Атырау, 25 қараша 22:23
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сапасыздық салдары

3 667 просмотра


Мақат ауданы Доссор кентінде 100 орындық шипажай балабақшасы құрылысы 2011 жылы басталғанмен, пайдалануға қашан берілетіні белгісіз болып тұр.

- Мердігерлердің жиі ауысуы, бір-бірімен соттасуынан нысан құрылысы ұзаққа созылып кетуде. Негізі бұл жөнінде тапсырыс беруші -  облыстық құрылыс басқармасынан сұрағаныңыз жөн,-дейді Мақат ауданы әкімі Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВ.

- Балабақша құрылысын жүргізген мердігер мекеме - «Жайық универсал» ЖШС-тің жауапсыздығы салдарынан құрылыс жұмыстарының сапасыз орындалғандығы анықталып, сол себептен нысан құрылысы тоқтатылған еді. Бүгінде құрылысты қайта жалғастыру мақсатында қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Нысанның пайдаланылуға берілу мерзімі 2019 жылға жоспарланған,- облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік АМАНОВ

Құрылыс басқармасынан, сонымен қатар, жуырда шатыры қатты желден шатыры ұшқан Доссордағы О. Сарғұнанов мектебі туралы сұрадым.

- Мектеп 2016 жылы пайдаланылуға берілді. Мердігер мекеме -«Бекназер» ЖШС.  Келісімшартқа сәйкес мектептің кепілдік мерзімі 2 жыл, сондықтан мердігер шатырды толықтай өз күштері есебінен қалпына келтіруі керек

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 наурыз 2018, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.