Атырау, 28 қараша 07:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Миллиардтар қашан төленеді?

2 912 просмотра

Атырау облысы бойынша экология департаменті мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа «Аджип ҚКО» компаниясынан 134,2 млрд теңге экологиялық айыппұлды өндіріп алу туралы талап арыз берді. 

Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылдың наурыз айында жасаған жоспардан тыс тексеру қорытындылары бойынша NCOC және Аджип ККО компанияларына 3 млн текше метрге жуық газ жағу нәтижесінде келтірілген экологиялық шығынды өтеу туралы ұйғарым берілген-ді. Бұл тексеру «Болашақ» зауыты аумағындағы газ құбырларында болған технологиялық ақаулар кезінде жүргізілген еді.     

NCOCпенАджипэкология департаментінің ұйғарымына шағымданып, екі рет сотқа жүгінді. Алайда екі инстанция да шағымды қанағаттандырмады.  

Енді экология департаменті айыппұлды сот арқылы төлетуге жұмыстануда. Егер компания сот шешімімен осы 134,2 млрд теңге айыппұлды төлейтін болса, қаржы қайда, нақтырақ айтсақ, қай бюджетке түседі? Экономист Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВТЫҢ айтуынша, мұнай секторы кәсіпорындары төлеген айыппұлдар және басқа да төлемдер ҚР Ұлттық қорына түседі. 

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

11 шілде 2014, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.