АМӨЗ маңындағы мазут дақтарына қатысты жайт жалғасын тапты. Сайттағы жарияланымнан кейін («Шыдамдылық шегіндегі мазут тамшысы»), Перетаска тұрғындарының айтуынша, мұнай өнімдері төгілген жерге екі трактор келіп, зауыт аумағындағы мазутталған топырақты тасып әкетті.
Қалалық прокуратура шұғыл әрекет етті. 10 маусымда Атырау қаласының прокуроры Руфат ҚҰТТЫҚОВ «Прокуратура туралы» ҚР заңының 6- және 29-бабын басшылыққа ала отырып, облыстық экология департаментіне тексеру жүргізу қажеттігі, төгінді себебін, қоршаған ортаға зиянды және кінәлі тұлғаларды анықтау туралы талапты жолдады.
Экология департаменті осы факті бойынша тексеруді бастап кетті.
АМӨЗ-дің ескі мұнай коллекторының жанар-жағармайдың төгілу көзі ретінде қаралып жатқандығы белгілі болды. Перетаска тұрғындары да осылай жорамалдап отыр.
Коллектор 1985 жылы тұмшаланған екен, бірақ жылдар өте аға бастаса керек, мазут біртіндеп топыраққа сіңген. Ал таяудағы қатты нөсерден кейін су оны топырақ бетіне шығарып жіберген.
Қазір экологтарға төгінді ауқымын анықтау жұмысы тұр. Ал ол мазут дақтары бар алаңға және оның пайда болу мерзіміне қарағанда (екі жыл бұрын) аз емес.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
Суретті түсірген Қанат МАХАМБЕТ