Атырау, 23 желтоқсан 13:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Театр 116 миллионға «құпия» келісімшартқа отырған

1 428 рет қаралды

Атырау облыстық драма театрындағы мемлекеттік сатып алуға қатысты хикая едәуір резонанс тудырды. Әңгіме қомақты қаржы туралы болып отыр.

Театр мемлекеттік сатып алу порталында тендер жарияламай-ақ, Наурыз мейрамына, Қазақстан халқының бірлігі күніне және Халықаралық театр күніне арналған іс-шаралар өткізген. «ARSEN» ЖК мердігер компаниясы порталда мамырда ғана тіркелді, ал онымен келісімшарт кейінгі уақытпен, осы жылдың қыркүйегінде ғана жарияланды.

- Бұл мемлекеттік сатып алуға жауапты біздің маманның қателігі, ол тәртіптік жазаға тартылды. 10 наурызда театр «ARSEN» ЖК-мен 116 миллион 300 мың теңге сомаға келісімшарт жасады. Ақша наурыз, мамыр және маусым айларында орындалған жұмыс актісі бойынша төленді. Бірақ бұған дейін мұндай жағдайда талап етілетін бүкіл процедура сақталмады, - дейді театр директоры Берік ЖӘМЕНОВ. Оның айтуынша, бүгінде 54 миллион 850 мың теңге игерілген.

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек РЫСҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, осы фактіні жан-жақты тексеру үшін арнайы жұмыс тобы құрылған.

Айнұр САПАРОВА

18 қазан 2021, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.