Атырау, 24 желтоқсан 15:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Облыс әкімі тұрғындарды балалар алаңдарын бұзған вандалдарды видеоға түсіруге шақырды

92 рет қаралды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов тұрғындармен кездесу барысында балалар ойын алаңдарындағы вандализм мәселесін көтерді. Оның айтуынша, облыста жаңа алаңдар орнатылып жатқанымен, тұрғындардан шағымдар азаймай отыр. Көп нысандар әдейі бүлдірудің салдарынан тез жарамсыз күйге түсуде.

«Біз тұрғындардың шағымын оқимыз, қай жерде алаңдар жетіспейтінін білеміз және орнатуды жалғастырамыз. Бірақ кейбіреулер оларды қирата бастаған. Мұндайды көрсеңіздер, бейжай қалмаңыздар. Ескерту жасаңыздар, видеоға түсіріп, полицияға беріңіздер», — деді облыс әкімі.

Шәпкеновтің айтуынша, кейде мүлікті балалар бүлдіреді. Мұндай жағдайда жауапкершілікке олардың ата-аналары тартылады.

«Бұл — ортақ іс. Балаларымыздың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін салынған нысандарды сақтауымыз керек. Егер ортақ мүлікке құрмет болмаса, ешқандай бюджет көмектеспейді», — деп атап өтті әкім.

Билік тұрғындарды балаларға арналған инфрақұрылымға қатысты азаматтық белсенділік танытып, қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесуге шақырады.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.