Атырау, 21 желтоқсан 07:08
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қоқыс күдік тудырды

3 202 просмотра

24 маусымға қараған түні Атырау қаласын қою ащы түтін қаптады.

Келесі күні «АЖ»-ға ауа сапасының нашарлап кеткендігі туралы қала тұрғындарынан көптеген шағымдар түсе бастады. Біз облыстық экология департаментіне шығарындылар көзін анықтау өтінішімен хат жолдаған едік. 26 маусымда облыстың бас мемлекеттік экология инспекторы Қанат ҚАЛМАХАННЫҢ қолы қойылған жауап келді: «“Қазгидромет” РМК филиалының ақпараты бойынша, қалада орнатылған «Аджип ҚКО» компаниясының ауа сапасының автоматтанған мониторинг стансалары13-25 маусым аралығында техникалық себептерге байланысты іске қосылмаған. Ал «АМӨЗ» ЖШС-нің санитарлық-қорғаныс аймағында орналасқан ауа сапасына мониторинг жасайтын төрт автоматты станса («Мирный», «Перетаска», «Химпоселок» және «Пропарка») жұмыс істеп тұрды. «Қазгидромет» РМК филиалының пультіне олардан алынған мәліметтерге сәйкес, 23-24 маусымда ауада күкіртсутектің (Н2S) шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) асып кеткендігі тіркелген.

24 маусымда, “Мирный” стансасы бойынша (күкіртсутек бойынша ШРК 0,008 мг/м3 құрайды):

Сағат 0-де – 0,010 мг/м3,

сағат 1-де – 0,018 мг/м3,

сағат2-де– 0,054 мг/м3,

сағат3-те– 0,052 мг/м3,

сағат4-те- 0,025 мг/м3,

сағат 5-те– 0,030 мг/м3,

сағат 6-да– 0,011 мг/м3,

сағат 7-де– 0,036 мг/м3.

Осы түні “Перетаска”стансасы бойынша:

сағат2-де– 0,022 мг/м3,

сағат3-те– 0,031 мг/м3,

сағат 6-да– 0,013 мг/м3.

Анықталғандай, 23-24маусымда «Арнаулы автобаза» КМК-нің қоқыс полигонында өрт болған. Қазіргі кезде бұл кәсіпорынды жоспардан тыс тексеру жұмыстары басталды».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 маусым 2014, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.