Атырау, 26 желтоқсан 23:38
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

База ҚМГ еншілесінің меншігіне өтті

3 758 просмотра

Солтүстік Каспий мұнай төгіндісіне экологиялық әрекет ету базасының жаңа меншік иесі, бұрын оның басшысы Владимир БОЖКО мәлімдегендей, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік емес, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы – «ҚМГ-Транскаспиен» ЖШС болды. Бұл туралы 18 қыркүйекте Солтүстік Каспий жобасы бойынша 2014 жылға табиғат қорғау шараларының жоспары бойынша өткен жұртшылық тыңдауында мәлім етілді.

Гүлсім МҰТЫШЕВАГүлсім МҰТЫШЕВАӨз баяндамасының барысында NCPOC компаниясының Денсаулық, Еңбек және Қоршаған ортаны қорғау (ДЕҚОҚ) директораты директорының орынбасары Гүлсім МҰТЫШЕВА хабарлағандай, қазір олар сол жерде мұнай төгінділерін жою жөніндегі жабдықтарды орналастыру үшін базаның қойма орынжайларын жалға алу келісім-шартын жасаудың соңғы кезеңін жүргізіп жатыр екен. Мұтышева анағұрлым толық ақпарат бермеді.

Ал сессиядағы оның баяндамасынан кейін қойылған сұрақтарға жауаптар берілген кезде «КазНИГРИ» ЖШС директоры Қосан ТАСҚЫНБАЕВ неліктен оның инсититуты жобалаған және NCOC мұқтаждығы үшін салынған базаның аяқ астынан ҚМГ еншілес компаниясының меншігіне өтіп кеткеніне қатты таң қалды. Ол қойған тағы бір сұрақ: неліктен база іске қосылмай мұнай өндіру басталмайды деген мәлімдемеге қарамастан алғашқы баррельдер өндірілген, ал базаның тағдыры енді ғана шешіліп отыр?

Мұрат МҰҚАШЕВМұрат МҰҚАШЕВNCPOC өкілі Ғани ЖАРЕКЕСОВ базаның меншік иесі оны салып бітірмеген ҚМГ-ның басқа еншілес компаниясы «ТеңізСервис» ЖШС емес, аталмыш «ҚМГ-Транскаспиен» ЖШС екенін растады. NCOC компаниясының корпоративтік қызметтер жөніндегі директоры Мұрат МҰҚАШЕВТЫҢ болжауынша, NCOC Солтүстік-Каспий жобасының операторы ретінде базаны өзі де сала алар еді, бірақ жергілікті қамтуды дамыту мақсатында осы көлемді ҚМГ мен оның еншілес компанияларына берген.

Сондай-ақ, Жарекесовтің жауабынан келісімшартта теңіздегі қажетті операцияларды қолдау жөніндегі базаның бір бөлігін ғана жалға алу қарастырылатыны айқын болды. Естеріңізге салсақ, бұрынырақ Алматыдағы конференцияда ҚМГ өкілдерінің бірі базаны NCPOC пен ТЖМ бөлімдері бірге пайдалану нұсқасын жоспарлап жатқанын мәлімдеген еді. Осы жоспар шеңберінде базада теңіздегі апаттан құтқару қызметінің әскерилендірілген бұрқаққа қарсы «Ақ Берен» жасағын құру жобаланды.

Жарекесовтің айтуынша, база бастапқыда мұнай төгіндісі орын алған жағдайда қосымша қуаттылық ретінде жоспарланған. Өйткені тиісті жабдықтар Солтүстік-Каспий жобасының әрбір нысанында бар (негізінен Баутинодағы базада және Атырау өзен портында). Енді «ҚМГ-Транскаспиенмен» келісімшарт жасаған жағдайда тайыз жерлерде төгінділерді жоюға арналған жабдықтар өзен портынан базаға ауыстырылатын болады.

Бұл қызық жағдай болып отыр. Алдымен ҚМГ экологтардың негізделген ескертпелеріне қарамастан, «еншілесінің» жоба қаржысына өзіне қолайлы жерден база құрылысын салуына қолдау көрсетеді. Содан кейін база жұмбақ күйде бар болғаны «қосымша қуаттылық» деген мәртебемен басқа еншілесінің меншігіне өтеді. Ал «Қазақ Мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Жақсыбек ҚҰЛЕКЕЕВТІҢ пікірінше, орналасуы бойынша ол қысқы уақытта мүлдем пайдасыз екен. Есесіне NCPOC-тен ҚМГ еншілесіне жалға алу төлемі ретінде ақшалар үнемі түсіп тұратын болады.  

Бір қызығы, интернеттегі іздеу жүйесі «ҚМГ-Транскаспиен» ЖШС туралы сауалға атауы ұқсас «ҚМГ-Транскаспий» ЖШС сайтына сілтемені тауып берді. Бұл да ғажайып кездейсоқтық бойынша ұлттық компанияның 100 пайыз еншілесі екен. 2012 жылдың шілдесіне дейін осы ЖШС қызметінің негізгі мақсаты - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Ескене-Құрық мұнай құбырын салу жобасына және ҚР мен Әзірбайжан арасындағы Баку – Тбилиси – Жейхан жүйесі арқылы халықаралық нарыққа мұнай тасымалдау туралы  келісімшарт бойынша Транскаспий жобасына қатысуды қамтамасыз ету болды. 2012 жылдың 12 шілдесінен бастап ЖШС жарғысына өзгерістер мен толықтырулар («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқармасының №78 хаттамасы) енгізілді. Соған сәйкес, негізгі қызметі енді Солтүстік-Каспий мұнай төгіндісіне экологиялық әрекет ету базасын және басқа да теңіздегі мұнай операцияларын қолдау нысандарын іске қосу боп табылады.

Сонда ҚМГ-нің әрекет ету базасын ақыр аяғында ешкімге бермейтіндігі өткен жылы-ақ белгілі болғаны ғой. Бірақ базадан Каспийдегі инженерлік орталық жасаймыз деп аңғалдықпен жобалаған министр Божкоға ғана емес. ТЖМ тіпті инфрақұрылым құрылысы мен мұнай төгіндісіне әрекет етуге арналған жабдықтарды сатып алуға 5 млрд теңгедей қаржы сұрап үлгерді.

Есесіне базаның жаңа меншік иесі «ҚМГ-Транскаспиенге» шығындалудың қажеті жоқ: мұнай операцияларын қолдауға арналған жабдықтарды NCPOC әкеледі. Дегенмен базадан ТЖМ жасағына арналған орын табылатындығын жоққа шығаруға болмайды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

19 қыркүйек 2013, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.