Соңғы кездері жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақының кешіктірілуіне қатысты шағымдар жиілеп кетті. Адамдар бұл мәселе бойынша облыс әкімдігінің телеграм-каналына ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдарына да жүгінеді. Бұл карантинге байланысты екен. Бұған ең алдымен жұмыс берушілердің өздері кінәлі деп есептейді «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының жетекшісі Алмагүл ШАТЕНОВА.
Оның айтуынша, жұмыссыздардан Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа өтініш түскеннен кейін жәрдемақы тағайындау немесе төлеуден бас тарту туралы 30 күн ішінде шешім қабылдануы керек. Көп жағдайда кәсіпорындардың бухгалтериясындағы қателіктердің салдарынан бас тартылады немесе кешіктіріледі. Мысалы, соңғы айларда олар әлеуметтік жарна аудармаған немесе олар дұрыс ресімделмеген. Бұл туралы МЗТО-да белгілі болғаннан кейін, жұмыссыз адамға 5 күн ішінде ұялы телефон нөміріне тиісті хабарлама келуі керек. Атырау қалалық МЗТО директоры Гүлмира ИСКАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, дерекқордағы жұмыссыздардың құжаттарына байланыс деректері енгізілмеген болса, хабарлама келмейді, бұл да жұмыс берушінің кінәсі.
Мәселен, менің танысым әлі күнге дейін жәрдемақы ала алмай жүр. Ал ол екі ай бұрын жұмыссыз қалды және ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген. Бұрынғы жұмыс берушісі әлеуметтік аударым мен зейнетақы жарнаcын қате көрсеткен екен. Сондықтан бұрынғы бухгалтериясының есігін қағып, түрлі жылдардағы жоғарыда аталған жарналары бар кірістер туралы деректерді сұрауына тура келеді. Ал қазіргі жағдайда отбасын асырау үшін аз болса да бұл ақша өте қажет.
Айнұр САПАРОВА