Атырау, 25 қараша 22:32
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мектепке рұқсат қағазбен кіреді

3 090 просмотра


Биыл мектептерді ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 44 миллион, балабақшаларға - 28 миллион теңге бөлінді, оқулықтарға қажетті мөлшерде тапсырыс берілді; жалпы алғанда, мұнай астанасы жаңа оқу жылына толығымен дайын, - деді қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Ерлан ҚАБДЕНОВ брифингте сенімді түрде.

Оның айтуынша, Атырауда 110 білім беру мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде 57 мектеп, 43 балабақша, 6 музыка мектебі, 2 мектептен тыс орталық және 2 жасөспірімдер спорт клубы бар.

«АЖ» сұрақтары:

- Оқулықтарға қатысты жағдай қалай?

- Оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді сатып алуға 945 млн теңге бөлінді. Келісім-шарттар жасалды, оқулықтар тамыздың 15-і мен 25-і аралығында мектептерге жеткізіледі. Айтпақшы, жеткізу үшін де 5 млн теңге бөлінді. Оқулықтар бәріне жетеді.

- Қауіпсіздік мәселесі қалай шешіледі? Барлық мектептерде турникеттер орнатылған ба?

- Барлығында. Бұдан басқа, 36 мектепте пилоттық режимде жаңа қауіпсіздік жүйесі іске қосылады: балалар оқу орнына рұқсат картасымен кіріп шығады, ал ата-аналар, тиісінше, смс-құлақтандыру немесе электронды пошта арқылы хат алады.

- Қандай пәндердің мұғалімдері жеткіліксіз?

- Орыс сыныптарында 305 мұғалім жетіспейді. Ал 6 мектепте психологтың орны бос.

- Қала маңындағы жаңа ықшамаудандарда балабақшалар тапшылығы мәселесі қашан шешіледі?

- Бұл үлкен мәселе, атап айтқанда, Нұрсая, Жұлдыз, Бірлік, Самал ықшамаудандарына балабақшалар қажет.  Қаржы бөлінеді, Еркінқала, Балауса, Өркен, Самал, Талғайраң, Бесiктi, Көктем, Жаңаталап, Геолог ықшамаудандарына балабақшалар салу жоспарланып отыр.

- Атырауда бала бақша кезегінде қанша бала тұр?

- 20 мыңнан астам.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

6 тамыз 2018, 20:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.