Атырау, 21 желтоқсан 09:58
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Қажет болса, жабамыз!»

2 574 просмотра

2013 жылы Атырау облыстық экология департаментінің тексеру нәтижелері бойынша 352 заң бұзушылық анықталды. Олар бойынша 16,6 млн теңге сомаға 137 ұйғарым берілді. Осы айыппұлдардың басым бөлігі төленген жоқ.

Облыстық экология департаментінің басшысы Ербол ҚУАНОВТЫҢ айтуынша, 70 ұйғарым Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жолданған. Сот олардың 12,8 млн теңгеге 18-ін ғана қанағаттандырды. Қалғандары түрлі сот инстанцияларында қарауда жатыр.

2013 жылы «Ренко Кат» ЖШС АФ-ын жоспарлы тексеру кезінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз кәсіпорынның база аумағында рекультивация жұмыстарын жүргізіп жатқандығы анықталды. Сот шешімімен рекультивациялық жұмыстар тоқтатылды.

«Локомотивтік сервис орталығы» АҚ АФ-ны жоспарлы тексеру кезінде ағын суларға арналған тазарту құрылғыларының жарамсыздығы анықталды. Бүгінгі күні сот шешімімен қызмет көрсету бойынша кәсіпорын қызметі ақауды жойғанға дейін тоқтатылды.

«Оңтүстік-Шығыс Новобогат», «Шығыс Мақат» және «Жаңаталап» кеніштерін игеріп жатқан «Ембімұнайгаз» АҚ-ын жоспардан тыс тексеру кезінде ілеспе-өндірілетін газды кәдеге жарату тұрғысындағы жұмыстардың жобада қарастырылған технологиялық сызбаға сәйкес келмейтіндігі анықталды. «АЖ» осы кеніштерде газбен ауаны бүлдірудің тағылық әдістері туралы хабарлады Газ, көзбояу және бейнежазба»). Бүгінгі күні үш кенішті игеру сот шешімімен тоқтатылды.

- Мен көрсеткіштерді қуалап отырған жоқпын, - дейді Е.Қуанов. – Егер табиғат пайдаланушы заңды бұзса, онда осы айыппұлдардың салынып, әкімшілік процестің болатындығы сөзсіз. Менің басты мақсатым миллиардтарды өндіріп алу емес. Мен тұрақты экологиялық ахуалды қамтамасыз етуге тиіспін. Сол үшін қатаң шаралар алуға тура келеді. Оның үстіне, экология департаментінің өкілеттігі айыппұл салу мен  экологиялық зиянды есептеуден анағұрлым ауқымды. Өткен жылы сот шешімінің негізінде біз үш кеніштің және басқа кәсіпорындардың қызметін тоқтаттық. Мұндай жағдай ешқашан болмаған еді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

3 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.