Атырау, 5 мамыр 10:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

«Ақ Жайықтың» жаңа жылдық номинациялары

Сурет
2 332 просмотра

ЖЫЛ ҚОНЫСТОЙЫ

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 8 пәтерлі тұрғын үйден пәтер кілтін алған Махамбет ауданы, Сарайшық ауылының кейбір жаңа қоныстанушылары жаңа баспанадан бас тартты. Себебі, пәтер іші суық, терезенің саңылауы көп, бөлмеаралық есіктер дұрыс орналаспаған, кезекпен ашуға тура келеді, қабырғалары қисық. Әр пәтерде автономды жылыту жүйесі бар, егер газ беруді көбейтсе, иіс пайда болып, тыныс алу мүмкін болмай қалады. Жаңа қоныстанушылардың бұл әрекетінен кейін мердігер мекеме пәтерлерге қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жылу батареяларының санын көбейтті. Бірақ тұрғындардың пікірінше, бұдан жалпы жағдай өзгермеді.

ЖЫЛ ЕКПЕСІ

1 ақпаннан бастап Атырау облысында ресейлік екі компонентті «Спутник-V» вакцинасымен коронавирусқа қарсы ерікті екпе алу науқаны басталды. Алғашқы еріктілер өңірдегі медициналық ұйымдардың басшылары мен қамауға алынғанға дейін денсаулық сақтау саласына жетекшілік еткен облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВА болды. Сәл кейінірек қолжетімді вакциналар тізімінде Hayat-Vax, Corona Vac, QazVac вакциналары пайда болды. Халық екпені белсенді қабылдау үшін қомақты ақшалай ұтыс ойындары мен түрлі жүлделер ойнатыла бас-тады. Қайшы әрекеттер де орын алды. Жазда Өзбекстан азаматы «Динадағы» егу пунктінде екпенің екінші компонентін алғаннан кейін өтірік талып қалады. Ол ағасымен бірге келіпті, ал оның мәліметін дәрігерлер өз дерекқорынан таба алмаған. Бұл жанжалға себеп болған. Жанжал барысында ер адам дәрігерлерге видеоға түсіреміз, содан кейін мұнда басқа ешкім келмейді деп қоқан-лоқы жасаған. Іс сотқа дейін жетті. Өтірік талған жігіт дәрігерлерден кешірім сұраса да, айыппұл төледі.

 

ЖЫЛ КАРАОКЕСІ

«Рыба моей мечты» караоке-клубының басшылығы қандай ұстанымда болды екен: пандемиямен күрескен қиын кезеңде адамдардың көңіл-күйін көтергісі келді ме, әлде табыс тапқысы келді ме екен?! Карантин кезінде салынған тыйымға қарамастан клуб түн ортасынан кейін де жұмыс істегені үшін оған 10 мәртеден астам айыппұл салынды. Клуб күзетшісі құқық бұзушылықты рәсімдеу үшін клуб ішіне кірмек болған мониторинг тобының мүшесін соққыға жықты.

 

ЖЫЛ БАЙРАҒЫ

Жыл бойына қала тұрғындары тутұғырдағы ту желбірей ме, жоқ па деп, бақылаумен болды. Бірден айта кетейік, Атырауда ел рәмізі ілінбеген күндер көп болды, тіпті, желсіз күндері де.

- Ту - нәзік нәрсе, оны ауа-райының қолайсыздығынан қорғау керек, - деп мәлімдеді билік «AЖ» сауалына жауап ретінде. Ал бізде қарсы сұрақ туындайды - егер бізге туыстарымыздың хабарламаларынан гөрі желдің күшеюі туралы ескертілген sms жиі келетін болса, құны 2,5 миллиард теңге болатын, тіпті биыл оны күтіп ұстауға 4 миллион теңге бөлінген болса, Атырауға мұндай сән-салтанаттың қажеті не? Дегенмен, мұндай тутұғырлардың жоғары жақтың әмірімен еліміздің барлық облыс орталықтарында орнатылуы жергілікті билікті ішінара ақтап қалып отыр.

 

ЖЫЛ БИІ

Құрманғазы ауданының оқушысы Нұрәлі БЕКТЕМІРОВТІҢ конькимен сырғанаған биі дүниежүзілік желіні шарлап кетті. Видеода қара киімді бозбала Кас-пий теңізінің мұз басқан айдынында қалықтап жүргендей көрінеді. Бұл биді ағасы Әди түсірген екен. Әдетте ауыл балалары қыста Шарон өзенінде сырғанайды, бірақ бұл видеоны түсіру үшін ағайындылар 40 шақырым жердегі теңізге арнайы шыққан. Би америкалық әнші Zack Gray орындауындағы Try композициясымен сүйемелденді. Сүйсінген әнші бұл видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеп, жігіттерімізге алғысын білдіріп, Қазақстанға барғысы келетінін жеткізді.


ЖЫЛ БОЛЖАМЫ

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында қалада жарық жиі өшті. 10-15 қаңтарда қатты көктайғақ, жаңбыр мен қар түрінде ауа райының айтарлықтай нашарлауына байланысты 220 кВ «Индер-Атырау», «Атырау-Құлсары» жоғары вольтты электр тарату желісі ажыратылып, Атырау және Маңғыстау облыстарын электрмен жабдықтауда оқшаулап тастады. Бірақ энергетиктердің брифинг кезінде бұл құбылысты экологиялық себептермен түсіндіру әрекеті таң қалдырды. «KEGOC» АҚ «Батыс жүйеаралық электр желілері» облыстық филиалының директоры Константин ЧЕРНОХАЕВ ажыратуға қатысты экологиялық мәселені тарқатып, бұрын  жаңбыр оқшауламаның шаңын шайып, бұл жабдық үшін тіпті пайдалы болатын. Алайда бұл жолы жаңбыр «тосын сыйға толы» болғанын әңгімеледі. Оның құрамында сымдардың оқшауламасын бұзатын әлдебір зат болыпты, ол әзір кепкенше, осындай «жарқыл» болған. 30 жыл және одан көп тәжірибесі бар энергетиктер алғаш рет осындай жағдайға тап болған.  Бұл процестің мәнін түсіну үшін сараптама тағайындалды, Атырау мен басқа қалалардың зертханалары тартылды, жердің, судың және изоляторлар шайындыларының сынамасы жіберілді. Бірақ облыстағы электр қуатының өшіп қалуына Каспий теңізінің тұздары кінәлі ме, соған нақты жауап болған жоқ.

 

ЖЫЛ ӨКІНІШІ

«Шынайы өкіну» облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Серік ҚАМИДОЛЛАҒА қызмет бабын асыра пайдалану туралы іс бойынша қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға мүмкіндік берді. Еске салсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері Қамидолланы пара алды және алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады. Бірақ кейін іс ҚР Қылмыстық кодексінің анағұрлым жеңілірек 361-бабына ауыстырылды. Бұл күтпеген жерден үлкен резонанс тудырды. Наурыздың ағында Құлсары мен Атыраудың тұрғындары, негізінен, көп балалы аналар мен мүгедек балалардың аналары Қамидолланы қылмыстық қудалауды тоқтатуды талап етті. Үкімге осы әсер етті ме, әлде Қамидолланың айыптаушы тараппен толық келісуі ықпал етті ме, дегенмен бұл факті болып қалды. Соттың ресми нұсқасы - Серік Қамидолла ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмысын бірінші рет жасады, ол өкініш білдіріп, кәмелетке толмаған үш баласы бар екені, оның ішінде мүгедек баласы бар екені, жалғыз асыраушы екені, жәбірленушілердің оған мүліктік талаптары жоқ екені ескерілген.


ЖЫЛДЫҢ ҰСТАЛУ ДЕРЕГІ

Бұл жерде біріншілік жүлдесі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевпен бірге 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВАҒА тиесілі екені сөзсіз. Тергеу оларға Атырауда Абай ескерткішін жасау және орнату үшін 145 миллион теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасағаны үшін пара алды деген айып тақты.

Бастапқыда үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Бірақ кейін облыстық сот оны тергеу изоляторына қамады. Өйткені Фемиданың пікірінше, ол бостандықта процеске қатысушыларға қысым көрсетуі және істің объективті тергелуіне кедергі келтіруі мүмкін.

Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, әрине, орынбасарының ұсталғанына «ренішті» екенін айтты. Көп ұзамай журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ол қазіргі лауазымындағы қызметіне жалпы көңілі толатынын атап өтті.

 

ЖЫЛ БОСТАНДЫҒЫ

4 ақпанда бес жылға жуық түрмеде отырған қоғам белсендісі Мақс БОҚАЕВ бостандыққа шықты. Түрме оның сағын сындырмады.

– Биыл жер мораторийі аяқталады. Ал тағы да митингке шығу керек болса, мен шығамын. Біздің жерімізден басқа неміз қалды? Түрмеден қорқудың қажеті жоқ. Қажет болса, отырамыз. Баршаңызға қолдауларыңызға рахмет, – деді ол пікірлестерімен кездесу кезінде. Ал 28 ақпанда ол расымен де елдегі қазіргі саяси режиммен келіспейтінін білдіру үшін шынымен де Исатай мен Махамбет алаңына шықты. Содан кейін ол бір кісілік пикеттер кезінде әлденеше рет маңызды мәселелерге назар аударды.

 

ЖЫЛ ҮКІМДЕРІ

Педагогтардың қол көтеруі және дәрігерлердің әрекеті мен әрекетсіздігі туралы көп шағым естідік. Алайда өз іс-әрекеттері үшін шынайы жазаны олар бірінші рет алып отыр. Сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған «Алтын балық» мамандандырылған балабақшасының тәрбиешісі баланы ұдайы ұрып-соғу арқылы тән зардабына және психикалық зардап шегуге ұшыратқаны үшін кінәлі деп танылды. Сол үшін ол жалпы режимдегі колонияда 4 жыл бас бостандығынан айырылды.

Дәрігерлердің әрекеті одан да сорақы. Олар өлі туған деп тіркелген тірі нәрестені тоңазытқышқа салып тастады. Ұзаққа созылған сот отырысы мен бірнеше апелляциядан кейін перинаталды орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан және акушер Жәмилә Құлбатырова алдын ала сөз байласу арқылы жаңа туған нәрестені өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, тиісінше 18, 16 және 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал дәрігер-неонатологтар Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаеваға қылмыс жасалғаны туралы хабарламағаны үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.


ЖЫЛДЫҢ «МӘДЕНИ МАСҚАРАСЫ»

Өтіп жатқан осы жылы мәдениет саласындағы оқиға мен шараларды жіті бақылап отырдық, бірақ мүлде театрландырылған премьералар мен салмақты концерттерге байланысты емес. Облыстық академиялық драма театрының мемлекеттік сатып алуды қалай «жарамсыз еткені» туралы хикая үлкен резонанс тудырды. Өйткені әңгіме 16 миллион теңгеден астам сомаға қатысты болды. Театр Наурыз мейрамына, Қазақстан халқының бірлігі күніне және Халықаралық театр күніне арналған іс-шараларды мемлекеттік сатып алу порталында тендер жарияламай-ақ өткізді. Онда «ARSEN» ЖК мердігер компаниясы ол жерге мамыр айында ғана тіркеліп, онымен жасалған келісім-шарт күнілгері датамен қыркүйек айында жарияланған. Театрда мұның бәрі мемлекеттік сатып алуға жауапты маманның қателігінен болды деп сілтеді. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек РЫСҚАЛИЕВ бұл фактіні жан-жақты тексеру үшін арнайы жұмыс тобы құрылғанын хабарлады. Ал көп ұзамай ол облыс әкімінің орынбасары Бақтыгүл Хаменовамен бірге пара алды деген күдікпен ұсталды. Біраз уақыттан кейін тексеру барысында жергілікті мәдениет саласында ҚР Бюджет кодексінің жалпы сомасы 1,3 млрд теңге сомадағы заң бұзушылықтары анықталды.

 

ЖЫЛДЫҢ ASHYQ  ЖҮЙЕСІ

Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базасында дені сау ретінде тіркелген адамдар ПТР-тестсіз қоғамдық орындарға бара алатындай етіп әзірленіп, енгізілген Ashyq жүйесі, өкінішке орай, жарамысз болып шықты. Сауда орындары мен қоғамдық тамақтану нысандары міндетті QR-кодтарын алғанымен, келушілердің ережеyі сақтауын бақылауға әуре болмады. Ал егер күзетшілердің бірі қырағылық танытуды ұйғарса, бұл жағдайда барлығының қолында дерлік «жасыл» мәртебе бейнеленген видео бар.

30 желтоқсан 2021, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.