты мемлекеттік актіні ресімдеуге болатынын, алайда қайта ресімдеу кезінде проблема туындап, олар енді құжаттарды өзгерте алмайтындықтарын айтты. 31 қазан 2013, 00:00 5 597 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мердігерлер уәдесінде тұрмады – Алмагүл ықшамауданындағы үйлердің цокольді қабаттарын балаларға арналған шағын орталықтар етіп қайта жарақтау жоспарланған еді. Бірақ қазір терезелері қирап, жылу тұрбаларының қатып қалу қаупі төніп тұр. Бұдан басқа, алақол тұрғындар ол жерге қоқыстар тастайды, ал бомждар от жағады. Біздің ықшамаудандағы цокольді қабаттардың тағдыры қашан шешіледі? Цокольдерді балалардың шағын орталықтарына қайта жарақтаумен айналысқан мердігерлерге не болды? 24 қазан 2013, 00:00 1 996 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ең болмаса, жарық берсе екен - Біздер Водников-2 ықшам ауданына ауыз су, электр жарығы, көгілдір отынның қашан қосылатыны және асфальт жолдың қашан төселетіндігі туралы білгіміз келеді. Жол бойына электр трансформаторы былтыр орнатылған еді, бірақ жарық әлі күнге берілген жоқ. Ал ауыз суды үйдегі бар ыдыстарға 3500-4000 теңгеге толтырып аламыз. Қыс болса, жақындап қалды, біз енді не істейміз, қайда барамыз? 24 қазан 2013, 00:00 3 116 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тыныштықты бұзған кім? – Біз Атырау локомотив депосының маңында тұрамыз. Тәулік бойына шуыл тұрады, ал түнімен тепловоздар гуілдейді. Қандай да болмасын шектеулер бар ма? 24 қазан 2013, 00:00 2 538 рет қаралды
Сұрақ-жауап Таксистке заң жазылмаған – Стихиялы тұрақжайға қатысты қаламыз үшін өте өзекті мәселені көтергім келеді. Таксистер жол қозғалысы ережелеріне қарамастан, көліктерін қиылыстарға, автобус аялдамаларына, аулаларға жақын жерге қояды. Бұл апатты жағдайларға жиі себеп боп жатады. Таксистерге басқа жүргізушілер, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жиі ескерту жасайды, бірақ олар елең қылмайды. 17 қазан 2013, 00:00 2 682 рет қаралды