Атырау, 26 сәуір 10:31
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Күзгі ауа райы алдамшы

2 108 просмотра


«Атырау жылу жүйелері» АҚ жылу маусымына дайын,- деп мәлімдеді АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ (суретте). Сол күні кәсіпорын басшылығына күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты табыс етілді.

Биылғы жылы 22,8 км жылу жүйелерін жөндеу жоспарланған болатын, жоспар орындалды, бірақ бұл жеткіліксіз, - деп санайды Шамшатов:

- Біздің балансымызда 426 километр желі бар, жыл сайын кем дегенде 10% жөндесек те жақсы болар еді. Бірақ қаражаттың тапшылығынан бұл мүмкін болмай отыр. Құбырларды пайдалану мерзімін қалай ұзартуға болатынына бас ауыртуға тура келеді. 2015 жылдан бастап оқшаулау үшін коррозиядан жақсы қорғайтын пенополиуретанды  пайдаланамыз .

Өткен жылу маусымында жылу берушілерге тұрғындардан 121 шағым келіп түсті, бірақ олардың 5-ін ғана кәсіпорын өз тарапына қабылдап, ақауларды жойды - басқа жағдайларда шағымдар негізсіз деп танылды.

«АЖ» сұрақтары:  

- Сіздер қанша үйге жылу беруге рұқсат нарядын бердіңіздер?

- ЖЭО жүйесіне қосылған 867 үйдің 854-і жылу қабылдауға дайын.

- Сіздің қызметкерлеріңіз ПИК-терден қысыммен тексеру жұмысын қабылдайды. Әзірліктері нашарларды және жүйеге ең соңғы қосылатындарды атасаңыз. Үй жертөлелерінен жылу кетіп тұрса, сіздер жылу бермейсіздер ғой.

- Иә, қысыммен тексеру жұмыстарын жүргізбеген үйлерге жылу бермейміз. Бірақ әлі де уақыт бар, қалған 13 үйде ПИК-тер жөндеу жұмыстарын 15 қазанға дейін аяқтайды деп үміттенемін.

- Ықшамаудандар қандай реттілікпен жылу жүйесіне қосылады?

- Ең бірінші Восток ықшамауданы, сосын Привокзальный, Авангард. Нұрсаяны соңынан қосамыз. Қосу процесінің өзі аптаға созылады, сондықтан оны алдын-ала 1 қазаннан бастаймыз .

Естеріңізде болса, 2016 жылы қыркүйектің соңында күн қазіргідей жылы болды. Біз қосуды бастасын деп ПИК-терге хаттар жолдадық. Ал олар бас тартты. Бірақ 5 қазанда күн күрт суытып кетті. 15 қазанда неге жылу бермей жатырсыңдар деп, тұрғындар диспетчерге  жан-жақтан қоңырау шалды. 16 қазанда тіптен телефонға тыным бермеді.

Ережеге сәйкес, сыртқы ауа температурасы 3 күнге дейін 8 градус және одан төмен деңгейде сақталса, жылу берілуі тиіс. Қазір сырттағы температура 16 градус.

- Әлеуметтік объектілердің жағдайы қандай?

- Білім беру нысандары бойынша - 49-дың 45-і дайын. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан №30 балабақшада, №1 және №24 мектептерде, сондай-ақ,  бұрынғы техникалық гимназия ғимаратында әлі қысыммен тексеру жұмыстары жасалмаған. 21 денсаулық сақтау нысанының 19-ы әзір - №1 емхана мен жұқпалы аурулар ауруханасының ескі ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

- Атырауда иесіз жылу жүйелері қанша?

- Шамамен 30 шақырым. Біз оларға жылу береміз, бірақ сапасына кепілдік бермейміз, өйткені монополияға қарсы заңнамаға сәйкес, бізге тиесілі емес желілерді жөндеу үшін ақша жұмсауға құқығымыз жоқ. Қазір бұл мәселемен қала әкімдігі айналысып жатыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

23 қыркүйек 2018, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.