Атырау, 21 желтоқсан 10:07
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қала түтін сасыған ауаның құшағында-2

4 939 просмотра

Атырау мұнай өңдеу зауытыАтырау мұнай өңдеу зауыты19 және 21 сәуірде «АЖ»-ға Атырау тұрғындарынан ауадан қолқаны тұншықтыратын ащы түтін иісі шығатындығы жөнінде шағымдар түсті.

АЙЫППҰЛДАР ҚОРҚЫНЫШТЫ ЕМЕС

Біз облыстық экология департаментіне сауал жолдап, аталмыш күндері түнгі уақытта «АМӨЗ» ЖШС-нің ауа сапасына мониторинг жасайтын екі стансасы күкіртсутектің шекті-рұқсат етілген концентрациядан асып кеткенін тіркеді деген жауап алдық.

«Мұнда жел бағыты солтүстік-шығыс пен шығысты, яғни, «Ақжайық-7»ЖШС-нің орналасқан жерін көрсетті».

Өткен жылдың аяғында бұл ЖШС-ні, сонымен қатар АМӨЗ бен бірқатар басқа кәсіпорындарды облыстық экология департаменті шығарындылар шығаратын кәсіпорындар тізімінде көрсеткен болатын Қала түтін сасыған ауаның құшағында»). Біз департамент басшысы Ербол ҚУАНОВТАН заң бұзушылардың қандай жаза алғандығын әңгімелеуді өтінген едік. Е.Қуановтың айтуынша, өткен жылғы кешенді тексеру барысында АМӨЗ-де №27 резервуар паркінің №141 резервуарының буландыру фактісі анықталды. Бұл буландыру шекті-рұқсат етілген шығарындылар жобасына енгізілмеген және тиісінше, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты болмаған. Зауыттың лауазымды тұлғаларының біріне 46 300 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, экологиялық рұқсатсыз теміржолдағы құю және төгу эстакадасында тұрбадан шығатын ластаушы заттардың эмиссиясы жүзеге асырылған. Осы факті бойынша зауыт өкіліне 42 215 теңгеге айыппұл салынды.

Тексеру барысында 2012 және 2013 жылдары орын алған күкірт шығаратын және ЭЛОУ-АТ-2қондырғыларындағы апатты оқиғалар туралы айтылмағандығы анықталды. Осы заң бұзушылықты жіберген лауазымды тұлғаға  46 300 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бұдан басқа, ЛГ қондырғысының пешінде азот диоксидінің нормасы асып кеткендігі анықталды. Хаттама негізінде зауытқа 724 873 теңге сомада айыппұл салынды.

Биылғы жылдың ақпанында экология департаменті АМӨЗ тарапына алауларда қышқыл газды өртегені үшін 23,7 млрд теңге сомасында қоршаған ортаға тигізген зиянды өтеу туралы ұйғарым шығарды. Бұл іс қазір сот қарауында жатыр.

 

ҚАЛА СЫРТЫН ҚАЛАМАЙДЫ

Өткен жылы экологтардың «Ақжайық-7» кәсіпорнында анықтаған заң бұзушылықтар фактісі бойынша, компания басшылығының өкіліне 27 780 теңге айыппұл салынды.

Биылғы жылдың қаңтарында экология департаменті ауданаралық экономикалық сотқа «Ақжайық-7» ЖШС қызметіне тыйым салу туралы талап арыз берді. Сот қазір алматылық компания жүргізіп жатқан сараптаманы тағайындады.

Тұрғындар шығарындыларды сезеді, зардап шегеді, ал сот бұған күмән келтреді...- деп дал болады Е.Қуанов. – Бұл жерде, әрине, әлеуметтік фактор рөл ойнайды. ЖШС басшылығы облыс биліктеріне кәсіпорынды тоқтатқан жағдайда бес жүз адамды жұмысқа орналастыру қажет екендігі туралы мәселені қойды. ЖШС қызметкерлері теледидардан сөйлеп, «жетпіс жылдан бері жұмыс жасаймыз, ал экологтар шығарындыларды енді ғана байқап жатқаны ма?!» дейді. Мәселе мынада, мұнай вагон-цистерналарын шаю бұл жерде 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ал мониторинг тек өткен жылы ғана жасала бастады. Департамент кәсіпорынды жабуды емес, тек оны қала сыртына шығаруды талап етіп отыр. Осындай шаю нысандарының санитарлық-қорғаныс аймағы (СҚА) бес жүз метрден аз болмауы тиіс. Ал осы СҚА шеңберінде тұрғын үйлер мен мектеп бар. ЖШС адамдарды өз қаржысына көшірсін немесе шаю бекетін қала сыртына шығарсын. Үшінші жол жоқ...

Ауа ластағыштардың өткен жылғы тізімінде бұрынғы «Пропилен» зауытының аумағында қызмет ететін шағын мұнай өңдеу зауыты «Om Trade Oil» ЖШС да бар. Е.Қуановтың айтуынша, қаланың ауасында түнгі уақытта мұнай өнімдерінің тұншықтырар иісінің болуы – осы кәсіпорынның қызметі екен. Мамандандырылған экономикалық сот экология департаментінің талап арызын қолдап, оның қызметіне тыйым салу туралы шешім шығарды. Алайда мұнай өңдеушілер жүгінген соң, облыстық соттың апелляциялық алқасы бұл шешімді жойды. Атырау мұнай құбыры басқармасына экология департаментінің талабы біреу ғана. Құю-төгу эстакадасының желілерінің бірі газ тұтқыш жүйемен жарақталмаған. Алайда АМУ еш шығарынды шығармайтын жаңа жабдықты орнатуға кепілдік беріп отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 сәуір 2014, 20:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.