10 маусымда «АМӨЗ» ЖШС-нің санитарлық-қорғау аймағының аумағында зауыттан
Олар 50х70 шаршы метрде орналасқан. Кей жерлердегі топырақтарға мазут сіңген. Ал екі жерде мұнай өнімдерінен тұтас көлшіктер түзіліпті.
Мұнайды терең өңдеу кешенінің салынуына байланысты үйі күреуге кететін осы ауданның тұрғыны Светлана ИСМАГУЛОВАНЫҢ (суретте) айтуынша, бұл мазут дақтарын жергілікті тұрғындар екі жылдан бері байқап келеді – бірақ осы жолғы көлемдегідей емес.
Ер адамдар мұнай өнімдерін зауыттан Ширина поселкесіндегі мұнай базасына апару үшін осы жерден өткен ескі мұнай коллекторынан төгілген болар деп жорамалдайды.
– Шамасы, ашық түсті мұнай өнімдерінің жолағын толық тұмшалап тастаған шығар немесе ашық түсті мұнайлар тез буланатын болар. Ал күңгірт мұнай өнімдерінің жолағын, шамасы, жаппаған. Ал енді мазут бетіне шығып жатыр, - деп әңгімелейді тұрғындар.
Облыстық экология департаментінің басшысы Ербол ҚУАНОВ «АЖ»-ға қызметкерлерінің бүгінгі күні мұнай өнімдері төгілген жерге барып келгенін хабарлады. Осы факті бойынша тексеру басталған. Оның нәтижелері туралы баспасөзге хабарланатын болады.
Мұнай өнімдері төгілген жерге жиналған адамдардың айтуынша, мазут дағы – шыдамның шегіне жеткізген соңғы тамшы болыпты.
– Қазір жаз, ыстық, оның үстіне күн сайын таң атса шіріген жұмыртқаның иісі келеді. Өзіміз де, балаларымыз да тұншығамыз. Қыста суық, айналаның бәрі қатып қалады. Шығарындылар болса да, тыныстауға болады ғой. Ал қазір бұл жерде өмір сүру мүмкін емес, - дейді Перетасканың наразы тұрғындары. - Өйткені хош иісті көмірсутек өндіру кешенін іске қосты. Ол тіке үйлерімізге шығып тұр, алауы тәулік бойына гүрілдеп, балалардың зәресін алады. Енді келіп мына дақтар пайда болды. Балалар осы жерге ойнауға келеді. Неліктен бізді әлі күнге дейін көшіре алмай отыр? Жарты жыл ішінде бес үйдің біреуінің ғана мәселесін шешті. Көшірудің екінші кезеңі шеңберінде 250 үйге қатысты мәселе қалай және қашан шешіледі?
Лаура СҮЕЙМЕНОВА
Суретті және бейнежазбаны түсірген Қанат МАХАМБЕТ