Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерболат УАИСОВ бұрынғы басшысы, қазіргі уақытта Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛЛИНГЕ көптеген мектептер мен балабақшалардың лық толы екені туралы хат жолдады.
Бүгінгі таңда облыстың 8 мектебі апатты ғимараттар тізімінде тұр, деп хабарлады Е. Уаисов. Атыраудағы Өтемісұлы атындағы мектеп жабылып, балалар 624 орынға есептелген №35 мектепте оқып жүр. Ал ол жердегі мектептің өз оқушылары - 1458. Сондықтан №35 мектепте сабақтар 4 ауысыммен өткізіледі.
Мұратбаев атындағы мектеп биылғы жыл басында апатты деп танылып, 385 бала 624 орынға есептелген Тайманов атындағы мектепке көшті (өз оқушылары - 1239). Сабақ 3 ауысымда өткізіледі.
Ленин атындағы жабылған мектептің 480 оқушысы №18 мектепте білім алып жүр (сыйымдылығы 320 орын, өз оқушылары - 667). Сабақ 4 ауысымда жүргізіледі.
Облыстағы 183 мектептің 31-інде сабақтар бейімделген орынжайларда өтеді. Бұлар Құрманғазы ауданындағы 11 мектеп, Атыраудағы - 8, Махамбет ауданындағы - 4, Исатай мен Қызылқоға аудандарындағы - 3, Индер мен Жылыойдағы – 1 мектеп.
Облыста 192 балабақша бар (оның ішінде 52-сі жеке). 27 мемлекеттік балабақша (Құрманғазы ауданында - 8, Қызылқоға ауданында - 7, Махамбет пен Исатайда - 5, Индерде - 2) бейімделген орынжайда орналасқан.
Атырау қаласындағы көптеген балабақшаларда топтағы балалар саны нормадан әлдеқайда асып кетеді, мысалы, №22 балабақшада - 2,3 есе, №59 балабақшада - 2,6 есе.
Өз хатында Е. Уаисов депутаттардан осы мәселелерге назар аударуды сұрайды. Қала әкімдігіне жаңа ықшамаудандарда тұрғын үйлермен қатар мектепке дейінгі және мектепте білім алу нысандарын бір мезгілде салу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ