Атырау, 23 қараша 10:28
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сот Таубаев пен Басаровтың ісін прокуратураға қайтарды

4 509 просмотра

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық соты прокуратураға Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен құрылыс бөлімінің экс-басшысы Тимур БАСАРОВҚА қатысты аяқталған қылмыстық істі прокуратураға қайтарып берді. Алдын ала сот отырысында судья тергеу барысында процессуалдық қателіктер жіберілгенін анықтады.

Сот ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі О.Тобашевтың сотталушылардың құқықтарын шектеп, оларға және адвокаттарына іс материалдарымен танысуға, өтініш беріп, оларға рұқсат беру туралы жауап алуына мүмкіндік бермегенін көрсетті. Сот айыптау қорытындысына сәйкес, сотталушыға тағылған «айыптау шегін анықтау мүмкін емес» деп таныды.

- Біз айыптау актісін тергеуші 3 желтоқсанда дайындап, оған қол қойып, мақұлдап, облыстық прокуратураға жібергеніне, сол күні, яғни, 3 желтоқсанда оқылып, 4 желтоқсанда сотқа жолданғанын соттың қаперіне бердік.

Бұл тергеу органы мен процессуалдық прокурорлардың өз міндеттеріне формальды түрде қарағанын көрсетеді, дегенмен бұл іске тергеу жүргізген тергеу-жедел тобының қарамағында жиырма шақты жедел уәкіл мен тергеушілер және үш процессуалдық прокурор болды, - дейді адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВ.

Жолболовтың айтуынша, тергеліп жатқан адамдардың құқықтары бұзылған мұндай істер жиі кездеседі, ал соттар бұған назар аудара бермейді.

- Егер болашақта да соттың істі қарауына принципиалды көзқарас болса, онда көп ұзамай қоғам «заңдылық» ұғымына ешқандай қатысы жоқ тергеудің басқа да өрескел әдістері туралы білетін болады, - деді Жолболов.

Естеріңізге салсақ, биыл 10 қыркүйекте Құлсары қаласындағы 200 кереуеттік аурухананы қабылдау актісіне қол қоюға көмек көрсеткені үшін 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен Нұрлан Таубаев пен Тимур Басаров ұсталған еді. 3 желтоқсанда іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Ол ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тармағы (Қылмыстық топтың аса ірі мөлшерде пара алуы) бойынша тергелді.

Фархат ӘБІЛОВ

21 желтоқсан 2020, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.