Атырау, 24 желтоқсан 15:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Облыс әкімі Талғайраң бағытына неге басымдық беріліп жатқанын түсіндірді

111 рет қаралды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қазіргі уақытта көптеген инфрақұрылымдық жобалардың Талғайраң ауылына қарай жүзеге асырылып жатқанын айтты. Әңгіме жаңа оңалту клиникасының құрылысы мен көше-жол желісін дамыту туралы болды.

«Талғайран дамып келеді. Сондықтан төрт жолақты магистраль сияқты жолдар осы бағытта салынып жатыр», — деді өңір басшысы.

Әкім барлық аудандардың ол үшін бірдей маңызды екенін атап өтті: 

«Жұлдыз да, Ақсай да, қаланың басқа бөліктері де мен үшін бірдей. Біз барлық бағытты кешенді түрде дамытуымыз керек», — деді ол.

Бұған дейін жергілікті тұрғындар неліктен негізгі назар Талғайраңға аударылып жатқанын сұраған еді. Ал басқа аудандарда әлі де су, жол және әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері бар. Билік өкілдері жұмыстар барлық бағытта жүргізілетінін мәлімдеді.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.