Атырау, 23 желтоқсан 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Экология

​Көзге жас алдырған мереке Экология

​Көзге жас алдырған мереке

12 тамызда Атырауда кезекті Каспий күні атап өтілді.Салтанатты шараны Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC компаниясы Атырау облыстық әкімдігімен бірігіп ұйымдастырды. Мұнай компаниясы осыған орай "Мониторинг окружающей природной среды Северо-восточного Каспия при освоении нефтяных месторождений" кітабының таныстырылымын өткізді. 13 тамыз 2015, 23:25 3 108 рет қаралды
Шыдамдылық шегіндегі мазут тамшысы-2 Экология

Шыдамдылық шегіндегі мазут тамшысы-2

АМӨЗ маңындағы мазут дақтарына қатысты жайт жалғасын тапты. Сайттағы жарияланымнан кейін («Шыдамдылық шегіндегі мазут тамшысы»), Перетаска тұрғындарының айтуынша, мұнай өнімдері төгілген жерге екі трактор келіп, зауыт аумағындағы мазутталған топырақты тасып әкетті. 11 маусым 2015, 16:13 4 105 рет қаралды
Іздер «Сасықсайға» апарады Экология

Іздер «Сасықсайға» апарады

«АЖ» редакциясына 2014 жылғы «АМӨЗ және басқа өндірістік нысандардың (қала шеңберіндегі кәсіпорындар) қоршаған орта мен Атырау қаласы тұрғындарының денсаулығына әсерін кешенді зерттеу» нәтижелері белгілі болды. 9 маусым 2015, 12:02 3 411 рет қаралды
«Ербол, сәлем айтып бар!» (+ҚР президентіне үндеу) Экология

«Ербол, сәлем айтып бар!» (+ҚР президентіне үндеу)

Атырауда Каспий маңы мемлекеттерінің мемлекеттік органдары мен жеке компаниялар өкілдерінің қатысуымен «Экология және отын-энергетикалық кешендегі өнеркәсіптік қауіпсіздік. Теңіздегі және құрлықтағы мұнай төгіндісі» атты конференция өтті. 5 мамыр 2015, 11:18 4 544 рет қаралды
Балық жоқ, әңгіме көп Экология

Балық жоқ, әңгіме көп

Атырауға екі күндік іссапармен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Бағдат АЗБАЕВ келді. Облыстық аумақтық инспекцияда өткен брифинг кезінде ол «Бекіре-2015» операциялары туралы, Жайықтың түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу мерзімдері және «Жайық Балық» КМК-нің алға қарайғы тағдыры туралы сұрақтарға жауап берді. 30 наурыз 2015, 12:07 4 142 рет қаралды
Теңіз каналын салғаны -заңды бұзғаны Экология

Теңіз каналын салғаны -заңды бұзғаны

«Теңізшевройл» ЖШС үшінші буынды келешек зауытына арналған 386 мың тонна көлеміндегі жүктерді тасымалдау үшін Солтүстік-Шығыс Каспийдің ерекше қорғалатын мемлекеттік қорық аймағынан теңіз каналын қазбақшы. Каналдың ұзындығы 66 шақырым, ені 66 м, тереңдігі 4,8 м. 26 наурыз 2015, 00:00 2 855 рет қаралды
Тыңдау және прокурорлық қызығушылық Экология

Тыңдау және прокурорлық қызығушылық

«ЖТМ. Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігіндегі нысандарға арналған жүктерді тасымалдау маршруты» жобасына берілген рұқсат беру құжаттарының заңдылығына прокуратураның көз салғаны туралы бейресми ақпарат көздерінен белгілі болды. 3 ақпан 2015, 14:43 3 418 рет қаралды
Анда Қарашығанақ, мында «Болашақ»... Экология

Анда Қарашығанақ, мында «Болашақ»...

Батыс Қазақстан облысының Березовка ауылында 25 бала мен төрт ересек адам белгісіз затпен уланып, ауруханаға түсті. Жергілікті тұрғындар барлығына ауылдан бірнеше шақырым жерде орналасқан Қарашығанақ кен орны кінәлі екендігіне сенімді. Бұған қарап, атыраулықтардың да мазасызданатын жайттары бар: қаланың іргесінде «Болашақ» мұнай және газ тазалайтын ірі зауыт салынды. 3 желтоқсан 2014, 12:43 5 497 рет қаралды
"Канал құрылысы экологияға зиянын тигізеді" Экология

"Канал құрылысы экологияға зиянын тигізеді"

Бүгін, 26 қарашада Атырауда  «Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі нысандар үшін жүктер тасымалдау бағыты. Көлік кірме жолдары бар жағалау ғимараттары мен құрылыстар» жобасының Қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі «ТеңізСервис» ЖШС-нің қоғамдық тыңдауы өтеді. 26 қараша 2014, 16:30 5 844 рет қаралды
Сарықамысты еске алайық Экология

Сарықамысты еске алайық

Болашақта салынатын Үшінші буын зауытының қоршаған ортаға әсерін бағалау туралы жақында өткен қоғамдық тыңдауда ТШО өкілдері жергілікті халыққа осы ауқымды жобаны жүзеге асыру экологиялық жүйенің өзгерісіне әкелетіндей кері әсер етпейтінін, ал Жылыой ауданы тұрғындары денсаулығына төнетін қатер «қалыпты мөлшерде» болатынын сендіруге тырысты. 12 қараша 2014, 11:50 4 569 рет қаралды
Еш дайындықсыз өткен тыңдау Экология

Еш дайындықсыз өткен тыңдау

«Ұлттық индустриалдық мұнай-химиялық технопарк» арнайы экономикалық аймағының (АЭА) инфрақұрылымдық нысандары құрылысының қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау (ҚОӘАБ) бойынша өткен тыңдаудың жұртшылық тарапынан наразылық тудыруы ұйымдастырушылар үшін күтпеген жайт болды. Қоғамдық бірлестіктердің бірнеше белсенділері тыңдауды өткізілмеген деп тануды ұсынды. Қатысушылардың пікірінше, ҚОӘАБ әзірлеушілері тыңдауға дайындықсыз келген. 20 тамыз 2014, 10:42 3 710 рет қаралды
Миллиардтар қашан төленеді?-2 Экология

Миллиардтар қашан төленеді?-2

23 шілдеде Атырау облыстық сотының кассациялық алқасы экологиялық департаменттің 134,2 млрд теңге сомада экологиялық зиянды төлеу туралы ұйғарымын заңсыз деп тану туралы NCOC пен Agip KCO компанияларының талап арыздарын қарап, оны қанағаттандырусыз қалдырды. 23 шілде 2014, 17:38 2 707 рет қаралды
Тексеруге болмайды Экология

Тексеруге болмайды

10 маусым күні таңертең Атырау қаласының әр түкпірінде тұратын бірнеше тұрғыны сол күні түнде қалада өткір иістің сезілгеніне шағымданды. Біз бұл жайтты анықтау үшін облыстық экология департаментіне хабарластық.    19 маусым 2014, 00:00 2 500 рет қаралды
Сот 134 миллиард айыппұл туралы шешімді күшінде қалдырды Экология

Сот 134 миллиард айыппұл туралы шешімді күшінде қалдырды

6 маусымда Атырау мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың апелляциялық алқасы Аджип ККО мен NCOC-дың бірінші инстанция соты шығарған жалпы сомасы 134,2 млрд теңге экологиялық шығынды өтеу жөніндегі шешімге берген апелляциялық шағымын қарады. Шағым қанағаттандырылмады, бірінші инстанция сотының шешімі өзгеріссіз қалды. 8 маусым 2014, 19:48 3 658 рет қаралды
Қала түтін сасыған ауаның құшағында Экология

Қала түтін сасыған ауаның құшағында

Жыл аяғында Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Ербол ҚУАНОВ (суретте) Атырау тұрғындары үшін сенсациялық мәлімдеме жасады. Облыстың бас мемлекеттік экологы біздің қаламыздың ауасын уландырып, адамдарды шіріген жұмыртқаның иісімен тұншықтырып жатқан кәсіпорындардың атын атап, түсін түстеді. Кешенді зерттеудің алдын ала нәтижелерін (ол «АМӨЗ бен қала маңындағы басқа кәсіпорындардың қоршаған орта мен қала тұрғындарының денсаулығына әсері» деп аталады) Қуанов Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТЫҢ атына жазылған хатта баяндап берді. 26 желтоқсан 2013, 13:23 10 508 рет қаралды
Әрекет ету базасы: қоршап алып, жоя аламыз Экология

Әрекет ету базасы: қоршап алып, жоя аламыз

5 қарашада Солтүстік Каспий мұнай төгіндісіне экологиялық әрекет ету базасын (СКЭӘБ) Солтүстік-Каспий консорциумына жалға беру жөнінде ресми рәсім өтті. Жалға беру туралы келісімшарт «ҚМГ-Транскаспий» ЖШС (100 пайыздық ҚМГ еншілес компаниясы және СКЭӘБ меншік иесі) мен NCPOC Консорциумының агенттік компаниясы (жалға алушы) арасында жасалған. 6 қараша 2013, 11:11 3 651 рет қаралды
Гүлнара ТАУМАНОВА: «Азғыр мен Тайсойғанда генетиктер жұмыс істеуі тиіс» Экология

Гүлнара ТАУМАНОВА: «Азғыр мен Тайсойғанда генетиктер жұмыс істеуі тиіс»

Реаниматолог-дәрігер, эколог, медицина ғылымдарының кандидаты Гүлнара ТАУМАНОВАНЫ Азғыр өңірінің байырғы тұрғындары жақсы таниды. Ол 1991-1997 жылдары  азалы Азғыр полигонында Ресей ғалымдарынан құралған экспедиция құрамында ядролық сынақ зардаптарын зерттеп, сонда жұмыс істеді. Көптеген азғырлықтар радиацияның таралуы салдарынан түрлі ауруларға ұшырап, азап шекті. Олардың жан азабы мен тән азабы әлі күнге дейін оның көз алдында. 10 қазан 2013, 00:00 5 351 рет қаралды
Экология департаменті «ЖайықМұнайГазбен» соттасуда Экология

Экология департаменті «ЖайықМұнайГазбен» соттасуда

Биылғы жылдың маусымында облыстық экология департаментінің қызметкерлері «ЕмбіМұнайГаз» АҚ бөлімшесінің бірі – «ЖайықМұнайГаз» МГӨБ-нің қатарынан үш кеніште ауаны ілеспе газбен бүлдіріп жатқанын әшкерелеген еді («АЖ», 10.06.13 ж., «Газ, көзбояу және бейнежазба» жарияланымын қараңыз). Қазіргі уақытта Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыны кері қайтарып алуына байланысты департаменттің «ЖайықМұнайГазға» осы кеніштерде мұнай өндіруді тоқтату туралы талап-арызы қаралуда.  19 қыркүйек 2013, 00:00 3 960 рет қаралды
База ҚМГ еншілесінің меншігіне өтті Экология

База ҚМГ еншілесінің меншігіне өтті

Солтүстік Каспий мұнай төгіндісіне экологиялық әрекет ету базасының жаңа меншік иесі, бұрын оның басшысы Владимир БОЖКО мәлімдегендей, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік емес, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы – «ҚМГ-Транскаспиен» ЖШС болды. Бұл туралы 18 қыркүйекте Солтүстік Каспий жобасы бойынша 2014 жылға табиғат қорғау шараларының жоспары бойынша өткен жұртшылық тыңдауында мәлім етілді. 19 қыркүйек 2013, 15:40 3 946 рет қаралды