
«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов портфельдік компаниялардың басшыларына ірі инвестициялық нысандарды іске қосу мерзімдерін бұзғаны үшін жеке жауапкершілік пен тиісті басқарушылық шешімдер қабылданатынын ескертті.
Қордың еншілес ұйымдарының топ-менеджерлерімен өткен жұмыс кеңесінде құрылыс кестелерін қатаң сақтау және жобаларды уақтылы іске қосу мәселесі басты назарда болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындауға ерекше мән берілді. Мемлекет басшысы инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту, жаңа генерациялау қуаттарын іске қосу және 2029 жылға қарай тұрақты энергетикалық профицит қалыптастыру міндетін қойған болатын.
Кездесуде Түркістан, Қызылорда, Алматы және Екібастұз қалаларында жаңа энергетикалық нысандар салу, сондай-ақ газ өңдеу зауыттарын тұрғызу жұмыстарының барысы жеке қаралды.
«Стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдерін бұзуға жол берілмейді. Әрбір бірінші басшы қабылдаған міндеттемелердің орындалуы мен нысандардың пайдалануға уақтылы берілуіне жеке жауапты. Формалды көзқарас пен тиісті бақылаудың болмауы басқарушылық шешімдер қабылдауға әкеп соғады», – деді Нұрлан Жақыпов.
Қордың басқарма төрағасы құрылыстың барлық кезеңінде қатаң бақылау орнатуды және туындаған мәселелерді тікелей нысандарда жедел шешуді тапсырды.
Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің бақылауында жалпы құны 43,8 триллион теңге болатын 69 ірі инвестициялық жобаның іске асырылуы тұр.
В Атырау +11.3