Атырау, 21 желтоқсан 10:11
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Атыраудың ауасын бүлдіріп жатқан біз емес»

3 015 просмотра

«АМӨЗ» ЖШС таратқан 2013 жылғы табиғат қорғау шаралары туралы баспасөз хабарламасының түпкі мағынасын осылай түсінуге болады.

Баспасөз хабарламасында былай жазылған: «2013 жылы АМӨЗ атмосфераға зиянды заттарды лақтыру және сарқынды сулармен шығарылатын зиянды заттар бойынша рұқсат етілген лимиттен асқан жоқ.

Зауыттың санитарлық-қорғаныс аймағында (СҚА) атмосфераның ластануына шұғыл әрекет етуге арналған автоматты атмосфералық ауаның сапасын бақылау станциясы қондырылған. Бұл станциялар кәсіпорын қызметі әсерінен зиянды заттардың шекті рұқсат етілген шоғырлануынан (ШРШ) артуын тіркеген жоқ...Зиянды заттардың ШРШ-тан артуының тіркелуі станциядан зауыт бағытына қарай жел соққанда ғана байқалды».

Хабарламада АМӨЗ-де ірі жобаларды жүзеге асыруға байланысты санитарлық-қорғаныс аймағы санитарлық нормаларға сәйкес, ластану көздерінен 1 000 метрді құрайды. Атырау қаласының шекарасын кеңейтуге байланысты зауыттың санитарлық-қорғаныс аймағына Сол жақ Перетаска тұрғын массивінің үйлері кіріп кетті. Бұл үйлердің тұрғындары мұнайды терең өңдеу кешенінің (МТӨК) құрылысы аяқталғанша көшірілетін болады. Зауыттың санитарлық-қорғаныс аймағының тұрғын үйлер орналасқан жағындағы жалпы ауданы 16 га аумағын көгалдандыру және абаттандыру жалғасуда. 2005 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың кешенді экологиялық бағдарламасы аясында АМӨЗ-де газды күкіртті қоспалардан тазарту, сондай-ақ зауыттың отын балансындағы күкіртті сұйық отынды ауыстыру жүргізіледі. Бұл күкіртті ангидридті атмосфераға лақтыруды азайтуға мүмкіндік берді. Мәселен, 2013 жылы 2005 жылға қарағанда 88,7%-ға, яғни, 3 549 тоннадан 401,8 тоннаға дейін азайтылды. Зауыттың отын балансындағы күкіртті және аз күкіртті сұйық отын 2013 жылы 2009 жылға қарағанда 79,3%-ға, яғни 30 172 тоннадан 6 246 тоннаға дейін төмендетілді.

2013 жылы зауыт табиғат қорғау шараларына барлығы 2,9 млрд теңге қаржы бөлді. Соның ішінде ауаны қорғауға – 1 млрд-тан аса теңге, флора мен фаунаны қорғауға – 24,8 млн теңге, заманауи басқару жүйесі мен қауіпсіз технологияларды енгізуге – 1,6 млрд теңге, халыққа экологиялық білім беруге – 5,4 млн теңге.

- ЭЛОУ-АВТ-3 технологиялық қондырғысында түтін газдарын кәдеге жарату блогы жетілдірілген пештерді ауыстырғаннан кейін өңделген мұнай бірлігіндегі отынның үлестік шығынын 2 есе қысқартуға қол жеткізілді және сәйкесінше, атмосфераға зиянды заттарды лақтыру мөлшері азайтылды, -дейді «АМӨЗ» ЖШС-тің еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі департаментінің директоры Абдолла БИКБАЕВ. – 2006 жылы Еуро-4 стандартты экологиялық таза дизель отынын және Еуро-2 стандартты автобензин шығарғаннан бастап, АМӨЗ өңір атмосферасына пайдаланылған газбен бірге шығатын зиянды заттарды лақтыруды бірнеше есе қысқартты. 2014 жылы хош иісті көмірсутегін өндіру бойынша кешен іске қосылғаннан кейін АМӨЗ Еуро-4 стандартты автобензин өндіретін болады. МТӨК-ті қолданысқа енгізу арқылы АМӨЗ Еуро-5 стандартты экологиялық таза мотор отынын шығарады.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың желтоқсанында облыс әкімі Б. ІЗМҰХАМБЕТОВ экология департаментіне Атырау ауасын бұзып жатқан кәсіпорындарды анықта деп тапсырма берген болатын. Облыс әкімі де түнде жайсыз ұйықтайды екен»).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ.

21 қаңтар 2014, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.