Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінің сағасында бұйра бірқазандардың жаппай қырылуын тергеумен айналысып жатқан жұмыс тобына әзірге құстардың қырылу себебін анықтау мүмкін болмады.
Бұл туралы «Бекіре-2015» үйлестіру штабының отырысында Атырау орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бастығы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ хабарлады. Естеріңізге салсақ, 11 сәуірде тікұшақпен аралау кезінде NCOC компаниясының мамандары 70 шақты өлі бұйра бірқазанды анықтаған еді.
Құстардың қырылу себебін тергеу үшін экологиялық және ветеринарлық қызмет мамандарынан құралған комиссия құрылды. Облыстық ветеринарлық зертханаға зерттеу үшін екі өлі құс жеткізілді. Сондай-ақ, сол жердегі су мен ауадан сынама алынды.
- Су мен ауадан алынған сынаманы зерттеу қандай болмасын ауытқулар көрсеткен жоқ. Ветеринарлар себебін анықтай алмады, өйткені өлекселер шіри бастады, - деді М.Ермекқалиев. – Біз Алматы мен Астанадан вирусология мен микробиология институттарынан мамандар шақырдық. Оларға «Ақжайық» резерватының тәжірибелі орнитологы көмектесетін болады. Олар қалай болғанда да анықтай алады деп үміттенеміз.
Тамара СУХОМЛИНОВА