Атырау, 21 желтоқсан 10:08
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Басқа жаңалықтар

Бюджеттің аты бюджет Басқа жаңалықтар

Бюджеттің аты бюджет

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда 2 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдық округтарға «бюджеттің төртінші деңгейі» енгізілді, яғни, бұрын жоғары жаққа кететін салықтың бірнеше түрі  ауыл бюджетіне бағытталды. Түскен қаржыны тек мектеп жасқа дейінгі тәрбиеге, аббаттандыру мен көгалдандыруға, жол жөндеу және сумен қамту жұмыстарына ғана пайдалануға рұқсат. «АЖ» тілшісі  жаңа жүйе Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай ауылында қалай қолданылып отырғанын зерделеді.  17 қазан 2018, 10:06 5 639 рет қаралды
Бүгінде Атырауда 867 тұрғын үйдің 252-іне жылу берілді Басқа жаңалықтар

Бүгінде Атырауда 867 тұрғын үйдің 252-іне жылу берілді

15 қазанда таңертең Атырауда термометр минус 2 градусты көрсетіп тұрды. Атырау облыстық энергетикалық қадағалау департаментінің басшысы Қуанышбек ЖҰМИЕВТІҢ айтуынша, бүгін 15 қазанда ЖЭО жүйесіне қосылған қаладағы 867 тұрғын үйдің 252-сіне және күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №30 балабақша мен ескі жұқпалы аурулар ауруханасынан басқа әлеуметтік 134 объектілеріне жылу берілді.  Толықтырылды 15 қазан 2018, 14:54 2 264 рет қаралды
«Доссор көшіріледі деген қаңқу сөз» Басқа жаңалықтар

«Доссор көшіріледі деген қаңқу сөз»

Соңғы жылдары Атырау облысы Мақат ауданына қарасты Доссор кентін облыс орталығына көшіріледі-мыс деген алып-қашпа әңгіме желдей есіп тұр. Әңгіменің шығуына себеп те жоқ емес. Доссор – қазақ мұнайының бесігі, 2009 жылы мұнайдың алғаш өндірілуіне 100 жыл толуы салтанатты аталып өтті. Сол кезде «Қазмұнайгаз» есебінен кент маңындағы Қошқар, Комсомол және Бек-Бике ауылдарын көшіру туралы шешім шықты, өйткені сол жерлердегі ескі мұнай кен орындарында өндіріс бітуге жақындап, шағын ауыл халқы жұмыссыз және инфрақұрылымсыз қалған-ды. Қошқар, Комсомол және Бек-Бике 2010 жылы Атырауға «көшіп», үш жылдан кейін Байшонас пен Ескене де көш басын бері бұрды. Салыстыра қарасақ, әрине, бұлар – шағын ауылдар, ал 13 мың тұрғыны бар Доссормен қалай болады? 9 қазан 2018, 15:52 6 187 рет қаралды
Күзгі ауа райы алдамшы Басқа жаңалықтар

Күзгі ауа райы алдамшы

«Атырау жылу жүйелері» АҚ жылу маусымына дайын,- деп мәлімдеді АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ (суретте). Сол күні кәсіпорын басшылығына күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты табыс етілді. 23 қыркүйек 2018, 12:34 2 365 рет қаралды
Балабақшаға интернет немесе ХҚКО арқылы Басқа жаңалықтар

Балабақшаға интернет немесе ХҚКО арқылы

Атырауда былтырдан бері мектепке дейінгі мекемелерге жолдама алудың электронды кезегі жұмыс істейді. Қалалық білім бөлімі қызметкерлерінің пікірінше, техникалық жаңалық сыбайлас жемқорлық қатерінің жолын барынша кеседі. 6 қыркүйек 2018, 22:11 2 433 рет қаралды
Оқу «айқасы» алдындағы мектеп Басқа жаңалықтар

Оқу «айқасы» алдындағы мектеп

1 қыркүйек қарсаңында «АЖ» тілшісі Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВПЕН кездесіп, бүлдіршіндер мен болашақ түлектер ата-аналарын толғандырып жүрген көптеген мәселелер туралы сұхбаттасты. 29 тамыз 2018, 00:00 4 397 рет қаралды
Назарбаев Атырауда: Астрахан мен Ақтөбе арасына жол салынады Басқа жаңалықтар

Назарбаев Атырауда: Астрахан мен Ақтөбе арасына жол салынады

23 тамыздағы Атырау облысына сапары барысында Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Карат» ЖШС-нің «Дәулет» индустриалды аймағына (нан және макарон өнімдері, консервілер және т.б.), «Жігермұнайсервис ЖШС зауытына (конструкцияларды роботпен дәнекерлеу жаңалығын енгізген), «Ембімұнайгаз» АҚ кеңсесіне («ақылды» кен орнының таныстырылымы) және жаңа Студенттер үйіне («ҚазТрансОйлдың университетке тартуы) бас сұғып, кейін үлкен жиын өткізді. Сурет Бейнежазба 24 тамыз 2018, 10:11 5 922 рет қаралды
Тамыз педсоветі Басқа жаңалықтар

Тамыз педсоветі

23 тамызда Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Атырау педагогтарының дәстүрлі конференциясы өтті. Іс-шара президенттің жұмыс сапарымен сәйкес келгендіктен, көптеген шенеуніктер мұнда қатыса алмады, ал облыстық білім басқармасының басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВ жиын соңында әріптестеріне өңір бойынша білім саласындағы жалпы ахуал туралы айтып берді.   Сурет Бейнежазба 24 тамыз 2018, 19:49 3 529 рет қаралды
Бұдан да жақсы шамдар бар Басқа жаңалықтар

Бұдан да жақсы шамдар бар

Атырау қаласының әкімдігі «Атырау Innovations» ЖШС-мен бірлесе отырып журналистерге жергілікті билік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) бағдарламасы аясында жүзеге асыруды жоспарлаған жиырмадан астам жобаны таныстырды. Бұл тізімде 8 мектеп, 20 балабақша, 1000 орынға арналған жеңіл атлетика кешені, өзен вокзалы, заманауи қалдық полигоны құрылысы мен қала көшелерін жарықтандыру бар. 20 тамыз 2018, 10:20 3 391 рет қаралды
Мектепке рұқсат қағазбен кіреді Басқа жаңалықтар

Мектепке рұқсат қағазбен кіреді

Биыл мектептерді ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 44 миллион, балабақшаларға - 28 миллион теңге бөлінді, оқулықтарға қажетті мөлшерде тапсырыс берілді; жалпы алғанда, мұнай астанасы жаңа оқу жылына толығымен дайын, - деді қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Ерлан ҚАБДЕНОВ брифингте сенімді түрде. 6 тамыз 2018, 20:35 3 189 рет қаралды
Салтанатпен ашылып, бес күннен соң жабылды Басқа жаңалықтар

Салтанатпен ашылып, бес күннен соң жабылды

Аудан орталығы Индербор кентінде үш балабақша болғанымен, сұранысты толық қанағаттандыра алмай отыр: балабақша кезегінде 556 бүлдіршін тұр. Ал көктемде салтанатты түрде ашылған жеке меншік балабақша бес-ақ күн жұмыс жасады. 1 тамыз 2018, 11:08 3 209 рет қаралды
Химпоселок не сұрайды? Басқа жаңалықтар

Химпоселок не сұрайды?

- Егер бұл жерде өмір сүру қиын екенін білсек, Атыраудың бұл ауданынан ешқашан жер телімін алып, үй салмас едік, - дейді «АЖ» редакциясына хабарласқан Химпоселке тұрғындары. Олар көшелерде жарықтың, балалар алаңдарының, қоғамдық көліктің жоқтығына, тәулік бойы мүңкіген иіске және қаптаған маса көп екеніне шағымданды. 13 маусым 2018, 15:03 3 451 рет қаралды
Ауыл әкімінің әмияны Басқа жаңалықтар

Ауыл әкімінің әмияны

2018 жылдан бастап халық саны 2 мың адамнан астам елді мекендер мен ауылдық округтерде өзін-өзі басқару бюджеті мен коммуналдық меншігі болуды қарастыратын ҚР-дің Жергілікті өзін өзі басқару туралы заңнамаларына өзгерістер енгізілді. «АЖ» тілшісі осы жаңалықтың нақты бір ауылдағы жұмыс барысымен танысты. Сурет 26 мамыр 2018, 16:52 8 384 рет қаралды
Мұнайшылар атынан жаңа баспана Басқа жаңалықтар

Мұнайшылар атынан жаңа баспана

Тағдырдың өзі Шығыс Қазақстан облысына мол байлық сыйлаған.  Бұл аймақ минералды-шикізат ресурстарына – пайдалы қазбаларға өте бай болуымен қатар, әсем табиғи ортасымен де ерекше: көгілдір тау мен жасыл алқап, ормандар араласа орналасқан, мыңдаған өзендер осы аумақты басып өтеді. Бірнеше өзен құятын  Ертіс өзені мен атақты  Бұқтырма су қоймасы да осында. PR 23 мамыр 2018, 11:46 3 062 рет қаралды
«Астана Банкі»: депозиттердің 99,9% сақтандырылған, бірақ тәулігіне 50 000 немесе айына 100 000 теңге беріледі Басқа жаңалықтар

«Астана Банкі»: депозиттердің 99,9% сақтандырылған, бірақ тәулігіне 50 000 немесе айына 100 000 теңге беріледі

«Астана Банкі» АҚ-ның төлем карточкаларын пайдаланатын Атырау облысының мемлекеттік қызметкерлері ақшасыз қалды. Мысалы, УГ-157/1, УГ-157/9 (ІІМ түзету мекемелері) қызметкерлері сәуір айындағы жалақыларын ала алмай келеді. Олардың әріптестерінің бірін кезекті айдың жалға алу ақысын төлей алмағаны үшін пәтерінен шығарып жіберген. Екіншісінің баласын азғана қарызы үшін балабақшадан шығарыпты. 18 мамыр 2018, 14:32 3 032 рет қаралды
Галстуксыз кездесу Басқа жаңалықтар

Галстуксыз кездесу

15 мамырда Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Бірақ олар ғана емес, өз жобаларына қолдау мен қаржы сұраған бизнесмендер, халықаралық гуманитарлық мекемелердің қызметкерлері және қоғам үшін идеялары бар жеке тұлғалар да келді. Бейнежазба 16 мамыр 2018, 13:49 5 456 рет қаралды
«Шамшырақ» қалай өшті? Басқа жаңалықтар

«Шамшырақ» қалай өшті?

№13 «Шамшырақ» балабақшасының кешені бұзылатын болды. Біздің газетіміз «АтырауБалық» АҚ-ның ведомстволық мектепке дейінгі мекемесінің мүшкіл халі туралы әлденеше рет жазған еді. Жайық жанындағы ағаштар арасында орналасқан осы жайлы бақшаға бір кездері 280 бала баратын... Сурет Бейнежазба 18 сәуір 2018, 16:58 5 873 рет қаралды
Жеке балабақшаның күні туды Басқа жаңалықтар

Жеке балабақшаның күні туды

Сәуірде Атыраудағы 9 балабақша күрделі жөндеуге жабылады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 587 млн теңге бөлінді, мердігер – «Атырау Тайм Строй» ЖШС. Жұмыстарды қыркүйекке аяқтау жоспарланып отыр. Бұл балабақшаларға 3 мыңдай бала барады. Енді ата-аналар не істемек? 7 сәуір 2018, 10:00 2 961 рет қаралды
Мектеп аймағы Басқа жаңалықтар

Мектеп аймағы

Қала орталығындағы «Насиха» сауда үйінің артындағы үлкен бір аумақты гараждар алып жатыр, араларында иесіз, пайдаланылмайтындары да бар. Бұлардың көпшілігі өткен ғасырдың 60-жылдары салынған, қирап, айналасы қоқысқа толған. Бұл жағдай жергілікті тұрғындардан басқа ешкімді алаңдатпайтын сияқты.  Сурет Бейнежазба 2 сәуір 2018, 14:48 3 532 рет қаралды
"Әр сәтің санаулы" Басқа жаңалықтар

"Әр сәтің санаулы"

Бастапқыда «АЖ» тілшілері Атырау қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы қызметкерлерімен бір-екі сағат өткізуді жоспарлады, өйткені жексенбі күні болатын. Бірақ шексіз қоңыраулар легімен медиктермен бірге түн ортасына дейін «жұмыс жасағандарын» байқамай да қалды... Сурет Бейнежазба 15 ақпан 2018, 09:00 4 266 рет қаралды
Балабақша кезегінде Басқа жаңалықтар

Балабақша кезегінде

Жақында ХҚКО­-ға барып, бір айлық баламды балабақшаға кезекке қойған едім. Менің алдымда 24 мың 712 адам болды. Жыл сайын бірнеше мың бала мектеп табалдырығын аттап, орын босататыны түсінікті. Дегенмен, қара ақылға салсақ, үш жылда кезек келіп үлгермейтіндей көрінеді. Бұл солай ма?  14 қаңтар 2018, 19:17 10 457 рет қаралды
2017 жылы «Ақ Жайық»  не туралы жазды Басқа жаңалықтар

2017 жылы «Ақ Жайық» не туралы жазды

Қаңтар. Еркінқалада қаңғыбас иттер 7 жасар баланы талап тастады, дәрігерлер оның өмірін аса қиындықпен аман алып қалды. Қала маңындағы елді мекендердің бірінде жүз елуден астам бұралқы иттер жойылды. Уақытша тіркеу енгізілгеннен кейін  Атыраудағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында басқа өңірлерден келген отандастарымыз «қаптап» кетті. «Жер митингілері туралы іс»: облыстық сот алқасы азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аяновқа қатысты апелляцияны қарап шығып, әрқайсысын 5 жылдан бас бостандығынан айыру үкімін өзгеріссіз қалдырды. Ауғанстанда полиция облыс орталығында 2011 жылдың 31 қазанында теракт ұйымдастырған Атырау тумасы Дамир Зналиевті тұтқындады. Облыстық прокуратура ғимаратының алдында облыс прокурорының бұрынғы көмекшісі Лейла Смадьярова өзін-өзі өртеді (өрт сөндіргішпен жүгіре шыққан көрші кеңседе жұмыс жасайтын ер адам оның өмірін құтқарып қалды). Бұл пара алды деп өзіне тағылған жалған айыпқа қарсы наразылығы болатын. 10 күннен кейін сот оны 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді.  28 желтоқсан 2017, 00:00 3 012 рет қаралды
Мектеп тапсырмасы: 4 ауысыммен амалда Басқа жаңалықтар

Мектеп тапсырмасы: 4 ауысыммен амалда

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерболат УАИСОВ бұрынғы басшысы, қазіргі уақытта Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛЛИНГЕ көптеген мектептер мен балабақшалардың лық толы екені туралы хат жолдады. 27 желтоқсан 2017, 12:28 3 196 рет қаралды
Мұнайшылардың жаңажылдық ертегісі Басқа жаңалықтар

Мұнайшылардың жаңажылдық ертегісі

«Ембімұнайгаз» АҚ әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары, мүмкіндігі шектеулі балалар мен емдеу мекемелеріндегі балалар  үшін дәстүрге айналған жаңажылдық мереке ұйымдастырды.  Сурет 27 желтоқсан 2017, 13:01 3 913 рет қаралды
«ҚазТрансОйлдағы» трансформация Басқа жаңалықтар

«ҚазТрансОйлдағы» трансформация

«АЖ» редакциясына бұдан бұрын мәлімделген «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) Батыс филиалы таратыла бастады, Жилгородок көпірінің жанындағы оның «кітапша» деп аталатын зәулім кеңсесі қытайлықтарға сатылып кеткен, ал қызметкерлердің көпшілігі жұмыстан босатылыпты деген бейресми ақпарат келіп түсті. Компанияның орталық аппаратындағылар директордың трансформация жөніндегі орынбасары Орал ЫДЫРЫСОВТЫҢ Атырауға ұшып баратынын және міндетті түрде «АЖ» тілшісімен кездесетінін хабарлады. 6 желтоқсан 2017, 12:12 3 335 рет қаралды
Тағы да ақша жинау туралы Басқа жаңалықтар

Тағы да ақша жинау туралы

Мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстарына бөлінетін ақша көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Былтыр жергілікті бюджеттен 89,5 млн теңге бөлінсе, биыл 251,5 млн теңге қаражат бөлінген. Бұл туралы Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА брифингте хабарлады. 28 қараша 2017, 17:14 4 562 рет қаралды
«Мектептің тарапынан ақша жинауға ешқандай тапсырмалар берілмейді» Басқа жаңалықтар

«Мектептің тарапынан ақша жинауға ешқандай тапсырмалар берілмейді»

Бүгінде Атырау қаласындағы 57 мектепте 58 837 оқушы білім алып келеді. Жазда қалалық бюджеттен бөлінген 67 млн 600 мың теңгеге мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, 36 млн теңгеге 6 мектеп (53 мектепке 2016 жылы қондырылған) пен 15 балабақшаға бейнебақылау камералары.  Тоғыз мектепке (№5, №6, №25, №32, Еркінқала, Жамбыл,Т. Амандосов, Амангелді, Қ. Смағұлов) 120 млн 600 мың теңгеге автобустар сатып алынған көрінеді. Бұл цифрлар мен фактілер Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Света АМАНШИЕВАНЫҢ қатысуымен өткен брифингте айтылды. 17 қараша 2017, 16:15 4 177 рет қаралды
Ел игілігіне еңбек еткен Компания Басқа жаңалықтар

Ел игілігіне еңбек еткен Компания

Жер қойнауын игеруші компания ретінде «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы –   мұнайлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан отандық кәсіпорынның бірі. Компания жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттың талабына  сай, Атырау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және қазақстандық мамандарды  оқыту  бағытындағы өз міндетін толықтай  орындап отыр. БАҚ өкілдері 2016-2017 жылдарда келісімшарт аясында атқарылған жұмыстармен танысып қайтты. Сурет 8 қараша 2017, 10:54 5 554 рет қаралды
Гимназиядан - мектепке Басқа жаңалықтар

Гимназиядан - мектепке

1993 жылы Индер ауданы Есбол ауылында Кулагино ұлттық гимназиясы ашылды. Көп үміт күтілген оқу орны өз мәртебесіне ақыры жете алмады. Басында оқушыларды іріктеу арқылы қабылдаған гимназияда кейін бәрін қатарынан қабылдайтын болды. Гимназия ашылған соң көп кешікпей материалдық-техникалық жарақтандыру тоқтатылып, кейін коммнуалдық мәселелер шыға бастады.   Сурет 6 қараша 2017, 11:08 5 101 рет қаралды