Атырау, 24 желтоқсан 17:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырауда

«Атырау – Астрахань трассасын қайта жөндеу топырақ сапасының нашарлығына байланысты тоқтатылды» Атырауда

«Атырау – Астрахань трассасын қайта жөндеу топырақ сапасының нашарлығына байланысты тоқтатылды»

- Жергілікті топырақ қорында тұз бен гипстің көптігі анықталды. Бұл материалды пайдалану туралы шешімді жобалау институты қабылдады, бұл түгелдей солардың кінәсі, – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ.   4 ақпан 2022, 17:10 2 146 рет қаралды
«Ақ Жайықтың» жаңа жылдық номинациялары Қоғам

«Ақ Жайықтың» жаңа жылдық номинациялары

4 ақпанда бес жылға жуық түрмеде отырған қоғам белсендісі Мақс БОҚАЕВ бостандыққа шықты. Түрме оның сағын сындырмады. – Биыл жер мораторийі аяқталады. Ал тағы да митингке шығу керек болса, мен шығамын. Біздің жерімізден басқа неміз қалды? Түрмеден қорқудың қажеті жоқ. Қажет болса, отырамыз. Баршаңызға қолдауларыңызға рахмет, – деді ол пікірлестерімен кездесу кезінде.  Сурет 30 желтоқсан 2021, 14:36 2 601 рет қаралды
Тегін массаж және миллион теңгелік несие Атырауда

Тегін массаж және миллион теңгелік несие

Жарты ай бойына Атырау тұрғындары тегін массаж сеансына қатысу және сол үшін сыйлыққа видеотіркегіш алу туралы ұсыныспен шыққан телефон қоңыраулары толастар емес. Мұның астарында не жатқанын «АЖ» тілшісі анықтады. 17 қыркүйек 2021, 12:50 2 667 рет қаралды
1 қыркүйекте мектепте салтанатты жиын тек бірінші сынып оқушылары үшін өтеді Атырауда

1 қыркүйекте мектепте салтанатты жиын тек бірінші сынып оқушылары үшін өтеді

1 қыркүйекте тек бірінші сынып оқушылары үшін салтанатты сапқа тұру жиыны ұйымдастырылады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА хабарлады. 17 тамыз 2021, 17:00 2 121 рет қаралды
Hayat-Vax вакцинасы бәріне жетпей қалды Атырауда

Hayat-Vax вакцинасы бәріне жетпей қалды

Атырау облысының 151 200 тұрғыны COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін ектірді, 128 мыңы екінші компонентті алды. Соңғы аптада вакцина алғандар саны 40%-ға өсті. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен онлайн-брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ мәлімдеді. Ол сондай-ақ, «АЖ» мен басқа да БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. 3 тамыз 2021, 19:05 1 335 рет қаралды
Депутат Самаликов: «Маған қатысты іс түгел бұрмаланған» Атырауда

Депутат Самаликов: «Маған қатысты іс түгел бұрмаланған»

Облыстық мәслихаттың депутаты Абзал-Сенбі САМАЛИКОВТЫ ҰҚКД қызметкерлері қамауға алғаны туралы «АЖ» жарияланымынан кейін редакцияға депутаттың өзі адвокатпен жүгінді. Олар өздеріне тағылған айыппен келіспейтіндерін білдіріп, іс түгел бұрмаланған деп мәлімдеді. 29 маусым 2021, 16:22 2 806 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Атырауда

Оқиғалар тізбегі

«Мотоцикл» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 22 сәуірде сағат 23:40 шамасында Махамбет көшесіндегі №116 үйдің жанында патрульдік полиция қызметкерлері скутерді тоқтатты. Оның жүргізушісінің куәлігі жоқ екен. Ал 5 жылдан бері ҚР-да мопед пен скутерді тіркеу және жүргізуші куәлігінің болуы міндеттелді. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі («Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны басқаруы») бойынша хаттама толтырылып, 58 340 теңге көлемінде айыппұл салынды. Скутер арнайы тұраққа қойылды. 28 сәуір 2021, 10:55 3 554 рет қаралды
​Таубаев пен Басаров: «Кінәні мойындамаймыз» Оқиға

​Таубаев пен Басаров: «Кінәні мойындамаймыз»

Бүгін, 14 сәуірде Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен құрылыс басқармасының басшысы Тимур БАСАРОВТЫҢ ісі бойынша негізгі сот талқылауы жалғасты. Сотталушылар «өз кінәсін мойындайды ма?» деген басты сұраққа жауап берді. Сурет 14 сәуір 2021, 15:07 4 153 рет қаралды
«Атырау»-дың жаттықтырушысына қолдау, ал жанкүйерлеріне нәтиже керек Спорт

«Атырау»-дың жаттықтырушысына қолдау, ал жанкүйерлеріне нәтиже керек

12 сәуірде чемпионаттың басталу кезеңіндегі «Атырау» ФК ойынына (4 бірдей жеңіліс) наразы болған жанкүйерлер тобы «Мұнайшы» орталық стадионында жиналды. Олар әлі де «Атырау» ФК қазіргі иесі әрі басшылығының кетуін, бас бапкердің ауысуын және клубты бұдан әрі облыс әкімдігінің балансына қайтарып, сенімгерлік басқару туралы шарттың күшін жоюды талап етеді. Сурет Бейнежазба 13 сәуір 2021, 10:35 3 007 рет қаралды
Атырау облысының бас имамы: «Садақада ұзақ сөйлеу шариғатта жоқ» Атырауда

Атырау облысының бас имамы: «Садақада ұзақ сөйлеу шариғатта жоқ»

Елімізде садақаға арналған ас мәзірінің бекітілгеніне жылға жуық уақыт өтсе де ережеге бағынып, 7 түрлі тағаммен садақа өткізген тұрғынды өзім кездестірмедім. Садақаға арналған ас мәзірін мұнайлы астананың тұрғындары қалай қабылдады және өзге де сұрақтар жөнінде Атырау облысының бас имамы Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ әңгімелеп берді. 7 сәуір 2021, 17:39 6 120 рет қаралды
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы: «Дәрігерлер кейде қателеседі, бастысы - мұны жасырмау керек» Атырауда

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы: «Дәрігерлер кейде қателеседі, бастысы - мұны жасырмау керек»

Медицина - бұл облыстағы көп уақыттан бері қордаланып қалған мәселелері бар күрделі салалардың бірі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысымен міндетті түрде сұхбаттасу керек еді. Бұқаралық ақпарат құралдары ресми тағайындаулар туралы жариялап үлгерместен, басшылар ауысып кетеді.  СЭС қызметінде басшылар тез ауысты. Асхан БАЙДУӘЛИЕВ бұл қызметте өткен жылдың қазан айынан бері жұмыс істейді, қазіргі өлшем бойынша ұзағырақ жұмыс атқарған басшы. Төменде осы басшыдан алған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз. Бейнежазба 2 наурыз 2021, 15:07 3 782 рет қаралды
Атырауда облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасарына қатысты сот қайта басталды Атырауда

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасарына қатысты сот қайта басталды

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен құрылыс басқармасының бастығы Тимур БАСАРОВҚА қатысты сот отырысы қайта басталды. 23 ақпан 2021, 12:06 3 212 рет қаралды
Жылу төлемдері: ЖЭО түсініктеме берді, ал тұрғындар түсінбей дал Атырауда

Жылу төлемдері: ЖЭО түсініктеме берді, ал тұрғындар түсінбей дал

«АЖЭО» АҚ-ның «АЖ» редакциясының 2020 жылғы желтоқсандағы жылу үшін төлемақыны көп шығуына қатысты жолдаған редакциялық сауалына берген жауабынан қызықты жайттар анықталды. Мысалы, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр және жылу энергиясын өндіруге арналған газды тасымалдау тарифі екі есеге жуық –бір мың текше метр үшін 2370 теңгеден 4551-ге дейін көтерілген. «АЖЭО» АҚ президенті Мақсот ӘЛЕНОВТІҢ қолы қойылған жауапқа сүйенсек, бұл банкротқа ұшырауға дейін кәсіпорынның экономикалық тұрақсыздығына алып келеді. 4 ақпан 2021, 16:34 3 122 рет қаралды
Әке жолын жалғастырған жас айтыскер Атырауда

Әке жолын жалғастырған жас айтыскер

16 жастағы жылыойлық айтыскер Ернұр ИСАҚАЕВ жақында Алматы қаласында өткен республикалық жас ақындар айтысының бас бәйгесін қанжығалап қайтты. «АЖ» тілшісі әкесі, танымал ақын Салауат Исақаевтың таланты дарыған Ернұрмен әңгімелесті. Сурет Бейнежазба 16 қаңтар 2021, 18:37 9 438 рет қаралды
Сот Таубаев пен Басаровтың ісін прокуратураға қайтарды Атырауда

Сот Таубаев пен Басаровтың ісін прокуратураға қайтарды

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық соты прокуратураға Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен құрылыс бөлімінің экс-басшысы Тимур БАСАРОВҚА қатысты аяқталған қылмыстық істі прокуратураға қайтарып берді. Алдын ала сот отырысында судья тергеу барысында процессуалдық қателіктер жіберілгенін анықтады. 21 желтоқсан 2020, 15:51 4 834 рет қаралды
«Әр қателік үшін қатал жазаласа, емдейтін ешкім қалмайды» Атырауда

«Әр қателік үшін қатал жазаласа, емдейтін ешкім қалмайды»

8 желтоқсанда Атыраудағы медицина мекемелерінің он бес шақты акушер-гинекологы «Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюро» ҚБ Атырау филиалы кеңсесінің жанына жиналды. Олардың айтуынша, олар қазір «нәрестенің өлімі ісі» бойынша сотталып жатқан әріптестерін қолдап шыққан. Сурет Бейнежазба 9 желтоқсан 2020, 16:57 4 729 рет қаралды
Әбділда Мұқашев тірі болса, 60 жасқа толар еді Атырауда

Әбділда Мұқашев тірі болса, 60 жасқа толар еді

30 қыркүйекте «Ақ Жайықтың» негізін қалаушы Әбділда Мұқашев 60 жасқа толар еді. Оның осы мерейтойға жете алмағаны, өзінің және өзгелердің қуанышын бөлісу үшін тағы бірнеше жыл өмір сүрмегені қандай өкінішті. Оның жарқын бейнесі оны білетін, жақсы көретін, құрметтейтін жандардың мәңгі есінде. 30 қыркүйек 2020, 10:06 5 501 рет қаралды
«Мұнда біреулері түнеу үшін, ал біреулері өмірін өзгерту үшін келеді» Қоғам

«Мұнда біреулері түнеу үшін, ал біреулері өмірін өзгерту үшін келеді»

Күн салқын түсісімен «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру» орталығы панасыз қалғандарға тола бастады. Ал, қыс айларында мұнда жататын орын табылмай, дәлізге түнеп шығатын кездер болады. «АЖ» тілшісі аталған орталықтың тынысымен танысып қайтты. Сурет 25 қыркүйек 2020, 17:59 5 670 рет қаралды
Атыраудағы «Сергек» қызметін ертең бастайды Атырауда

Атыраудағы «Сергек» қызметін ертең бастайды

Ертең, 10 қыркүйекте Атырау қаласында тәулік бойы, ауа-райының сан құбылғанына қарамастан жол ережесі мен қоғамдық тәртіпті бұзғандарды тіркеп отыратын «Сергек» камералары іске қосылады. Осы орайда «АЖ» тілшісі «Сергек» бейнебақылау орталығына барып, жүйенің қалай жұмыс жасайтынын көріп қайтты. Сурет Бейнежазба 9 қыркүйек 2020, 12:38 4 344 рет қаралды
Өзен түбінің қаттылығы және жайылымға төгілген лай Атырауда

Өзен түбінің қаттылығы және жайылымға төгілген лай

Ақпан айында тұрғындармен кездесу кезінде Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ биыл Жайық пен Қиғаш өзендерінің түбін тереңдету жұмыстары аяқталады деп мәлімдеген еді. Алайда «АЖ»-ға Құрманғазы ауданында (Қиғашта) бұл мерзім келесі жылға қалғаны белгілі болды. Оған себеп, мердігердің пікірінше, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде көптеген қателіктер кеткен. Толығырақ – «АЖ» материалында. 25 тамыз 2020, 16:10 3 525 рет қаралды
Мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бірақ алдымен айыппұл төледі Атырауда

Мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бірақ алдымен айыппұл төледі

Тамыздан бастап 10 сотталған адам, оның ішінде Өзбекстан азаматы жазаның өтелмеген бөлігі үшін айыппұл төлеп, УГ-157/9 мекемесінен (ерлер түзеу колониясы) бостандыққа шықты. «AЖ» тілшісі олармен тілдескен еді. Сурет 20 тамыз 2020, 15:23 3 717 рет қаралды
Жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақы неліктен кешіктіріледі? Басқа жаңалықтар

Жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақы неліктен кешіктіріледі?

Соңғы кездері жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақының кешіктірілуіне қатысты шағымдар жиілеп кетті. Адамдар бұл мәселе бойынша облыс әкімдігінің телеграм-каналына ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдарына да жүгінеді. Бұл карантинге байланысты екен. Бұған ең алдымен жұмыс берушілердің өздері кінәлі, деп есептейді «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының жетекшісі Алмагүл ШАТЕНОВА. 17 тамыз 2020, 19:45 4 786 рет қаралды
42500 теңге алсаң - медициналық сақтандыру мәртебесін тексер Қоғам

42500 теңге алсаң - медициналық сақтандыру мәртебесін тексер

Көктемде 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек алғандар енді жағымсыз тосынсыйға тап болуы мүмкін.  Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлегеннен кейін кейбіреулер медициналық сақтандыруынан айрылған. Бірақ медициналық көмек алу үшін емханаларға жүгінбегендіктен олар бұл туралы әлі білмейді. 13 тамыз 2020, 19:34 5 014 рет қаралды
«Біз бәрі Еуропадағыдай болады деп ойладық» Қоғам

«Біз бәрі Еуропадағыдай болады деп ойладық»

...Бәрі маскамен келеді, кезекті және әлеуметтік арақашықтықты сақтайды, деп ойлады «Көмек Атырау» еріктілер қозғалысының мүшелері. Бірақ, бәрі керісінше болды. Таңертеңгі сағат 10-да Атырау қаласындағы Авангард ықшамауданының соңғы аялдамасы маңына «Дәрі-дәрмектерді тегін тарату» акциясын өткізу үшін белгіленген жерге келгенде оларды бір топ адам күтіп тұрды. Олар препарат пакеттері бар көлікті аудара жаздауға шақ қалған.   4 шілде 2020, 22:35 4 709 рет қаралды
Жағажай маусымына мүлдем дайын емеспіз Басқа жаңалықтар

Жағажай маусымына мүлдем дайын емеспіз

8 маусымнан кейін карантин жойылса, жағажай маусымы ашылуы мүмкін. Бірақ Атыраудың екі ресми жағажайы бұған мүлдем дайын емес. «AЖ» тілшісі су қауіпсіздігі жөніндегі онлайн-брифингтен кейін осындай қорытындыға келді. 29 мамыр 2020, 13:33 4 277 рет қаралды
Жедел штаб: «Енді біздің және Мемкомиссияның мәліметтері  толық сәйкес келеді» Атырауда

Жедел штаб: «Енді біздің және Мемкомиссияның мәліметтері толық сәйкес келеді»

Атырау облысы бойынша жедел штаб мәліметтеріндегі сәйкессіздік туралы «Теңіздегі коронавирус: бесеуін жазсақ, екеуі ойда ма?» атты мақаламызға жауап келді. 6 мамыр 2020, 10:24 4 369 рет қаралды
Бостандықтың қадірі Басқа жаңалықтар

Бостандықтың қадірі

Біз өз үйімізде оқшауланып отырып, көңіліміз толмай жатады. Ал кейбіреулер үшін қамауда отырудың ең жаманы бұл емес. Тергеу абақтысынан (УГ-157/1 мекемесі) Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны 31 жастағы Әлібек (есімі өзгертілді) босап шықты. Бостандыққа шығар алдындағы оның соңғы сәттері «АЖ» репортажында. Сурет 5 мамыр 2020, 10:41 4 827 рет қаралды
«Карантинде жатып, ауру жұқтырдым» Атырауда

«Карантинде жатып, ауру жұқтырдым»

«Атыраудағы карантин» жарияланымының кейіпкері карантинде жатып, ақыры жұқпалы аурулар ауруханасына түстім дейді. Шетелден келген отандастарымызды оқшаулау жұмыстарының ұйымдастырылуына талдау жасаған ол  рейстегі жолаушылар үшін ол жерде болу қауіпті екенін айтқан болатын. 23 сәуір 2020, 16:18 4 502 рет қаралды
Бағдат Қадыров: күйген тауықтан президенттің асына дейін Қоғам

Бағдат Қадыров: күйген тауықтан президенттің асына дейін

Авангардттық Бағдат болашақта кәсіби және танымал аспаз боламын деп әсте ойламаған. Бірақ солай болды. «Аж» тілшісімен әңгімесінде 26 жастағы Бағдат ҚАДЫРОВ өзінің өмір өткелдерімен таныстырып, қазақстандық мейрамхана асханасының қызықты тұстарын да айтып берді. Сурет Бейнежазба 21 сәуір 2020, 11:53 6 387 рет қаралды
Атырауда қазір ХҚКО қалай жұмыс істеп жатыр Басқа жаңалықтар

Атырауда қазір ХҚКО қалай жұмыс істеп жатыр

Электронды цифрлық қолтаңбаны онлайн режимінде рәсімдеуге болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы »АҚ Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Марат ЗАБЫХАН ӨКҚ-де өткен брифингте мәлімдеді. 17 сәуір 2020, 16:45 4 269 рет қаралды
Атыраудағы коронавирусқа шалдыққан 59 науқастың 16-сы медицина қызметкерлері Басқа жаңалықтар

Атыраудағы коронавирусқа шалдыққан 59 науқастың 16-сы медицина қызметкерлері

12 сәуірде Атырау облысында коронавирусқа шалдыққан 59 науқас ем алуда. Олардың 16-сы – медицина қызметкерлері (3 дәрігер, 8 медбике және 5 санитар қызметкері). Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ онлайн-брифинг барысында мәлімдеді. Бүгінде өңіріміздегі инфекция ошақтары - облыстық аурухана мен Теңіздегі «Ватернас» жатақханасы. 13 сәуір 2020, 17:32 3 888 рет қаралды
Атыраулықтар үйде отырып, немен айналысуда Басқа жаңалықтар

Атыраулықтар үйде отырып, немен айналысуда

Біріншіден, аз уақытқа болса да, осы басылымдағы өз оқырмандарыммен қауышқаныма; екіншіден, карантинде отырып, үрейленген атыраулықтардың көңілін бірлендіру үшін жасаған ұсынысымды құптағанына қуанып отырмын. Мен осындай жағдайды бір апта бұрын астанада жүргенде басымнан өткеріп, біраз уақыт беймаза күйде болдым.  Сондықтан, жақындарымның және оқырмандардың қазір неше түрлі ой ойлап, қандай мазасыз жағдайда жүргендерін жақсы түсінемін.   Сурет 6 сәуір 2020, 15:49 5 737 рет қаралды