Атырау, 18 маусым 07:46
Күндіз ашық+32, кешке +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 383.43  € 429.83  P 5.96

Қала түтін сасыған ауаның құшағында

26 желтоқсан 2013 13:23

Жыл аяғында Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Ербол ҚУАНОВ (суретте) Атырау тұрғындары үшін сенсациялық мәлімдеме жасады. Облыстың бас мемлекеттік экологы біздің қаламыздың ауасын уландырып, адамдарды шіріген жұмыртқаның иісімен тұншықтырып жатқан кәсіпорындардың атын атап, түсін түстеді. Кешенді зерттеудің алдын ала нәтижелерін (ол «АМӨЗ бен қала маңындағы басқа кәсіпорындардың қоршаған орта мен қала тұрғындарының денсаулығына әсері» деп аталады) Қуанов Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТЫҢ атына жазылған хатта баяндап берді.

БҮКІЛ РАУШАН ЖЕЛІ БІЗГЕ ҚАРСЫ

Атырау қаласының картасына қарап отырып, көз алдына елестеткен жан тұншығып қалуы мүмкін. Қала АМӨЗ, АЖЭО, «ППС Ойл Тренд» жуып-шаю стансасы, «Каспийпромстройнедвижимость» (КПСН) ЖШС базасы, Жаңа мұнай базасы, «Ақжайық-7» ЖШС (жылжымалы теміржол құрамын жөндеу және жуып-шаю), Ширина поселкесіндегі мұнай базасы, Асфальт-бетон зауыты, ТБО, АНУ, КТК, «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы секілді тұтастай өнеркәсіп кәсіпорындарымен қоршалған (соңғысы, әрине, шалғайлау, Қарабатанда орналасқан, бірақ Қуанов күкіртсутекке қалаға жету үшін 15 минут жеткілікті деп растайды).

Бұл кәсіпорындардың қала төңірегіндегі шеңберді тұйықтап тастауы, жел қай жақтан соқса да, біздің мүмкіндігіміздің жоқ екендігін білдіреді. Булану алаңы да жаман иіске өз үлесін қосады: сол жақ жағалауда бұл «Сасықсай». Оған өнеркәсіптік кәсіпорындарды қосқанда, бүкіл қаланың қалдықтары құйылады. Оң жақ жағалауда бұл «Квадрат».

Біз 2010 жылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық комиссияның шешімі бойынша Атырау мұнай өңдеу зауыты мен қала шеңберіндегі басқа өндірістік нысандардың қоршаған орта мен Атырау қаласы тұрғындарының денсаулығына әсерін кешенді зерттеу жұмыстарының басталғанын жазған едік. Бұл зерттеу әлі аяқталған жоқ. Бірақ 2007-2011 жылдары қаладағы ауа қабатынан күкіртсутек, күкіртсутек диоксиді мен азот диоксидінің артқаны анықталды. Күкіртсутек бойынша шектеулі рұқсат етілген шоғырлану (ШРШ) мөлшерінің асуы, әсіресе, түнгі уақытта, айрықша мәнге – 140 есеге жетті.

Мұндай фактілер 2012 жылы орын алды және әлі күнге дейін жалғасып келеді, - дейді Қуанов. – Осыған байланысты Экология департаментінің бастамасы бойынша, 2013 жылдың қазанында «Ақжайық 7» ЖШС, "ҚазТрансОйл" АҚ «Т. Қасымов атындағы» ГНПС " АНУ БФ, «АтырауСуАрнасы» КМК булану алаңының санитарлық-қорғаныс аймағының шегінде ауа сапасын көп компонентті зерттеу жұмыстары басталды.

Атырау мұнай өңдеу зауыты.Атырау мұнай өңдеу зауыты.АУАНЫ БҮЛДІРГЕН КӘСІПОРЫН ЖАБЫЛАДЫ

Жұмысты «Республикалық атмосфералық ауаны қорғау ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-нің экологиялық мониторинг сынақ зертханасының қызметкерлері Экология департаментінің аналитикалық бақылау бөлімі сынақ зертханасы қызметкерлерімен бірігіп  жүргізді. 12 мыңдай аспаптық өлшемдер жүргізілді. Мұның нәтижелері өте нашар болып шықты.

«Ақ Жайық-7»ЖШС мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдайтын вагондарды жөндеумен және жуып-шаюмен айналысады. 2013 жылдың 10 қазанында, 02.00-03.00 сағат аралығында атмосфералық ауада оның санитарлық-қорғау аймағының (СҚА) шекарасында ық жақтан елді мекендегі атмосфералық ауадан шекті рұқсат етілген мөлшерден 70 есе асатын күкіртсутектің ауытқыған өте жоғары концентрациясы тіркелді.

Ал СҚА-дан 500 метрдей қашықтықта желдің бағыты бойынша шекті рұқсат етілген мөлшерден 25 есе асатын күкіртсутек концентрациясы  тіркелді. Мұнда желдің жылдамдығы төмен болды.

11 қазанда сағат21.00-22.00-де осы СҚА-да 25ШРК-ден астам күкіртсутек концентрациясы тіркелді. СҚА шекарасынан 400 метр қашықтықта желді жақтан 10 ШРШ және ықтын жақтан 10-нан астам ШРШ байқалды. Мұндай мысалдар жеткілікті.

Мемлекеттік сараптамаға және СЭС қорытындысына сәйкес, «Ақжайық-7» ЖШС 100 метрге дейінгі СҚА көлемі бар 4-ші дәрежелі қауіпті нысанға жатқызылған.

Алайда ластаушы заттардың нақты таралу аймағы тұрғын үйлер мен Уәлиханов атындағы №9 мектепті қамти отырып, бекітілген СҚА көлемінен әжептәуір асады. Бұл осы аудандағы тұрғындардың денсаулығы мен ауа сапасына теріс әсерін тигізеді, - дейді Қуанов. – Сондықтан, СЭС пен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы қайтарып алынуға тиесілі. Осы факті бойынша департамент тексеру жүргізіп, тиісті материалдар әзірленуде.

«Ақжайық-7» ЖШС қызметі тоқтатылатын болады.

ЭСТАКАДАДАН  ШЫҚҚАН ГАЗ

"ҚазТрансОйл" АҚ «Т. Қасымов атындағы» ГНПС " АНУ БФ кәсіпорнында да түнгі уақытта 1,6 есе ШРК-дан асатын күкіртсутек концентрациясы тіркелді. Бұл жағдайда, Қуановтың айтуынша, атмосфералық ауа сапасына мұнай құятын және төгуге арналған эстакадалар теріс әсер етеді екен. АНУ аумағында тұрған ыдыстарға, мәселен, құрамында күкіртсутегісі көп Теңіз мұнайы құйылады. Тек бір ыдыс қана арнайы газ тұтатын жүйемен жабдықталған, ал екіншісі – ескі, кеңес дәуірінен бері келе жатыр. Бұл резервуарды мұнаймен толтырғанша, бүкіл қалаға иісі жайылып кетеді. 

Егер АНУ, АМӨЗ-дің және басқа кәсіпорындардың бүкіл құю-төгу эстакадаларын қаладан алып тастаса, онда автоматты түрде цистерналарды жуып-шаю және буландыру пункттері де алынады, - дейді Қуанов. – Ал бұл қала ішінде теміржол тармағы болмайды деген сөз. Рельстерді бұзып, орнына парктік аймақ жасауға болады. Жақында бас жоспардың таныстырылғандығын ескеріп, біз облыс әкіміне хат жазып, өз ұсынысымызды енгіздік. 

Біз осы бүкіл нысандарды бір күнде қаладан шығарып тастай алмайтынымызды түсінеміз. Бірақ бұл жұмыстарды бүгіннен бастауымыз керек. Бұл кәсіпорындар жобалау-сметалық құжаттарын жасақтап, жер телімін қала сыртынан іздесін. Осы нысандардың барлығы экологиялық ахуалға және халық денсаулығына теріс әсер ететінін нақты білеміз. Сондықтан жақ ашпастан, қол қусырып отыра алмаймыз.  

Сондықтан мен облыс әкіміне жағдайды суреттеп, денсаулық сақтау мекемесінен мәліметтер алдым, енді іске кірісе бастаймын.

Біз өндірісті тоқтатудың өте шығынды нәрсе екен түсінеміз, бірақ халықтың денсаулығына да бей-жай қарай алмаймыз. Біз оларға: бизнестеріңізді жауып тастаңыздар демейміз, біз нысандарды қала сыртына көшіруді ұсынамыз.

АНУ-ға қатысты бұл қиын болады, өйткені ол жерде әңгіме магистральды мұнай құбыры туралы болып отыр. Бірақ мен оларға Экология департаментінен келісім алу үшін сіздер ең болмаса 2014 жылы жеңіл шығарындылардың фракцияларын тұтып қалатын жаңа жабдық сатып аламыз деген жоспарларыңызды көрсетіңіздер дедім. Мен оны Марстан әкеліңдер деп отырған жоқпын ғой. Мұндай технология бар, ол барлық жерде қолданылады. Ал егер солай болса, неліктен бізде қолданбайды? 

БАЙҚАТПАЙ ТӨГЕДІ

Осындай шекті рұқсат етілген мөлшерден күкіртсутектің асқандығы әлденеше рет «Каспийпромпстройнедвижимость» мұнай базасында тіркелді.

Бұдан басқа, тексеру барысында 2013 жылы КПСН қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау жобасында және оған берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысында қарастырылмаған 13,6 мың тонна мұнай, 1,7 мың тонна газойл және 1,8 мың тонна мұнай қалдықтарының қоспасын құйып, сақтап, төккені анықталды. Сотқа жолдау үшін тиісті материалдар әзірленуде.

Атырау ЖЭО.Атырау ЖЭО.АМӨЗ-ДІҢ ТҮНГІ ГАЗЫ

2012 жылғы АМӨЗ аумағына жүргізілген аспапты өлшеулер, сондай-ақ Аджип ҚКО-ның ауа сапасына мониторинг жүргізу автоматты станциясының 2013 жылғы мәліметтері зауыт қызметінің қала атмосферасының сапасына кезеңдермен жағымсыз әсер ететінін анықтады.

Мәселен, 2012 жылғы 24 тамыздағы сағат 01.46 - 02.24 аралығындағы кезеңде күкірт сутегі бойынша 1,2 ШРШ және 1,5 ШРШ, ал 28 тамызда 05.25 және 07.40 аралығында азот диоксиді бойынша (1,34 ШРШ), күкірт сутегі (1,8 ШРШ), өлшемді бөліктері бойынша (1,08 ШРШ) артулар тіркелген.

Сонымен қатар, Аджип ҚКО-ның ауа сапасына мониторинг жасау станциясы (АСМС) деректері бойынша, Химпоселокта, Авангард пен Жилгородок аумағындағы тұрғын үй массивтерінде күкірт сутегі бойынша артулар тіркелді.

Атап айтсақ, АСМС деректері бойынша, Жилгородокта 22.20 сағатта ауадағы күкіртсутектің шоғырлануы жел оңтүстік шығыстан соққанда ШРШ-тан 1,6 есе артқан.

Әрі қарай, 22.20 мен 22.40 аралығы кезеңінде Химпоселокте күкірт сутегі бойынша ШРШ-тан арту солтүстік батыс жақтан соққан жел кезінде 7,8-10 есе көтерілген.

Мұндай мысалдар жалғыз бұл емес.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 25 қарашасында "АМӨЗ" ЖШС қызметкерлері экологиялық нормаларды бұза отырып, №22 резервуарды буландыруды жүзеге асырған, мұның салдарынан атмосфераға зиянды заттар лақтырылған.

Прокуратурамен бірлесе жасаған Департаменттің тексеруі осы жылдың қарашасында "АМӨЗ" ЖШС №22 резервуармен қатар №20 және №141 резервуарларды буландырған, бұлар да зиянды заттардың тасталуына әкеп соқтырды.

Ауа сапасына АМӨЗ-дің мұнай және мұнай өнімдерін құю және ағызу эстакадалары да зиянды әсер етеді, өйткені олар зиянды заттардың атмосфераға шығуына толықтай жол бермейтін сәйкесінше заманауи қондырғылармен жабдықталмаған.

"Om Trade Oil"ЖШС-тің мұнай өңдеу зауыты  2010 жылдан бері Атырау қаласындағы бұрынғы химия зауытының базасында тауар мұнайын өңдеуді жүзеге асырады. Оның қызметі қаладағы түнгі мезгілде шығатын күкірт сутегі мен көмір сутегінің иісі сол себептерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, негізгі қала ауасын ластаушылардың қатарына "АЖЭО" АҚ, "ППС Ойл Трейд" ЖШС-тің шаю станциясы, "Батыс" ЖШС және "Дельта Альянс" ЖШС-тердің құю-ағызу эстакадалар, мұнай базалары және т.б. жатқызуға болады.

"Болашақ" зауыты (Қарабатан).САСЫҒАН ДҮНИЕ

Қаланың атмосфералық бассейнін ластауда "Арнайыавтобаза" КМК, "АтырауСуАрнасының" кәріздік-сорғылық станциясы (КСС), "Сасық өзек" (сол жағалауда) және "Квадрат" (оң жағалауда)буландыру алаңдары да үлкен рөл атқарады.

2012 жылы "Қоршаған ортаны қорғау бойынша аналитикалық зертханасы" ЖШС-тің жүргізген зерттеулері нәтижелері бойынша, "Алмагүл" КСС нүктесінде күкіртсутегі бойынша 33,8 есе, формальдегид - 3,6 және фенол 1,2 есе ШРШ-тан артқаны анықталды.

Сондай-ақ, КСС-14 лақтырындылары аймағында күкір сутегі бойынша 39,8 есе, формальдегид бойынша 9,7 есе ШРШ-тан арту тіркелді.

2012 және үстіміздегі жылғы буландыру алаңдарынан алынған ауа сынамаларына жүргізілген анализдер күкірт сутегі (40 есеге дейін), формальдегид (10 есеге дейін), аммиак, фенол және жалпы көмір сутегі бойынша ШРШ-тан артулар орын алғанын көрсетті.

Осылайша, қала бағытына жел тұрғанда, "Сасық өзек" қала атмосферасын ластауға үлкен үлес қосады.

Бүгінде қаланың оң жақ жағалауының кәріздік тазалау жүйесі жұмыс жасамай тұрғанын, күрделі жөндеу керектігін айтып өткен жөн.

Осыған байланысты оң жағалаудың сарқынды сулары сәйкесінше тазалаусыз жіберіліп жатыр, бұл да қала атмосферасына зиянды әсерін тигізуде.

Осы екі буландыру алаңдарына сарқынды сулармен қатар кезеңдермен мұнай өнімдері де тасталады.

ОБЫР ІСІГІ

"Болашақ" зауыты (Қарабатан). Зерттеулердің нәтижелері бойынша, соңғы 20 жылда Атырау қаласының халқы арасында сүйек-бұлшық ет жүйелері аурулары (9 есе), қан және қан айналым органдарының аурулары (6 есе), тума сырқаттар (дамымай қалу), деформациялар мен хромосомалық бұзылушылықтар 3,8 есе артқан.

Қаланың ересек тұрғындары арасында тыныс алу органдарының ауруларының өсуі анықталған: 2008 ж. – 7 870,  2011 – 11 846,  2012 жылы– 8 469.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының сарапшыларының айтуынша, барлық аурулардың 23%-ы, обыр ауруының 25%-ы қоршаған ортаның ластануы факторымен тығыз байланысты.

Егер 2010 жылы обырдың барлық түрлері бойынша жаңа жағдайлар 100 мың адамға 160 адамнан келсе, 2012 жылы бұл көрсеткіш 165 адамды құрағанын атап өткен жөн. Атырау қаласы осы ауру түрі көрсеткіші бойынша облыстық деңгейден асып кеткен.

ЭКОЛОГИЯ ҰСЫНАДЫ...

Атырау облысы бойынша экология департаментінің ұсынысымен облыстық прокуратура жоғарыда аталған фактілер бойынша тексеру жүргізуге Бас прокуратурадан рұқсат алды.

Осыған байланысты Департамент Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау және көлік прокуратурасымен біріге отырып, Т. Қасымов МӨС, "Қазтрансойл" АҚ БФ, "АЖЭО" АҚ, "ППС Ойл Трейд" ЖШС, "Батыс" ЖШС және "Дельта Альянс" ЖШС кәсіпорындарының, сондай-ақ мұнай базалары мен мұнай және мұнай өнімдерін құю-ағызу эстакадалары бар басқа да субъектілер қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр.

26 қарашада экология департаменті облыс әкіміне келесі ұсыныстар жазылған хат жіберді:

1. "АМӨЗ" ЖШС, "Қазтрансойл" АҚ БФ мұнай және мұнай өнімдерін құю-ағызу эстакадаларын және басқа да шаруашылық субъектілерін қала сыртына шығару мәселесі бойынша мүдделі өкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен кеңес өткізу;

2. Атырау қаласы Бас жоспарына түзетулер енгізу жобасын қарағанда және бекіткенде келесі шараларды қарастыру:

- Атырау қаласының ТТҚ полигонын алыс жерге (қаладан кемінде 15-20 шақырым) көшіріп, қазіргі полигонды жою;

- қаланы Жайық өзенінің екі жақ жағалауында да сәйкесінше қуаты мен тазалаудың озық технологиясы бар тазалау құрылғыларымен қамтамасыз ету, "Сасық өзекті" жою;

- барлық шаю станцияларын, мұнай базаларын, мұнай және мұнай өнімдерін құю-ағызу эстакадаларын қаладан 15-20 шақырым жерге көшіру;

- босаған жерлерді көгалдандыру мен саябақтық аймақ құруға беру.

3. Атырау қаласы әкіміне тапсырма беру:

- қала аумағынан өндірістік нысандар салуға жер телімдерін бергенде, жоспарланып отырған шаруашылық қызметі түрлеріне үлкен мән беру, сондай-ақ Департаменттің келісімін алу.

Осылайша, қаладағы экологиялық ахуалдың қиындығын есепке алып, Департамент үстіміздегі жылы "ПромИнвестИнжиниринг" ЖШС-тің газ турбиндік электр станциясын және "Каспийпромстройнедвижимость" ЖШС-тің шағын мұнай өңдеу зауытын салу және жобалау үшін жер телімін таңдау актісіне келісім берген жоқ;

- Атырау мұнай өңдеу зауытымен, техникалық қызмет көрсету станцияларымен және көлік құралдарына сервистік қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындармен жарамсыз мұнай өнімдері мен майларды жоюға тапсыру жөнінде меморандумға қол қою.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

6187 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4