Атырау, 19 сәуір 11:45
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Миллиардтар қашан төленеді?-2

2 504 просмотра

23 шілдеде Атырау облыстық сотының кассациялық алқасы экологиялық департаменттің 134,2 млрд теңге сомада экологиялық зиянды төлеу туралы ұйғарымын заңсыз деп тану туралы NCOC пен Agip KCO компанияларының талап арыздарын қарап, оны қанағаттандырусыз қалдырды.

Өз шағымында Қашаған жобасының операторы мен агент компания облыстық экология департаментінің тексерісін жарамсыз деп тануды, тиісінше, тексеру нәтижелері туралы актілерді және 134,2 млрд теңге сомасындағы экологиялық зиянды өтеу туралы ұйғарымның өзін заңсыз деп тануды өтінді.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың наурызында «Болашақ» зауытының маңындағы газ құбырының технологиялық іркілістері кезінде өткізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде экология департаменті Agip KCO мен NCOC компанияларына D аралының алау қондырғысында 3 млн текшедей қышқыл газды өртеу нәтижесінде тигізілген зиянды 134,2 млрд теңге мөлшерінде өтеу туралы ұйғарым шығарған болатын 134 миллиард теңге өндірілсін!», «Миллиардтар қашан төленеді?»).

Шетелдік екі компания да тексеру нәтижелерімен келіспей, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа, содан соң облыстық соттың апелляциялық алқасына жүгінген еді. Екеуінде де шағымдары қанағаттандырылмады.

Олар жүгінген келесі инстанция облыстық соттың кассациялық алқасы болатын. Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТЫҢ хабарлауынша, бүгін, 23 шілдеде алқа арыз берушілердің арызын қанағаттандырусыз қалдырды. Өз кезегінде шілденің басында экология департаменті ауданаралық экономикалық сотына NCOC мен Agip KCO компанияларынан 134,2 млрд теңге мөлшерінде экологиялық айыппұл өндіру туралы талап арыз берді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

23 шілде 2014, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.