Атырау, 20 тамыз 00:04
 дождьВ Атырау +25.5
$ 462.22
€ 536.50
₽ 5.43

Жеке балабақшаның күні туды

3 100 рет қаралды


Сәуірде Атыраудағы 9 балабақша күрделі жөндеуге жабылады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 587 млн теңге бөлінді, мердігер – «Атырау Тайм Строй» ЖШС. Жұмыстарды қыркүйекке аяқтау жоспарланып отыр. Бұл балабақшаларға 3 мыңдай бала барады. Енді ата-аналар не істемек?

«АЖ»-ға қалалық білім беру бөлімінде хабарлағандай, жөндеу жұмыстары кезінде олар мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жеке балабақшаларға бөлінуі мүмкін. Тамақтану үшін сол 10 мың теңгені төлеу керек болады, қалғанын бюджет қосады. Әңгіме 3 және одан жоғары жастағы балалар туралы болып отыр. Ата-аналарға өз балабақшасының директорына немесе қалалық білім беру бөліміне жүгіну қажет.

Тамара СУХОМЛИНОВА

7 сәуір 2018, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.