Атырау, 23 қараша 13:47
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Таубаев пен Басаровтың ісі сотқа кетті

4 311 просмотра

3 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Тимур БАСАРОВҚА қатысты іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, 10 қыркүйекте Нұрлан Таубаев пен Тимур Басаров Құлсары қаласында 200 орындық аурухананы пайдалануға қабылдау актісіне қол қоюға ықпал еткені үшін 182 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған еді. Қылмыстық іс ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігі («Қылмыстық топтың аса ірі мөлшерде пара алуы) бойынша тергелді.

Егер олардың кінәсі сотта дәлелденсе, онда оларға алған параның 80 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады немесе мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

4 желтоқсан 2020, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.