10 маусым күні таңертең Атырау қаласының әр түкпірінде тұратын бірнеше тұрғыны сол күні түнде қалада өткір иістің сезілгеніне шағымданды. Біз бұл жайтты анықтау үшін облыстық экология департаментіне хабарластық.
15 маусымда редакциямызға облыстың бас мемлекеттік экология инспекторы Қанат ҚАЛМАХАННАН хат келді. Хабарламада 10 маусым күні сағат 03.20-дан 04.40 аралығында «Аджип ҚКО» компаниясының ауа сапасын бақылау станциясы күкірсутегінің (Н2S) шектеулі-рұқсат етілген шоғырлануының артуын тіркеді. Жел сол күні оңтүстік-шығыстан, яғни, Сасық сай жақтан соққан. Алайда, экологтар осы ауданда жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарды «ҚР Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге тыйым салу жарлығына байланысты» тексере алмайды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ