Атырау, 14 қаңтар 09:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Атырауда суға батып бара жатқан екі қыз бала құтқарылды

5 003 рет қаралды

19 маусымда күнделікті рейд кезінде сағат 16.45 шамасында судан құтқарушылар «Атырау» шипажайы аумағындағы жазғы жағажайда суға батып бара жатқан екі қызды құтқарып қалды.

14 жастағы жасөспірімдер белгіленген аймақтан асып, суға бата бастаған.  Құтқарушылар оларды дер кезінде судан шығарып алды. Олар дәрігерлік көмекті қажет етпеді. Полиция қызметкерлері жасөспірімдердің ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді. 

Ал Атырауда қатты ыстық, қала тұрғындары салқындап алу үшін өзенге шомылады. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, жақын арада қала маңында 6 жағажай жұмыс істей бастайды. Олардың қатарында Жилгородоктағы жаяу жүргіншілер көпіріне жақын орналасқан жағажай бар. 

Атырау облысының ТЖД азаматтардан су айдындарында шомылу кезінде өте мұқият болуды сұрайды. Әсіресе балалар қатаң бақылауда болу керек. Есіңізде болсын, су қателікті кешірмейді! 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 маусым 2021, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.