Атырау, 21 желтоқсан 07:10
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Іздер «Сасықсайға» апарады

3 302 просмотра

Image 0«АЖ» редакциясына 2014 жылғы «АМӨЗ және басқа өндірістік нысандардың (қала шеңберіндегі кәсіпорындар) қоршаған орта мен Атырау қаласы тұрғындарының денсаулығына әсерін кешенді зерттеу» нәтижелері белгілі болды.

Жұмысты атмосфералық ауаны қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы жүргізді. Атап айтқанда, 2014 жылдың 4-ші тоқсанында Атырау аумағындағы автомобиль көлігі шығарындыларының уыттылығы бағаланды. Дизель автокөлігінің пайдаланылған газ уыттылығы деңгейін өлшеу нормативтік талаптармен салыстырғанда тексерілген көліктердің 27 пайызы жоғары түтіндікке ие екенін көрсетті. Олардың көпшілігі – КамАЗ-дар.

Оларда пайдаланылған газдың уыттылық деңгейі 41,2 пайыздан 100 пайызға дейінгі мөлшерде болды. Сонымен қатар уыттылықтың нормативтен тыс деңгейі МАЗ, ГАЗ-3307 және SETRA S215 көліктерінің пайдаланылған газдарынан табылды.

Әңгіме негізінен ресейлік және белоруссиялық өндірістегі, орташа алғанда шыққанына 15 жыл болған көліктер туралы болып отыр.

Бензин қозғалтқышы бар көліктерді зерттеу әрбір үшінші автоның нормаға сәйкес келмейтінін көрсетті. Пайдаланылған газда негізінен көмірсу тотығының артуы тіркелді. Көліктердің басым бөлігінде – ресейлік өндірістегі, шығарылғанына орташа алғанда 5 жыл болған жоғарғы уыттылық деңгейі анықталды.

Германиялық өндірістегі, орташа алғанда шығарылғанына 17 жыл болған көліктер екінші орында. Үшінші орынды орташа жасы 13 жыл болған жапондық көліктер иеленіп отыр.

Орталық қызметкерлерінің пікірінше, бұл жұмысты түрлі маусымдарды және маршрут автобустарын қосқанда, көліктердің көп мөлшерін қамтып, жалғастыру керек.

Сонымен қатар, өткен жылдың 4-ші тоқсанында Атырауда атмосфералық ауа сапасына зерттеу жүргізілді. Күкіртсутек бойынша шекті рұқсат етілген концентрацияның (ШРК) шамадан тыс асуы басқаларына қарағанда «АМӨЗ» ЖШС-нің «Сасықсай» булану алаңына жақынырақ орналасқан Аджип ККО-ның «Вест ойл» бақылау станциясында тіркелген. «АМӨЗ» ЖШС, «Пропарка» және «Химпоселке» бақылау станцияларында едәуір артқан мөлшер тіркелген. «Мирный», «Авангард», «Жилгородок», «Привокзальный», «Перетаска», «Әкімдік», «Шағала» бақылау станцияларында ШРК-ның азғана асқаны тіркелген.

Күкіртсутек бойынша бүкіл ШРК-ден асу деңгейі түнгі және ерте таңмен тіркелген, зерттеушілердің пікірінше, бұл рұқсат етілмеген, қысқаша айтқанда, Атыраудың ауа атмосферасына тасталған күкіртсутектің құпия эмиссиясы туралы болып отырғанын білдіреді. Дегенмен, жазғы уақытта ауада күкіртсутек күзге қарағанда көп болады. Зерттеушілер, бәлкім, бұл бір жағынан ыстық кездегі «Сасықсай» жасанды су қоймасының беткі қабатындағы булану қарқындылығының ауқымдылығынан, екінші жағынан – талдау нәтижесі көрсеткендей, булану алаңының маңында шоғырланған күкіртсутектің әзірге белгіленбеген атмосфераға тасталатын лимиттен тыс (рұқсат етілмеген) шығарынды көздерінің анағұрлым белсенді жұмыстарынан туындауы мүмкін деп есептейді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

9 маусым 2015, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.