Атырау, 23 желтоқсан 05:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

1 қыркүйекте мектепте салтанатты жиын тек бірінші сынып оқушылары үшін өтеді

2 119 рет қаралды

1 қыркүйекте тек бірінші сынып оқушылары үшін салтанатты сапқа тұру жиыны ұйымдастырылады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА хабарлады.

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау биыл бірінші рет жаңа форматта - электронды үкіметтің сайты арқылы ұйымдастырылды. 1 сәуірде басталған процесті 1 тамызға дейін аяқтау жоспарланған еді, бірақ енді бұл мерзім 20 тамызға дейін ұзартылды. Құжаттардың 98%-ы электронды түрде және 2%-ы - қағаз түрінде қабылданды. Өйткені ата-аналардың немесе балалардың құжаттарында қателіктер анықталды. Облыс бойынша барлығы 14241 бала бірінші сыныпқа қабылданды. Олар үшін 1 қыркүйекте ашық ауада санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес салтанатты жиын болады. Баланың қасында ата-ананың біреуі ғана жүре алады, мерекеге бүкіл отбасы қатыса алмайды.

- Оқу процесінің маңызды сәттерінің бірі - биыл біз әліппеге қайта ораламыз. 1 қыркүйекте балаларға салтанатты түрде алғашқы оқулық - әліппе беріледі, - деп атап өтті А.Дүйсекенова.

Естеріңізге салсақ, мазмұны жаңартылған бағдарлама енгізілген соң, әліппе оқулықтар тізімінен шығарылған еді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 тамыз 2021, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.