Атырау, 24 желтоқсан 16:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Түркістан облысында 16 жастағы қызды өлтірген Өзбекстан азаматы өмір бойына сотталды

Бейнежазба
91 рет қаралды
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Сот Түркістан облысының Ордабасы ауданына қарасты Торткүл ауылында жол жиегінен табылған 16 жастағы мектеп оқушысының өліміне қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Айыпталушы — 38 жастағы Өзбекстан азаматы — Қазақстан Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру», «Зорлау» және «Жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері» баптары бойынша кінәлі деп танылды. Сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

«Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деп жариялады судья Даурен Мадалиев.

Сонымен қатар сотталған адам жәбірленуші тарапқа моральдық зиян үшін 50 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Жазасын ол ең жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді.

Сот процесі жабық режимде өтті.

Оқиға 6 маусымға қараған түні болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қыз үйіне қайту үшін отбасына тиесілі дүкеннен шыққан соң жоғалып кеткен. Туыстары мен ауылдастары полициямен бірге оны түні бойы іздеді. Таңертең мектеп оқушысының денесі балабақша жанындағы жолдан табылды.

Айта кетейік, Қазақстанда бұған дейінгі өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы 2025 жылғы қарашада Атырауда Яна Легкодимованың қатыгездікпен өлтірілу ісі бойынша шығарылған еді.


Бүгін, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.